2-дәріс. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі. Салықтардың нарықтық тепе–теңдікке тигізетін әсері



бет4/8
Дата03.02.2022
өлшемі74,45 Kb.
#130576
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-дәріс

5. Бірлікті икемділігі бар сұраныс – бағаның пайыздық өзгеруі сұраныстың бірдей пайыздық өзгеруімен бірге жүреді, ал икемділік коэффициенті 1-ге тең (12 сурет).



10 сурет. Мүлде 11 сурет. Мүлде 12 сурет. Бірлікті

икемсіз сұраныс икемді сұраныс икемділік

Баға бойынша икемділікке қатысты бірнеше ережелер:

1. Тауардың орнын алмастырушылары неғұрлым көп, соғұрлым оған деген сұраныс икемді, өйткені баға өскен жағдайда оны арзандауымен ауыстыруға болады.

2. Тауар неғұрлым қажетті болса, соғұрлым оған сұраныс икемділігі аздау.

3. Тұтынушының шығындар құрылымында тауардың неғұрлым көп меншікті салмағы болса, соғұрлым оған деген сұраныстың икемділігі жоғары. Мысалы, басқа тамақ өнімдеріне қарағанда (яғни басқалардан қымбат) – ет, шығындар құрылымында үлесі жоғары тамақ өніміне баға өссе де, оған деген сұраныс басқа (салыстырмалы арзан) тамақ өнімдерінің сұранысынан көптеу деңгейде қысқарады.

4. Қолға неғұрлым қиын түсетін тауар болса, соғұрлым сұранысы икемді. Солай, тауарлар тапшылығы жағдайларында, сұраныс икемділігінің көрсеткіштері көптеген тауарлары бар дамыған нарық жағдайларындағыдан аздау.

5. Қажеттіліктерді қанықтыру деңгейі неғұрлым жоғары, оған деген сұраныстың икемділігі соғұрлым төмен.

Егер жанұя мүшелерінің әр қайсысында автомобиль болса, енді бір машина сатып алу тек оған бағаның түсу жағдайында ғана мүмкін.

6. Уақыт өткен сайын сұраныс икемділеу болады. Жаңа тауар пайда болғанда, оған деген сұраныс баға бойынша икемділігі аздау. Арада уақыт өткенде нарық қанығып, субтитут – тауарлар шығып, тауарға көптің қолы жетеді, бірақ баға түскен жағдайда, яғни оған деген сұраныс бағаға байланысты, одан тәуелді болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет