2. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы


Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеруі және оның салдарлары



бет16/40
Дата08.02.2022
өлшемі315,54 Kb.
#120892
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
модуль тарих

37.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеруі және оның салдарлары.
Тың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.
Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 миллион гектар тың және тыңайған жер жыртылды. Оның 6,5 миллион гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда болды. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тың жерлерді игеру Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүргізілді.
1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 миллион гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 жылы 9,4 миллион гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн гектар жер жырту көзделген болатын.
Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі көп жайтты аңғартты: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елдімекендері мен жер-су атаулары орысша атала бастады.
1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты.
Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі малшаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Сол кезеңде халық үшін ең ауыр тигені Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды.
Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Тың игерудің қорытындысы – Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет