2. Дәріс тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпелілердің мәдениеті мен өнері



бет3/3
Дата02.03.2022
өлшемі30,48 Kb.
#134029
1   2   3
Байланысты:
2 daris madeniettanu (2)

Номадизм - [грек, nomades - көшпенді] - өндіріс процестерінің қарқынды интернационализациясы кезеңінде (ұлттық шекаралардың шайылуы, капиталдың жөнсіз "құйылуымен" және диаспоралар белсенділігімен ерекшеленетін) аса танымал болған қоғамтанудағы ұғым. XX ғ. 70-ші жж. Э.Тоффлердің еңбектерінде көрініп, 1990-шы жж. Ж.АтталиМ. МаффезолиР. Брайдотти және т.б. еңбектерінде жетілдірілген. Ерекше пұрсатты халықтың шағын топтарының және ондай ерекшеліктерден жұрдайлардың арасындағы терең айырмашылықтардың жүргізілуі жағдайында "номадизм" ұғымын түсіндіру өндірістік факторлар арқылы жүзеге асырылады 
«Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Ерте заманда еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта жайылымдық мал шаруашылығын жетілдіру негізінде қалыптасты. Еуразиялық ұлы даланың ежелгі көшпелілеріне сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т.б. жатса, түркі-моңғолдық кезеңде бұл мәдени тип әлемдік үдерістерге өзінің терең әсерін тигізеді… Көшпелі мал шаруашылығы жүйесі шыңдалған тұрмыстық ерекшеліктері бар, ретке келтірілген және едәуір дамытылған шаруашылық типін білдірді. Еуразия даласын мекендеген көшпелі халықтардың негізгі өндірістік құралына айналған мал шаруашылығы тамақ өнімдерін беріп қана қоймай, айырбас үшін де пайдаланылды. Көшпелілік көшпелілердің мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, күнделікті тұтынатын тұрмыстық заттар мен құралдардан бастап моральдық-этикалық таным-түсініктеріне дейін шыңдаумен болды… Қазақ мәденнетінің негізгі архетипі саналатын Көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі — ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Еуразиядағы нарықтық коғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет аткарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар аса құнды болып ееептелінді. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау болды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арканың теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген. Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптаскан дәстүр бойынша маусымдык жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен мал қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Қатал даланың табиғатын танып түсіну, оның ішкі заңдылыктарын терең білу, болжай білу — мұның бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді. «Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы, социолог А. Дж. Тойнби (1889-1975), — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді калыптастырады.» Малшылык егіншіліктен көрі күрделілеу, өйткені дихан табиғат өнімдерін тікелей тұтынса, көшпелілерде мал табиғи өсімдіктерді өңдейтін механизм тәрізді. Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылык, жоғары интуициялық кабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікпен үйлесімді дамыған мәдениет адам мен табиғаттың арасында нәзік үндестікті білдіретін дәнекер кызметін атқарды. Көшпелі коғамның тіршілік етуінің көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болуы олардың дүниетанымына шешуші әсер етті. Көшпелілер мәдениетінің ажырамас бөлігі — «әлем» және «адам» түсініктеріне негізделіп дамыған дүниетаным жүйесі болды. Табиғатты игеру және адамдардың практикалық іс-әрекетін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, әпсаналар, қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі көшпелілер дүние танымынын негізі — көк аспан , шексіз әлем болса, сол көк аспан мен шексіз әлемнің кұдіретті жаратушысы-көктегі Күн. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, Жер-ана барлығы жинала келе көшпелілердің материалдық игілігін, дүниетанымын қалыптастырып, төл мәдениетін жасады. Уакыт пен кеңістікті игеру аркылы Көшпелілікке тән әрі тұрмыска қажетті алғашкы астрономиялық ғарыштық талғам-түсініктер орнықты. Көшпелі өмір салты жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкеліп, жас адамның ел-жұртқа жағымды моральдық-психологиялық нормаларын белгіледі. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, киыншылыкка төзімді, күбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай көтеретін дала перзенттері, жан-жүйесі жагынан да шыңдалған, қоғаммен үйлесімдігі, қауыммеи етене жакын жан-жакты жетілген адамдар калыптасты. Дала көшпелілерінің акынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің аркасы еді. Көшпелілердің сан ғасырларға созылған тарихи-әлеуметтік дамуы барысында материалдық және рухани игіліктер жинакталып, көшпенділердің болмыс-бітімінің, рухани өрісінің кеңдігін, өмірлік арман-тілектері мен дүниеге талғам-түсініктерін ашып бейнеледі. Ғылыми негізделген дәйектер көшпенділіктің адамзат тарихында елеулі рөл атқарғандығын дәледейді. Қазіргі уақытта көшпеліліктің отырыкшы өркениет елдерінің шаруашылығынан, мемлекеттік атрибуттары мен қоғамдық билік жүйесінен, мәдени бітімінен ешбір кем емес екендігі дәлелденіп отыр.
Сақтар б.з.б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар.Сақ заманында Еуразияның көшпелі тайпаларында мал өсіруге негізделген экономикалық базистің қалыптасмуы Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан, Еділ-Жайық, Қара теңіз жағасындағы қыруар ру-ұлыстар арасында айырбасты,, мәдениеттегі ұқсастықты қамтамасыз етті. Сондай-ақ тұрмыс-салт, тұрғын үйдегі ұқсастықты скиф-сақтардың үй-мекендері дәлелдей түседі. Геродоттың жазбаларында: сақтардың тақыр даланы мекендейтіні, ағаштың сөлін ішетіні, қысы-жазы өздерімен бірге жүруге ыңғайлы. Төрт, алты доңғалақты арба үстіне қондырылған көшпелі үйде тұрған. Оңтүстікте сабан кірпіш, солтүстікте бөренеден салынған үйлері де болған. Археология деректері көрсеткендей, сақтардың төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған үйлері қазақ киіз үйінің бастапқы бастамасы еді.
Сақтар о дүниеде өмірдің жалғасы бар деп ұққан. Сондықтан да олар өлген адамды жерлеген кезде, онымен бірге тірі кезіндегі қызметші-күтушілері, ат, қару-жарақ, азық-түлік -бәрі қажет болады деп есептеп бірге көметін болған. Ер адам болса қару-жарақтары, әйел болсак әшекей бұйымдарын бірге көмген. Скиф-сақтардың мұндай дәстүрлі жерлеу салтын Алтайдағы Пазырық обасы, Жетісудағы Бесшатыр, Есік обаларының қазынды заттары дәлеледеп отыр. Қазақстан археологтары 1969 жылы ғылымда таңғажайып жаңалық ашты. Алматы облысындағы Есік қаласына таяу жерде көне сақ қорғанында археологиялық қазба жұмыстарын ждүргізу барысында сақ бекзадасының қабірі табылды. Онда жерленген адам «Алтын адам» деген атқа ие болды.Онда 4 мыңға жуық алтын пластинкалар мен ілгектер болды. Есік қорғаны б.д.д. ҮІ-ІҮ ғасырларда салынған.
ХХ ғасырдың 90 жылдары Атырау облысының Жылыой ауданынан Есік адамына ұқсас сақ заманының ескерткіші табылды. Бұл қорғаннан қазып алынған жауынгердің қару-жарақтары мен сауыты түгелге жуық алтын бөлшектерден тұрады.
Археолог- ғалымдардың пікірі бойынша, Қазақстан жеріндегі Шілікті, Бесшатыр, Есік, Берел, Боралдай сияқты қорымдар сақтардың патшалары, көсемдері, атақты батырлары мен ақсүйектері жерленген қасиетті орындар.
Сақтардың мәдениетіндегі «Аң стилі» б.з.б. 7 ғасырдан бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу – аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы – аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. «Аң стилі» өнері негізгі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы ежелгі аңыздардан сақталған түсініктермен байланысты екендігін аңғартады. Әрбір ру, тайпа өзінің шыққан тегін әр түрлі аңдармен байланыстырған және оларды өздерінің қасиетті тұмары деп санаған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет