9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі
Платон (428-347) – объективтік идеализмнің көрнекті өкілі, Сократтың шәкірті. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. П-ның еңбектері: «Мемлекет», «Театет», «Федон» т.б. Сезімнен тұратын шындықты П. нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш ф-ға енгізген де сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея – ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де, екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон. Сөйтіп, ол идеяны алға тартады. Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арымайды, дейді. П. жастарды философиямен айналысуға шақырды. Философ болу үшін таңдана білу керек, - дейді ол.философ дегеніміз шындықты сүю, -дейді Платон. П-ның идеялар әлемі – бұл сатыл түрде ұйымдастырылған жүйе. Оның ең жоғары шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және Жаратушы (демиург) – үлгіге сәйкес көшірменің авторы. П-ның дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. П-ның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары құндылықтарына негізделген шынайы мемелекет қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң П. өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі – Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады.
10. Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі
Аристотель (384-322жж.) – Платонның шәкірті, атақты А.Македонскийдің ұстазы. А.Македонский патша тағына отырғаннан кейін, өзінің ұстазы және досы Аристотельге ескерткіш орнатып былай деп жазыпты: «Бұл ескрткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристотельге қойған Александр». А. де объективтік идеалист, бірақ ол материализм мен идеализм арасында солқылдақтық, енжарлық жасады. Дегенмен А. өмірден идеалист болып өтті. Негізгі еңбектері: «Жан туралы», «Физика», «Категориялар», «Метафизика», т.б. Кезінде өзінің ұстазы Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ А. түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың негізін салып, оның 3заңын ашты. Формальдық логиканың А. ашқан:1) дәлме-дәлдік; 2) қайшылық; 3) үшіншіні жоққа шығару заңдарына қоса, Лейбниц Г.В. (1646-1716) төртінші «жеткілікті негіз заңын ашты. Ғылымдарды классификациялауда А. ең алдымен теориялық ғылымдарға басымдылық береді, оның ішінде барлық ғылымдардың шыңы ретінде ең маңызды орын метафизикаға немесе «бастапқы философияға» беріледі. Бұл жалғандыққа жол бермейтін білімге деген таза құмарлық, ақиқатқа деген құштарлық. Оның мақсаты болмыстың 4себебін зерттеу болып табылады, оның ішіндегі ең маңыздылары – барлық заттарды құрайтын форма (мәнділік, бастапқы субстанция) және материя.
Достарыңызбен бөлісу: |