1. Нүктелі икемділік коэффициенті – бастапқы мағыналарына қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да 2 формуланың біреуімен есептеледі:
Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р0 / Q0] немесе Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р1 / Q1],
мұнда Р0 және Р1 – өнімнің базистік және есепті нүктелеріндегі бағасы.
Q0 және Q1 – базистік және есепті нүктелердегі сұралатын өнімнің саны.
2. Доға тәрізді икемділік коэффициенті – орташа мағыналарға қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да мына формула бойынша есептеледі:
Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [[(P0 + P1) / 2] / [(Q0 + Q1) / 2]] = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р / Q]
Сұраныс икемділігінің келесі түрлерін айырады:
1. Сұраныс баға бойынша икемді деп саналады, егер бағаның аз пайыздық өзгеруі сұраныстың көп пайыздық өзгеруіне әкелсе. Икемділік коэффициенті бұл жағдайда 1-ден көп. Осындай сұраныстың қисық сызығы 8 суретте көрсетілген.
2. Сұраныс баға бойынша икемді емес (икемсіз) деп саналады, егер бағаның көп пайыздық өзгеруі сұраныстың аз пайыздық өзгеруіне әкелсе, ал икемділік коэффициенті 1-ден аз (9 сурет). Ол сұраныс шамасы ұсыныс шамасымен қатал шектелген жағдайларда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |