39.Кеңестік қоғамның идеологиялық дағдарысы. КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді. 1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. КОКП Орталық комитетінің саяси бюросы мен президиумы жасына келген қарт адамдардан құралды. 1982—1985 жылдарда Л. И. Брежнев, М. А. Суслов және У.Черненко қайтыс болды.[М. С. Горбачев экономикалық реформаны жүргізуді бастау үшін жас кадрларды тарта отырып, өз “командасын” жинады. Партия жөне мемлекет басшылығына көптеген жаңа адамдар келді. 1985 жылы 23 сәуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.
40. «Жас тұлпар» ұйымы. Тоқырау кезеңінің идеологиясында орыстандыру саясаты басты бағыттардың бірі болып қалыптасты. Хрущевтік-брежневтік әкімшілік әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан жерде тарихи жаңа қауымдастық – кеңес халқын жасау ниетін көздеді. Коммунистік әкімшіліктің “халықтардың мызғымас достығы”, “ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы жəне бірігуі” туралы тезистері жүзеге асырылып жатты.
1960 жылдардың ішінде Мəскеуде қазақ студенттерінің тұңғыш ұлттық-демократиялық бейресми ұйымы – “Жас тұлпар” құрылды. Басты ұйымдастырушысы – Мұрат Əуезов. Көмекшілері А.Қадыржанов, Б.Тайжанов болды. Мақсаты: бұқараның ұлттық санасын ояту, жоғарғы органдарға ұлт қатынастарына қатысты нақты ұсыныс айту.