2. Философияның пәні: адам және дүние мәселесі. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері. Буддизм философиясы


Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау, бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі



бет30/59
Дата17.01.2023
өлшемі482 Kb.
#165750
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
Байланысты:
Шпор Философия 2012

29. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау, бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.
Қазақ ақын – жырауларының дүниетанымы, философиялық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына бірден бір пухани негіз бола алады. Олардың айтқан жыр-толғауларында тарих шындығы, адам, қоғам, табиғат мәлелері негізгі өзекті орын алады. Қазақ ақын –жырауларының шығармалары халық ауыз әдебиетімен, көшпелілердің әдет-ғұрып, салт санасымен тығыз байланысты болып, бар болмысында ойлы философиялық, тарихи сабақтастық принциптері қатар жүріп отырады. Қазақ жырауларының ішінен Шалкиіздің шығармашылығы, философиялық, ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Шалкиіз өз заманының бірінші ақыны болады. Шалкиіз мұрасынан бізге жеткені – 600 жол шамасында. Оның шығармаларының өзіндік ерекшелігі - ондағы философиялық толғаныстардың молдығы. Шалкиіз афоризмі, мақал мәтелге айналып кеткен сөздері өзінің аз сөзге көп мағына сиғызған, айтпақ ойын дәл бере алатын сөздері, іріктеп қолдана білуі оның үлкен талант иесі болғандығын көрсетеді. Қазақ ақын –жырауларының шығармалары, негізінен көшпелілір болмысы, ата қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеуметтік жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамгершілік өмір мәселелеріне байланысты болып келді. Осы тұрғыдан алғанда Шалкиіз шығармашылығында, бір қалыпқа түскен философиялық көзқарас жоқ. Себебі оның шығармалары ұрпаққа толық жетпеуі. Дегенмен қолда бар толғаулардың өзі адам қоғамы, өмір, таиғат жайында терең түсініктер береді. Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе жоқ дейді жырау. Әлем бір тұрмайды, бәрі фәнилік, бәрі өткінші - дейді. Өмір қысқа екен, бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек осы аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек – деп жырау өмір мен өлім мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды. Жырау өмірдің бар қызығы бақыты, қуанышы о дуниеде емес, адамның бар бақыты бұл дүниеде екендігін айтып өтеді. Қазақ ақын-жырауларының шығармалары шындығында да терең мағыналы философиялық ойларға толы. Олардың шығармалары төл рухани мұраларымыздың бай қазынасы болып табылары сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет