2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет226/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

ЖЫРАҚ КҮНШЫҒЫС ЖАЙЫ 
Уфада  болған  мемлекет  кеңесі  одақтас  мемлекеттерімізден  Америка,  Жапония,  Англия, 
Франция,  Италиядан  Владивостокке  келген  әскер  басылар  мен  елшілердің  алдынан 
шығып,  жол  болсын  айтып,  Россияның  саяси  күйін  ұғындыру  үшін  бұрын  Россияның 
Уақытша  Хүкіметінің  бас  министрі  болған  князь  Львов  пен  Голосовты  жіберген  еді. 
Жалпы Россия телеграфына Голосовтың айтқаны: 
«Біз  мемлекет  кеңесі  тапсырған  жұмысымызды  көңілдегідей  орындай  алмадық. 
Орындауға  жырақ  күншығыстың  саяси  күйі  келтірмеді.  Владивостокке  біз  Сібір 
хүкіметінің аға министрі Вологодский келіп жатқанда бардық. Владивостокте хәкімшілік 
жүргізген  бір  емес,  бірнеше  хүкімет  бар  екен.  Олар  Лавров  (Дурбин)  бастаған 
автономиялы  Сібірдің  Уақытша  Хүкіметі;  іс  білгіш,  епті,  кабинетіне  (министрлер) 
Владивостоктың  ескі  шенеуніктері  Кipген  жандарал  Хорваттың  хүкіметі  және 
Вологодскийдің хүкіметі. Бұлардың бірде-біреуін басқа мемлекеттер хүкімет деп танымай 
отыр  екен.  Сонда  да  кейбіреулері,  мысалы,  Хорваттың  іске  епті  кабинеті  бізді  одақтас 
мемлекеттер  хүкімет  деп  таниды  деген  жалған  хабарларды  таратып  отыр  екен.  Дәл  осы 
күйде  Вологодскийдің  омбылық  (күншығыста  Сібірдікі  демей,  омбылық  хүкімет  дейді 
екен)  хүкіметі  де  отыр  екен.  Одақтастардың  өкілдеріне  барып  жолыққанда  кейбіреулері 
жылы  жүзбен  қарамайды.  Жалпы  Россияның  Кіндік  хүкіметін  таныту  туралы  бізден 
бұрын  ешкім  сөз  айтпапты.  Хүкіметтің  көптігі  одақтас  мемлекеттермен  сөйлесуге  аса 
жайсыз болды. Түбінде Россияның шымбайына бататын көрінді. Біз барған кезде тағы бір 
жаңа  хүкімет  шықты.  Владивостокте  Россия  әскері  жасалған  жоқ.  Саяси  күйіміздің 
мұндай  былыққанының  үстіне  күншығыс  Қытай  жолы  туралы  мемлекеттер  арасында 
ашылмаған  мінез  барлығы,  өткен  өкімшіл  күнін  көксеген  күншығыстағы  кейбір 
таптардың  жат  күшіне  сүйеніп,  ескі  тәртіпті  қайта  тірілтпек  болғаны  саяси  күйімізді 
асқындырды.  Уақытша  билеуші  атанған  жандарал  Хорваттың  хүкіметі  Жапонияның 
басымырақ  таптарының  өкілдерімен  сөз  қосып,  іс  қылғаны  да,  қылмақшы  болатыны  да 
анық  көрінеді.  Хорватты  сүйеп,  қолына  ұстаған  орыс  байлары  Россияның  ұлттығына 
қарсы іс қылып отыр». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет