Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінгенарнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады.
Арнайы мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға кірістірілген балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан.