2 дәріс тақырыбы: Психологияның оқыту пәні ретіндегі мазмұны


Түсіндіру, меңгеру және бақылау міндеттерін шешуге оқу уақытын бөліп, реттеу



бет4/7
Дата06.02.2022
өлшемі36,75 Kb.
#80085
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 дәріс ПСИХОЛОГИЯ

Түсіндіру, меңгеру және бақылау міндеттерін шешуге оқу уақытын бөліп, реттеу. Диагностика (грек. «диа» - мөлдір, таза және «гносис» - ілім) – оқылатын нысан немесе үдеріс туралы алдын-ала ақпаратты алудың жалпы тәсілі.
Соңғы жылдары жоғары мектеп тәжірибесінде диагностикаға педагогтардың оқыту, тәрбиелеу және білім беру нәтижелерін өлшейтін арнайы қызметінің жүйесі ретінде қарауға көп көңіл бөлуде.
Оқыту нәтижелерінің диагностикасы – білім алушылардың жүйелі түрде меңгерген білім, іскерліктері мен дағдыларын анықтау, талдау және бағалау. Оқытудың нәтижелілік – бұл диагностикалау кезінде көздеген мақсаттың жүзеге асу деңгейін көрсету дегенді білдіреді.
Бақылау – білім алушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін көрсететін білімін, іскерлігін бағалау, өлшеу, анықтау.
Білім алушылардың білім, іскерліктерін бақылау, бағалау әрқашан оқыту үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Диагностика жеке бағытталған сипатқа ие болады, яғни, нақтылы білім алушының оқу жетістіктері басқа білім алушының емес, белгілі бір уақыт аралығындағы өзінің жетістіктерімен ғана салыстырылып, талдалуы болып отырады. Әр адам өзіне тән тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерімен, ойлаудың белгілі бір деңгейінде болатыны, өзіне тән ес, есте сақтау қабілеттерімен ерекшеленетіні аян. Диагностика мен бақылау оқытушылық, дамытушылық сипатта болу керектігін ұмытпау керек, сонымен қоса өзін-өзі бақылаумен қосылып, ең бірінші білім алушының өзіне қажетті, пайдалы болуы тиіс.
Диагностика мен бақылау обьективтілік, жүйелілік, көрнекілік принциптеріне сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет