2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет4/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Р.Н. 
 
ЖАЛПЫ СІБІР СИЕЗІ 
(басы 18-ші нөмерде) 
Қазақ,  бурят  һәм  өзге  Россия  мемлекетіндегі  Сібір  һәм  Азияны  жайлаған  жұрттардың 
атынан жер туралы мына пікір айтылды: 
Жері бар, ата қонысы бар жұрттар — қазақ, бурят, якут һәм Алтайдағы неше бөлім аз ата 
бал  асы  түріктер.  Якут  алыста  жатыр.  Алтай  жұрты  тауда  жатыр.  Көп  жер  қазақта, 
бурятта.  Бұлардың  жерінен  ауған  мұжыққа  көп  жер  алынған.  Буряттан  жер  алғанда 
қылғаны  біздің  қазақтың  жерін  алғанда  істеген  ісі.  Қазақ  жерін  қалай  алғаны  біздің 
оқушыларға белгілі. Мұны сиезде айтқанменен, мұнда жазып орын алмаймын. 
Қазақ жүрген жер өлшеніп, түгел планға салынған жоқ. Есеп болмаса, даукес жалғаншы 
күшейеді.  Өлген  переселен  мекемесі  қазақ  жерін  240  миллион  деп  есеп  шығарды.  Бұл 
есептен қазақтың адам басына 44 десятина жер келеді. Бір үйде 5 адам десек, басына 220 
десятина жер келеді. Біздің қазақтан жер алғанда осы ұзын есепке атты айдайтын. 
Бурятты  да  осы  зобалаңға  салатын.  Зорлығын  осыны  айтып  қылатын.  Ақтөбеде, 
Көкшетауда,  Өскеменде,  Алматыда  үй  басы  220  десятина  түгіл,  мұның  оннан  бірі  жоқ 
қазақ аз емес. Бұл неден болған? Жел алған қулардың зорлығынан болған. 
Бостандық,  теңдік,  туысқандық  болғаны  рас  болса,  біз  қазақ,  бурят  енді  бұл  зорлыққа 
көнбейміз.  Біздің  жерге  енді  мұжық  уақытша  өзіміз  жер  еншімізді  алып,  орныққанша 
келмесін. Учредительное собрание жер мәселесін негізгі законмен шешкен соң, алдымен 
қазақ,  бурят,  Алтайдағы  түрік  баласы  жер  енші  алсын.  Адамға,  үйге  тиетін  жер  сыбаға 
шаруаға, жердің топырағына, жергілікті табиғатына байлаулы бол сын. Қай облыста, қай 
жерде  де  жер  сыбағасын  —  норманы  жергілікті  жер  комитеті  кессін.  Қазаққа  жер 
кесілгенде ауылға, болысқа, руға, өздерінің тілегіне қарай табақ бір тартылсын. Орысша 
жер общенаға кесілсін, жерді  бірге  алған ру,  ауыл, болыс өз ішінде өздері  тәртіп жасап, 
әділдікпен  пайдалансын.  Жер  сыбағасы  тұрған  жерден  берілсін.  Ертіс  бойындағы  он 
шақырымдағы  қазақ  Ертістен  жер  алсын.  Атты  казак  бермеймін  дер.  Біз  Ертістен 
кетпейміз,  жер  алмай  қоймаймыз.  Жерді  жолмен,  законмен  аламыз.  Қазақ  һәм  бурят 
сыбата жерін алған соң, қалған жер мемлекет қазынасы аталып, мұның билігі  жергілікті 
жұрт мекемесі қолында болсын. Орысша бұл артық жерді земство билесін. 



 
Орыстың  дворянында,  мұжықтың  жармысында  жер  түпкілікті  өз  қолында.  Бұл  жерді 
бұлар сатса ерікті. Біздің башқұрт та жерін сатуға ерікті болатын. Мұндай жерді орысша 
собственность  дейді.  Қазақта,  бурятта  бұл  болған  емес.  Орыстың  дворянының, 
башқұрттың, Түркістан сартының жер тарихынан көрініп тұр: жерге еңбек сіңірмесе, жер 
қолға ұстаған судай уыстан шығып кетеді. 
Елу  жыл  бұрын  мұжықты  азат  қылғанда  дворян  жері  180  миллион  еді,  осы  күні  43 
миллион-ақ  болып  қалды.  Қалған  137  миллионы  дворян  уысынан  шығып,  жерге  еңбек 
сіңіре  білетін  мұжыққа  кеткен.  Башқұрт  біз  сияқты  жалқау,  бар  сататын  жерінен 
айырылып отыр. Мұны тағы мұжық алған. 
Түркістанда  жер  балалардың  асығындай  ауысады.  Жер  пайдасын  жергілікті  жұрт  көріп 
отырған жоқ, мәдени дәрежесі артық қулар көріп отыр. Жер ұжмағы Түркістан жұртының 
бейшаралығының  бір  себебі  осы.  Ескі  хүкімет  ақылсыз  болып,  біздің  қазақтың  жері 
жұртқа  қалып  тур.  Ескі  хүкімет  есті  болса,  қазақ  жері  өзінікі  дер  еді.  Қазақ  жері  өзінікі 
болып,  сататын  болса,  біздің  жұрт  башқұртша  біраз  жылда  жердің  жақсысын  сатып, 
қайқайып  шыға  берер  еді.  Қудай  сақтап,  біздің  қазақ  бүл  күнге  келді.  Енді  жер  жұрт 
қазынасы  болғаны  өз  пайдасы.  Біз  осы  себептермен  біздің  Республикада  жер  сатылатын 
болмасын дедік. Бұл пікір қалың мұжық партиясының пікірі. 
Жалпы Сібір сиезі біздің жоғарыда айтылған тілегімізді қабыл алды. 
III 
Сібір  автономиясының  негізгі  законын  жазатын  Томскіде  тұратын  комитет  сайланды. 
Бұған  біз  Семей  учредительное  собраниеге  сайлап  отырған  Әлімхан  Ермек  баласын 
сайлап,  қазақ  атынан  қойып  кеттік.  Мұнан  басқа  Сібір  шаруа  мәжілісі,  орысша 
экономический  совет  сайланды.  Шаруа  жолында  қазақ  облыстары  өз  алдына  бір  бөлім 
болатын болды. Лайықты қазақ жігітін таба алмай, бұған біз Әлиханның бір жолдасы Н. 
А.  Зборовский  дегенді  сайладық.  Бұл  жүйрік,  білгіш  жігіт.  Комитет  атасы  Сібір  советі 
сайланды. Мұның ағзалары Томда (Томскі) тұрмайды, сиезіне шақырылады. Бұл советке 
облыстардан  Халел,  Ережеп,  Сатындық,  қазақ  жұртының  атынан  Әлихан,  Мұхаметжан 
сайланды. Бұлар бәрі әр облыстың учредительное собраниеге сайлап отырған депутаты. 
Комитет шығынына ақша керек. Әлімханның ұстауына, закон жазғанда неше түрлі дәлел 
жимақ. Мұны кестелеп, тезге салып, мінеп, кітап қылып  басып,  учредительное собрание 
алдына тартпақ. 
Бұл істің бәрі қазынамен болады. Қазақтан ол комитетке барған ақша: Семей комитетінен 
бір мың сом. Саясат жұмысына ұстайтын ақшаны жалпы жұртқа салық қылып болмайды. 
Жөн  білетін,  саяси  іске  көмек  қылам  деген  азамат  өз  ақшасынан  өзі  бермек.  Торғай, 
Ақмола,  Семей,  Жетісу  қазағы  мұны  құлағыңа  тақ.  Жолға  бірігіп  шығып,  батаны  бірге 
қылып, тым-тырыс жата берсеңдер жолдастардан ұяларсың. 
IV 
Құдайдан  соңғы  күшті  —  тұрмыс  ісі.  Мен  жалпы  Сібір  сиезінің  бұл  есебін  жазғанша 
саясат ісі неше белден көшіп асты. 
Біздің  орыс  Еуропа  соғысынан  шытып  қалды.  Уақытша  Хүкімет  абақтыда.  Найзаның 
ұшымен,  айбалтаның  жүзімен  болған  хүкіметті  Россия  жұрты  хүкімет  демей  тұр. 
Финляндия, Украина, Кавказ, тамам казак жан сауғалап, бұл пәледен аулақ боламыз деп 
бөлініп кетті. 



 
Учредительное  собрание  жақын  арада  болатын  емес.  Россия  мемлекетінің  халы  нашар. 
Соғыстан шықтың, уағданы бұздың деп Англия, Франция, Америка, Жапон, Италия бізге 
соғыс ашса ғажап емес. Бұлай болса, біздің Россия мемлекеті жоғалуға мүмкін. Біз қарап 
отырсақ, қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып, бас қамын қылмасақ, болатын 
емес. 
Есік  алдынан  дауыл,  үй  артынан  жау  келді.  Алаштың  баласы,  ақтабан  шұбырынды, 
алқакөл  сұламадан  200  жылдан  соң,  басыңа  бір  қиын  іс  келді.  Ақсақал  ата,  азамат  іні, 
отбасы араздық дауды қой, бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет