225. Емшекпен емізудің алгоритмі
+А) 4-3-4
В) 4-3-5
С) 4-4-3
Д) 4-4-4
Е) 4-3-2
226. Ауылдық фельдшерлік пунктке 4 айлық қыз баланы анасы алып келді. Үйде үш күн өздігінше ем қабылдаған, нәтиже болмаған.
Педиатр қандай жағдайды тез арада ауруханаға жолдама беруі керек?
А) 1 жасқа дейінгі балалардың кез келгені
В) Қауіп белгілері байқалмаса
С) Өте ауыр аурулармен ауырмаса
+Д)ауыр ауру, амбулаторлы емдеу мүмкін болмаса
Е) Амбулаторлы ем алып, нәтиже бермесе
227. Аймақтық педиатр дәрігері 3 айлық қыз баланы бөлмесінде қарау кезінде , баланың көзі кіртиген, мазасыз, ерні кезерген, ауыз қуысы құрғақ.
Диареяның басты клиникалық көріністерін атаңыз.
А)қозу болмайды
В)терісі тез жазылады
С)температура жоғарылайды
Д) сусыздану болмайды
+Е)құсу, іштің өтуі
228. АСБ (Пор) бөлмесіне екі айлық қыз баланы анасы алып келді. Аймақтық педиатр баланы тексергенде көзі кіртиген, тері қатпарының жазылуы баяу, іші өткеніне он бес күн болған, үлкен дәретінде паталогиялық қоспа мен қан бары анықталды.
Педиатр диареяны ВОЗ бағдарламасы бойынша қалай жіктеді?
А) жеңіл, орташа, ауырлық түрі
В)сусыздану жоқ, шамалы ауыр сусыздану
С) эксикоз, токсикоз,улануы бойынша
+Д) сусыздану, ағымы, дизентерия ауырлығы
Е)дизентерия ағымы,ауырлығы сусыздануы бойынша
229. 8 айлық ұл бала, диареяның 5 ші күні балалар емханасына анасы алып келді,қарау кезінде ашушаң, мазасыз, көзі кіртейген, суды қалыпты ішеді, тері қатпары тез жазылады.
Педиатр қандай жоспар бойынша емдейді?
А) А жоспары бойынша үйде, әр бір сұйық нәжістен кейін регидрон 50 – 100 мл
В)А жоспары бойынша үйде, әр бір сұйық нәжістен кейін 100-200 мл
+С) Б жоспары бойынша ПОР-да кг х 75мл жайлап қасықпен, аздап 4 сағат бойы
Д) А жоспары бойынша кг х75 мл кесемен аздап ішуге 4 сағат бойы
Е)А жоспары бойынша әр бір сұйық нәжістен кейін 100-200 мл регидрон ішуге
230. Қабылдау бөліміне үш айлық қыз баланы анасымен бірге жедел жәрдем көлігімен алып келді. Реанимация бөлімінің меңгерушісі баланы қарап тексеріп, ВОЗ бағдарламасының жіктеуіне сәйкес ауыр пневманаия диагнозын қойды .
Педиатр дәрігері ауыр пневмония белгілерін неге сүйеніп қойды?
А) Жиі дем алу,сырылдың есітілуі,жалпы әлсіздік
+В)Жиі дем алу немесе тыныштықта стридор
С) Кез келген қауіп белгілері байқалмаса,дем алуы қиындаса
Д) Кез келген қауіп белгілері, жиі дем алу немесе кеуде бұлшықеті кірігуі
Е) Қауіп белгілер немесе кеуде бұлшықеті кірігуі, стридор
231. Қандай үш жағдайда сәби шетінеуі мүмкін?
А) Тамақтану бұзылысы, гипогликемия, инфекция
+В) Гипогликемия, гипотермия, инфекция
С)Тамақтану бұзылысы, ауыз ойылуы, гипотермия
Д) Диарея ОРЗ, қызба
Е)Қызба, ОРЗ, ауыз ойылуы
232. Ауруханада науқастарды ВОЗ бағдарламасы бойынша қалай бағалайды?
А) Науқастың жағдайын жедел бағалау
+В)Ауруханаға түскен кезіндегі жағдайын бағалау
С)Жедел госпитализация жасау
Д) Жасына байланысты сұрыптау
Е)Ем жоспарын таңдап алу
233. Ауруханаға түскенде науқастарды сұрыптау не үшін жүргізіледі?
+А) Жедел ауруларды анықтау үшін
В)Емдеу тактикасын анықтау үшін
С) Салыстырмалы диагнозды қою үшін
Д) Нақты диагнозды қою үшін
Е) Қандай бөлімге жатқызу үшін
234. Кезек күттірмайтін белгілерді атаңыз
А) Асфиксия, орталық цианоз
В) Сусыздану, тежелген
С) Жеңіл тыныс жетіспеушілігі, орталық цианоз
+Д) Гипертермиялық синдром
Е)Жеңіл тыныс жетіспеушілігі
235. Бес рет назар аудару белгілеріне жатпайды
А) Екі жасқа дейін
В) Тыныс алу бұзылысы
С) Температура, тері жамылғыларының бозаруы
Д) Жарақат, улану, күю
+Е) Жедел хирургиялық жағдай
. Перзентхананың босану бөлмесінде бойы 52см салмағы 3200гр Апгар шкаласы бойынша 6-8 балл қыз баланы алғашқы туыттан ана босанды. Қарау кезінде дауысы әлсіз, жүрек соғысы бір минутта 90 рет қол аяқтары көкшіл.
Осы балаға педиатр асфиксия кезінде тез арада қандай шаралар жасайды?.
А) Оттегін бермеу
В)Көк тамырға тамыр тарылтатын дәрілер жіберу
С) Тыныс аналгетикті енгізбеу
+Д) Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру
Е)Көп мөлшерде сұйықтық беру
236. Орталық көгерудің көрінісі (цианоз)
А) Тері қатпарының бозаруы
+В) Ауыз үшбұрышының цианозы
С)тіл, ауыздың көгеруі
Д) Аяқтың көгеруі
Е)Құлағының көгеруі
237. Аймақтық дәрігердің қарауына 3 жас 6 айлық ұл баланы әкесі алып келді. Шағымдары: температурасы- 38,5, үлкен дәретінде патологиялық қоспамен қан бар, жалған дәретке шақырады.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А)эшерихиоз
В)сальманеллез
С)тырысқақ
+Д)дизентерия
Е)мононуклеоз
238. Емханаға 13 жасар қыз бала дәрігерге қаралуға келді. Шағымы:эпигастрий аймағының ауруына, тәбетінің төмендеуіне, асқазан қыжылымен, тамақ ішкеннен кейін асқазан маңы ауруы күшейеді. Үлкен дәреті тұрақсыз .
Сіздің болжам диагнозыңыз?
+А)эрозиялы гастрит
В)эозинофилдік гастрит
С)инфекциялық гастрит
Д)лимфоцитарлы гастрит
Е)аутоиммундық гастрит
239. Аурухананың қабылдау бөлмесіне 2,5 айлық қыз баланы анасымен бірге жедел жәрдем көлігі алып келді. Қабылдау бөлмесінің педиатр дәрігері баланы тексергенде ауыз үшбұрышының көгергенін көрді, дем алу жиілігін санады.
Педиатр қандай көрсеткішке қарап 2 айдан 12 айға дейінгі нәрестеге пневмония диагнозын қоя алады?
А) 1 минутта 35 рет
B) 60 және одан жоғары
+C) 50 және одан жоғары
Д) 1 минутта 40 рет
Е) 1 минутта 45 рет
240. Балалар емханасының фильтр бөлмесіне 4,5 жасар ұл баланы анасы кезекті тексерілуге алып келді.Педиатр баланың анасынан сұрастырғанда бала үш күннен бері жөтеледі. Пневмония жоқ.
Педиатр дәрігер ВОЗ жіктелуі бойынша қандай кеңес ұсынды?
А) Ауруханаға жатқызу
В.) Күндізгі бөлімге жіберу
С)Емдеудің қажеті жоқ
+Д) Жөтелін азайтатынды қолдану
Е)5 күннен кейін қайта келу
241. Балалар емханасының он екі айлық қыз баланы анасы педиатрға алып келді. Қарау кезінде баланың көзі кіртиген,тері қатпарының жазылуы баяу, көптен бері іші өтеді. Созылыңқы диарея диагнозы қанша күннен асса қойылады?
А) Диарея 10 күннен асса
В) Диарея 5 күннен асса
С) Диарея 12 күннен асса
Д) Диарея 8 күннен асса
+Е) Диарея 14 күннен асса
242.Қалалық балалар емханасының аймақтық педиатр дәрігері қармағындағы
жүкті әйелдердің денсаулығын бақылауды қандай емдау орнымен бірге бірлесіп жүргізеді?
+А)әйелдер кеңес алу орнымен
В)туберкулезге қарсы диспансерлік орнымен
С)қан орталығымен
Д)стоматология емханасымен
Е)спид-ке қарсы орталықпен
243. Педиатр аймағында жүкті әйел бар екені туралы әйелдер кеңес алу орнынан хабарлама келді.
Балалар емханасының аймақтық педиатр- дәрігері қармағындағы
жүкті әйелге алғашқы патранажды қанша уақытта жасайды?
А)жүктіліктің 1 айлығында
+В)алғашқы мәлімет түскен соң
С)жүктіліктің 31-32 аптасында
Д)жүктіліктің 33-38 аптасында
Е)жүктіліктің 28 апталығында
244. Педиатр аймағында жүкті әйел бар. Дәрігер алғашқы патранажға барды.
Қалалық балалар емханасының аймақтық педиатр - дәрігері қармағыңыздағы
жүкті әйелге 2-ші патранажды қанша уақытта жасайды?
А)жүктіліктің 1 айлығында
В)алғашқы мәлімет түскен соң
+С)жүктіліктің ІІ триместірінде
Д)жүктіліктің 33-38 аптасында
Е)жүктіліктің 28 апталығында
245. Педиатр аймағында жүкті әйел бар. Дәрігер әйелге патранажға барды.
Қалалық балалар емханасының аймақтық педиатр дәрігері қармағындағы
жүкті әйелге 3- ші патранажды қанша уақытта жасайды?
А)жүктіліктің 1 айлығында
В)алғашқы мәлімет түскен соң
+С)жүктіліктің ІІІ триместірінде
Д)жүктіліктің 15-16 аптасында
Е)жүктіліктің24- 28 апталығында
246. Жаңадан жұмысқа тұрған педиатр аймақтағы жаңа туылған нәрестеге барды. Дәрігерігер дені сау туылған баланы қанша айлығында емханаға келу керектігін ескертті?
А)2айлығында
В)2,5 айлағанда
С)15 күнде
Д)1,5 айлығында
+Е)1 айлығында
247. Жаңадан жұмысқа тұрған педиатр емханада бір айлық баланы қабылдады.
Педиатр1 айлық баланы қабылдағанда қандай көрсеткіштерге мән беруі керек?
+А)физикалық, нерв психикалық
В)соматикалық дамуына
С)морфофункционалды дамуына
Д)күн тәртібіне
Е)тамақтануына
248. Жаңадан жұмысқа тұрған педиатр емханада 3айлық баланы қабылдады.
Педиатр қабылдауға келген балаға, аурулардын алдын алу мақсатында , қандай басты кенес береді ?
А) гипогалактияға қарсы күреске
+В) тиімді дұрыс тамақтану
С) шынықтыру
Д) массаж
Е) таза ауаға шығару
249. Емханаға 3 айлық ұл бала қабылдауға келді.Қарау кезінде баланың дені сау.
Қалалық балалар емханасының аймақтық педиатр дәрігері 3 айдан 6 айға дейінгі баланы тамақтандырғанда неге көңіл бөлуі керек?
А)қосымша тамақтандыруға
В)аралас тамқтандыруға
+С)табиғи тамақтандыруға
Д)үстеме тамақтандыруға
Е)жасанды тамақтандыруға
250. ФАП- қа 6 айлық ұл бала қабылдауға келді. Қарау кезінде баланың дені сау.
Ауылдық-отбасылық ауруханының фельдшері 6 айдан 8 айға дейінгі балалардың қандай ауруларға көңіл бөлуі керек?
А)фондық ауруларына
В)респиратордық ауруларға
С)ауа-тамшылы ауруларға
+Д)ішек ауруларына
Е)травматизмге
Достарыңызбен бөлісу: |