2 дәріс Тақырыбы: Адам өміріндегі эмоцияның рөлі. Қарастырылатын сұрақтар



бет3/8
Дата26.04.2022
өлшемі38,38 Kb.
#140879
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 д ріс Та ырыбы Адам міріндегі эмоцияны р лі. арастырылатын

Эмоцияның түрлері.
Эмоция күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Эмоция адамның сыртқы келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын көрініп түрады. Енді қарапайым эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек көру т.б. Мысалы: қуаныш үстінде адам өте жомарт, мырза болса, ал ашу үстінде кісі қатал болып сараңдығы үстауы мүмкін. Мысалы: бала қуанғаннан секіреді, шапалақ ұрады, жер тепкілейді, қатты күледі. Мұндайда дауыс түрліше құбылып, ұлғайып, бәсеңдеп, қатайып, жұмсарып отырыады. Бетпен бастағы тамырлар қанға толып, адам қызарып көзіне жас пайда болады.
Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бет -әлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның көзімен аузы ашылып, қасы көтеріледі. Адам бір дегеннен не істерін білмей тұрып қалады. Мықтап үрейлене қашып кетеді немесе қорғау әрекетіне көшеді. Қатты қорқан кезде адамның жүрегі қозғалғандай болып қалады. Жүрегі қатты соғып денесін тер басып, шашы үрпиіп көтеріледі, беттің бұлшық еттері тартылып, дем алуы өзгереді. Даусы қарлығып кейде шықпай қалады.
Ашулану. Мұндайда адам қысылады, көзі жалт-жұлт етіп, дем алысы жиілейді. Адамның танауы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек көретін затына тап беруге дайын тұрады. Еркін, қатты қысып, тісін тістеп, касын керіп, қабағынан қар жауғандай болады. Ашулану барлық адамдарда бірдей болмайды. Оның күшті және әлсіз болуы мінезіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Ашу қысып әсіресе оның, соңғы қуаттырақ кезеңі болғанда адам өз мінез-құлқын бақылауды жоғалтып алады. Бұны кезінде Рим ақыны Гораций айтқандай: «қызба ашу өте шығатын ақылсыздық». Ашуды бастапқыда тоқтату керек,сол себепті ашулы күйге келгенін сезінген адам өзін-өзі: өзін ақылмен алып жүру, өз сезіміне ие болу, жүгенсіз эмоцияға берілмеу деген сияқты бұйрық беруі тиіс. Біздіңше бұның басқа жолын, «Гуливердің басынан кешкендері атты кітаптың» авторы Джонатон Свифтің пікірін басшылыққа алу тиімдірек сияқты: «Ашуға берілу көбінесе басқаның кінәсі үшін өзіңді-өзің жазалаумен бірдей». Өте дәл айтылған!
Табалау ыза мен қуаныштың қосынды түрі. Бұл біреуді мұқату, әшкерелеу. Ол адамға жаман сезім туғызады. Оны ызаландырып мұқатумен бірге ырза бір, кекесінмен күліп келемеждейді.
Қызғаншақтық та жағымсыз эмоциялардың бір түрі. Кейде, адамдар туралы: қызғаншақ екен, басқаның жолы болып, бақытқа ие болғанда, ол қатты күйзеледі деді. Бұндай күйзеліс жағдайында Монтеськенің ескертуі орынды: «қызғаншақ өзіне-өзі жау, өйткені ол өзі тудырған жауыздықтан сорлайды». Кім өзін-өзі қызғаншақпын деп ойлайды ғой дейсіз.Айқын түрде білінбесе де қызғаншақтық кең тараған. Мысалы: сәңге ден қойған адам менде анау, не мынау жоқ, немесе өз ойынша өзінен қабілеттсіз әрі абыройы төмен адам ана не мына қызметте отыр деген күйзеліске ұшырайды.Соншалықты ыңғайсыз сезім. Бұл тек қызғаншақтық және еліктеуге ұмтылыс екенін біліп жеке басының ерекшелігін жоғалтқанын сезіне отырып ыңғайсыз эмоциядан арылуға болады.
Күрделі эмоциялар. Аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, көніл күй жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылзса да бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамның бүкіл психологиялық кейпін бұзып, ерік күшін әлсіреу жағдайда өтеді. (Мысалы: зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығу т.б.). Аффект кезінде адамның есі шығып кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффект адамдардың жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік жігері күшті адам, мұндай ұшқалақты лепірмелікке бармайды. Дені сау адамның аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан ауру адамның аффектісінен (патологиялық аффект) ажырату қажет. Мұндай аффектер ми қабығымен қабық асты орталықтарының байланыс бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушімен рөлі кемігендіктен болады
Стресс. Бұл ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді. Стресс ұғымын канада ғалымы Гансон Селье (1936) өмірге енгізген. Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болды. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Кісі үдайы қиналатын болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды.
Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бөлген:

  1. Организмнің мазасыздануы.

  2. Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу.

  3. Адам сыртан келетін нәрсеге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің жүмысына да, дене күшіне де нүқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысының үнемі қадағалап реттеп отыру қажет.Стресс кезіде зейінді аудару қиынға соғып, яғни қабылдау, ес, ойлау қажеттіліктері болады. өте күшті тітіркендіргіштер (Мысалы: қарулы қылмыскердің шабуыл жасауы, ситуация бойынша шешімді тез, дұрыс қабылдауда қателіктер жіберіп, адамның пульсі қатты соғып, қанға адреналинің жүмысы төмендеп, адам дұрыс шешім қабылдай алмайды. Стресс адамның өмірі үшін қауіпті, бірақ та ол адамға қажетті. Стресс арқылы түлғаның үлкен ситуацияларға бейімделу мүмкіндігі пайда болады.

Фрустрация. (латын сөзі - жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни, тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы фрустрация туғызады.
Тілек мақсаттың жүзеге аспауының бәрі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Адам қанағаттанбау, реніш сезімін жиі бастан кешіреді. Мысалы: сабақтан кешігу, автобусқа үлгермеу, таңғы асты ішіп үлгермеу т.б бұлардың бәрі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Фрустрация қанағаттанбаушылық дәрежесі адамның төзімін тауысарлықтай болған жағдайда көрініс береді. Фустрацияға көбінесе эмоцияға берілген, қызба, өмір тартысында шынықпаған сәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар үшырайды.
Құмарлық. Бұл күшті қажырлы эмоция. Құмарлық туралы Вольтер былай айтқан: «Құмарлық - кеме желкен кернейтін жел, ол кейде кемені суға батырады, бірақ онсыз кеме жүзе алмас еді».
Құмарлықтың жагымды және жагымсыз түрі болады. Жағымды түріне білім алуға, өнерді үйренуге, спортқа т.б. құмарлық, ал жағымсыз түріне: малға, ақшаға, атаққа байлыққа және құмар ойындарға, нашақорлыққа, ішімдікке құмарлықтар жатады. Егер, адам өзін-өзі билей алатын күш-қуат тауып, жағымсыз құмарлықтарын қоймаса, оның денсаулығы нашарлап, тіпті өлімге жеткізуі мүмкін. Құмарлықты сана-сезімен басқарудың рөлін француз философы әрі ағартушысы Ж.Ж.Руссо айрықша бағалайды. Оның пікірінше: «басқара білгенде барлық құмарлық жақсы, ал оған бағынышты болғанда барлығы да жаман.»
Құмарлық туралы Флаубер былаша тұжырымдайды: «Құмарлыққа қарсы айтудың не қажеті бар? Ол ерліктің, поэзияның, музыканың, өнердің, қысқасы барлығының қайнар көзі емес пе? Ал құмарлық туралы біршама сөз, бірақ барынша әділ айтқан Анатоль Фронс болды. «Құмарлық - тыныштықтың жауы, бірақ онсыз тіршілікте, не өнер, не ғылым болмаған еді.
Әрине құмарлықта сана-сезімнің белгілібір бақылауында болуы тиіс. Әйтпесе, мағынасыз бір нәрсеге құмарлық сәтінде әрект ету - дауыл кезінде теңізге жүзу дегендей,төтенше ескерту дұрыс болып шыға келеді. Бұл жерде тежелмеген құмарлық жөнінде айтылып отыр.
Көңіл күй. Кейіпіне қарап адамды шат, жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын, не көңіліне кірбің кірген, ызалы, түсі суық деп ажыратылыды. Адамның көніліне айнала қоршаған дұние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көніліде көтеріңкі болады. Көнілге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелердің ерекшеліктері де әсер етеді. Мысалы: Адамның көптен ойлап жүрген ісі оңға басса немесе бір нәрсеге қолы жетсе (диплом алу, диссертация қорғау т.б) шат-шадыман күйге түседі. Керісінше ол ылғы сәтсіздікке ұшырай берсе, өздеген мақсатына жете алмаса, жанына қояр жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтанда «көңілсізден күлкі шықпас, адам көнілден азады»-, деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік жігері, күшті рухани өміріміздің мазмұны адамдар, тіпті ауыр жағдайда көнілді жүреді. Оптимстік жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау, ерік-жігері күшті, қажырлы адамның басты қасиеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет