«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Батыр Баян» дастанының идеясы
А) Абылайдың ел билеу ісі.
В) Ерлерді дәріптеу.
С) Көшенің сұлу табиғаты.
D) Тарихи оқиғаны айту тартыс.
Е) Туыстар арасындағы. [1]
2. «Ежелден Абылайда екі сөз жоқ». Ханға тән қасиет.
А) Ақылдылығы
В) Батырлығы
С) Ер жүректігі
D) Көрегендігі
Е) Тапқырлық [1]
3.«Көксерек» әңгімесіндегі Көксерекке тән емес нұсқа
A) Бітіспес өшпенділік.
B) Қараадырдағы мазасыздық.
C) Қойшылар тағдыры.
D) Тұтқын Көксерек.
E) Ұяластарымен табысу. [1]
4.«Енді алақан еш уақытта ажырамастай шарт етіп қабысты.Қолы темірдей қатты екен»
Берілген жолдар кім туралы айтылған?
А) Әміре
В) Ертай
С) Иманбек
D) Ысқан
Е) Шаншатай [1
5. «Көксерек» әңгімесіне тән емес кілт сөздер
А) Адам, жаугершілік
В) Мінез, салт-дәстүр
С) Табиғат, достық,
D) Тағдыр, ашаршылық
E) Өмір, ұлттар достығы [1]
6. Батыр Баянның кім екендігі жайында ұғымыңызды ұсыныңыз. Ойыңызды дәлелдеу үшін поэма мазмұнынан үзінді жазыңыз. (5-6 сөйлем). [2]
7. Көксеректің қасқырға тән қасиетін неден көруге болады ? Қасқырға тән деп
қандай қасиеттерді айта алар едің? Өз ойыңызды 3 сөйлеммен білдіріңіз. [2]
8. «Тәмпіш қара» повесіндегі балалар өмірін бүгінгі балалар өмірімен салыстырып, шығармадан нақты дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасыңды 3 сөйлеммен білдіріңіз. [2]
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9. Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да,- деп ашынған ақынның ішкі монологындағы көркемдегіш тәсілдердің қолданысын
түсіндіріңіз (3-4 сөйлем). [2]
10. «Жау тылындағы бала» әңгімесіндегі ұлттық құндылықтар көрінісін түсіндіріңіздер.Шығармадан дәлелдер келтіре отырып эссе жазыңыз. [5]
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |