2. ДӘріс тезистері


Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары



бет20/24
Дата19.05.2022
өлшемі123,79 Kb.
#144106
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Дәріс тезистері (2)

Осы дәріс бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Әртүрлі спорт түрлерінің биохимиялықсипаттамасы.

  2. Анаэробты шарттарда бұлшық ет жұмысының энергетикалық қамтамасыздануы.

  3. АТФ анаэробты ресинтезініңқамтамасыздануы.

  4. Спортшы жаттыққандығының биохимиялық көрсеткіштерін атаңдар.

  5. Адам ағзасындағы үрдістерге орта таулы және жоғары таулы жерлердіңәсері.

2

13



Тақырыбы:Дене жаттығуларымен және спортпен шүғылдану кезіндегі тамақтанудың биохимиялық негіздері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Спортшының энергиялықшығындары.

  2. Спортшы тамақтануының жалпынегіздері.

  3. Спортшылардың ақуыздарды, көмірсуларды, майларды, дәрумендерді және минералдарды пайдалануының биохимиялықнегізделуі.

  4. Спорт түріне байланысты спортшылардың ас ішуерекшеліктері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазіргі кезде диетологтар спортшыларға жеке рациондар жасаумен айналысуда. Олар физикалық жүктемелер кезінде болатын физиологиялық және биохимиялық үрдістерді зерттеу мәліметтеріне негізделген. Энергиялық шығындар спорт түріне және жүктемелердің шамасына байланысты. Сонымен қатар, спортшының салмақтық категориясы еске алынады, сондықтан энергия шығындарының есептелуі, спортшының жеке-дара ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі.
Энергия шығындарының шамасына байланысты негізгі спорт түрлерін 5 топқа бөлуге болады:

    • шамалы дене жүктемесі бар спорт түрлері (шахматтар жәнешашкілер);

    • қысқа мерзімді дене жүктемесі бар спорт түрлері (акробатика, гимнастика, ату, семсерлеу, ат спорты, 300 м дейінгі қашықтыққа жүгіру, ауыр атлетика);

    • тұрақты және қарқынды дене жүктемесі бар спорт түрлері (400- 3000 м-ге жүгіру, жүзу, көп сатылыжарыс);

    • ұзақ дене жүктемесі бар спорт түрлері (альпинизм, 1000 м-ге жүгіру, марафон, веложарыстар, шаңғы, спорттықжүру);

    • жаттығу және жарыс кезінде кернеулі режимді спорт түрлері (спорт ойындары,жекпе-жек).

Кернеулі жаттығу кезінде спортшыларда жүйке жүйесі әлсірейді, бұл кезде арнайы қалыптасу режимі сақталмаса ағза тез арада стресс жағдайына кіреді. Бұл, өз алдына, ас қорыту жүйесінің бұзылуына, ішек- мал жолдарының ауруларына, тахикардияға және басқа жүрек-тамыр жүйелерінің аруларынаәкеледі.
Спортшылардың энергия шығындауының түрлілігі спорт түріне ғана емес, сондай-ақ, атқарылатын жұмыстың көлемі мен сипатына байланысты. Энергия шығындары бір спорт түрі үшін үлкен аралықтарда ауытқуы мүмкін, ол жарыстарға дайындалудың кезеңіне немесе жарыста жүктеме деңгейіне байланысты. Спортшының рацонын құру кезінде энергия шығыны оның өз салмағына да байланысты екенін еске алады.
Әрбір спортшы үшін дұрыс рационды құру күрделі және қажетті мәселе болып саналады, оны шешу кезінде жыныс, жас, оқу-жаттығу үрдісінің кезеңі, нақты спорт түрі сияқты аспектілерді ескеру керек.
Спортшының рационы төмендегі принциптердің қатаң сақталуымен құрылуы керек:

  1. Рацион тағамнан келетін энергетикалық заттар физикалық жүктеме кезінде шығындалатын энергияға сәйкес болатындай құрылуыкерек;

  2. Тағамдарды таңдау кезінде спорттық әрекеттің құрамына назар аудару керек (белсенді жаттығулар, жарысқа дайындалу кезеңі, жарыстар, қалыптасукезеңі);

  3. Тағам белгіленген спорт түрінің ерекшеліктері мен жүктемелердің қарқындылығын ескеретіндей балансты болуыкерек;

  4. Рационды құру кезінде спортшының жеке-дара ерекшеліктері ескерілуі керек: оның жынысы, жасы, физиологиялық, метабилизм сипаттамасы, ішек-мал жолдарының және басқа мүшелердің жағдайы, тағамдағыталғамы.

  5. Тағамдық заттарды спортшының маңызды мүшелерінің жұмысын жақсартатындай пайдаланукерек.

  6. Жылдамдықтың жоғарылауын, бұлшық ет массасын ұлғайтуын және күштің ұлғаюын қамтамасыз ететін өнімдерді пайдаланукерек.

  7. Салмақты азайту кезінде, спортшының белгіленген салмақ категориясына өту кезінде ағзаға ақуыздарды, майларды, көмірсуларды, витаминдерді, минералдарды рационалды берукерек.

  8. Ас ішу жаттығу мен жарыс режиміне сәйкес болукерек.

Тіпті аз қарқынды спорттық әрекет кезінде сұйықтықтың қандай да бір бөлігі шығындалады. Егер жүктемелер ұзақ болса, сұйықтықтың шығыны спортшының өзіндік жағдайының тез нашарлауына әкелуі мүмкін. Бұны болдырмау үшін спортшының рационына әртүрлі минералданған және витаминденген сусындарды қосады, онымен ағзаның су жетіспеушілігін уақытылы толықтырукерек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет