ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ
БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасы
№2 ЕСЕПТІК-СЫЗБА ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Токтың жерге ағуы қезінде потециалдың үлестірімі»
Мамандығы: 6B11201 «Өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Тобы: БЖДк-20-1
Орындаған: Сағындық А. Н.
Тексерген: Абжал Д. Қ.
Алматы 2023
Мазмұны
Кіріспе............................................................................................................3
Токтың жерге ағуы кезінде потециалдың үлестірімі.................................4
Жалпы мәліметтер.........................................................................................4
Есептік-сызбалық жұмысқа тапсырмалар және орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.................................................,.................................6
Қорытынды....................................................................................................9
Әдебиеттер тізімі.........................................................................................10
Кіріспе
Қауіпсіздік техникасы — еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі.
Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай- ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.
Электр қауіпсіздігі – электр тогының, электр доғасының, электрлік магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық, ұйымдастырушылық техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.
Электрлік жарақат – электр тогының немесе электр доғасының әсер етуінен болған жарақат.
Кернеу қадамы – бір– бірінің үстінде қадам қашықтығы 80 см болатын, оларда бір мезгілде адам тұрған, ток тізбегінің екі нүкте арасындағы кернеу Жерлендіру – өткізгіш (электрод) немесе жермен түйістірілген бір-бірімен өзара металмен қосылған өткізгіштер (электродтар).
Қорғағыш жерлендіру – жермен немесе оның эквивалентімен кернеуде болуы мүмкін ток алып жүрмейтін металл бөліктерімен әдейі электрлік қосу.
Табиғи жерлендіру – жерлендіру үшін пайдаланылатын (ғимараттардың металл құрастырмалары, темір-бетон құрастырмаларының арматурасы, электр кабельдерінің қорғасын қабығы) өндірістік немесе басқа мақсатқа арналған коммуникациялар, ғимараттар және құрылыстардың электр өткізгіш бөліктерінің жермен жанасып жатуы.
Жасанды жерлендіру – жерлендіру үшін арнайы орындалатын жерлендіргіш (жерге тік қойылған қабырғаларының қалыңдығы 3,5 мм аз емес, диаметрі 25-60 мм бұрышты болат, металл стерженьдер, горизонталь қойылған болат жолақтар).
Бір фазалы жанасу – кернеуде болатын электр қондырғысының бір фазасына жанасу.
Теориялы білімдерді тереңдетіп және ойға бекіту және тәжірбие алу үшін пән бағдарламасымен тәжірбиелік оқулар және зертханалық жұмыстар қарастырылған.
Электр тогымен зақымдану қауіптілігін төмендету үшін әртүрлі қорғану шаралары қолданылады: токтың аз шамалы кернеуі, ток өткізгіштердің жақсы электр изоляциясы болуы, қоршаулар қою, блокировка орнату, сигнал орнату, сигнал беру жабдығы, ток өткізбейтін еден жасау, электр қондырғыларының корпусын ток өтпейтін қылу; ток өтетін бөлшектерді адам тиісе алмайтындай
етіп орнату, электр машиналарын қашықтан басқару, сақтық құралдарын орнату, ескерту плакаттарын пайдалану, қызметшінің мамандық дәрежесі істейтін жұмысына сай болу, қолданылатын электр қондырғыларының түрін дұрыс белгілеп алу, қорғаныш жержалғасын орнату, қорғаныш нөлденуін орындау, қорғаныш ағытылу аспаптарын пайдалану, қорғану құралдарын қолдану тағы басқа шаралар.
Электр қондырғылардың қауіпсіздік техника пәнінің бағдарлама материалдарын оқу қорытындысында студенттер білу керек:
еңбекті қорғаудың жалпы сұрақтарын, негізгі тапсырмаларын, еңбекті қорғау қызметінің ұйымдастырылуын;
электр қауіпсіздік негіздерін, электрлі тоқ қауіптілігін, электрлі қондырғылардағы қорғау құралдарын және қорғау шараларын;
электрлі қондырғыларға қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік техникасы және тағы да басқаларын.
Ол үшін пәннің материалдарын тереңінен танып білу үшін оқу процесіне есептік-сызбалық жұмыстары (ЕСЖ) енгізіліп отыр. ЕСЖ үш жұмыстың тақырыптары келтірілген.
Бірінші жұмыста токтың жерге ағуы кезінде потенциалдың үлестірім мәселелері қарастырылады. Жұмыстың мақсаты-потенциалдардың таралу заңдылықтарын зерттеу, жанасу және қадам кернеуінің негізгі параметрлерін зерттеу, қауіпті аймақтарды анықтауды үйрену.
Екінші жұмыста оқшауланған және жерге тұйықталған нейтралдары бар үшфазалы электрикалық желілердің қауіптілігін талдау бойынша міндеттерді шешу ұсынылады.
Үшінші жұмыс жерге қосу құрылғысын есептеуге арналған. Тапсырмалар бойынша суреттер, сұлбалар, есептеу формулалар,
кестелер, түсіндірмелер, қосымшалар және әдебиеттер тізімі келтірілген.
Есептік-сызбалық жұмыс А4 форматындағы стандартты парақтарда орындалады және мазмұннан, кіріспеден, негізгі бөліктен және қорытындыдан тұруы тиіс. Соңында сілтемелер көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтіріледі.
Есептік-сызбалық жұмыстарды ұқыптылықпен және түсінікті жазумен стандарт бойынша орындалуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |