2 ҚҰЛАҚтандыру


ТАТАР-БАШҚҰРД РЕСПУБЛИКАСЫ



Pdf көрінісі
бет102/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

ТАТАР-БАШҚҰРД РЕСПУБЛИКАСЫ 
Тамбовтан  келген  26  марттағы  телеграм  хабарына  қарағанда  бұратана  ісін  билейтін 
комиссариат пен мұсылман комиссариаты Татар-Башқұрд Республикасы туралы кеңесіп, 
мынадай қаулыға келген: 
1. Оңтүстік Орал алабы, Еділ бойы Татар-Башқұрд Республикасы деп аталсын. 
2.  Бұл  республиканың  шегі:  Уфа,  Орынбор,  Қазан  гүбірнелеріндегі  Башқұрттар  отырған 
жерлердің шеттері болсын. Бірақ соңғы екі гүбірненің ішінде шуаш, жиремиштер отырған 
жерлер  Республикаға  кірмесін.  Башқұрдпен  жерлес  отырған  Фирмский,  Уятский, 
Сембирский гүбірнелердегі мұсылмандар жерімен Басшқұрд Республикасына кірсін. Бұл 
республиканың ішіндегі республикалар советтердің құрылтайына тиісті болсын. 
3. Башқұрдстан Республикасының жиылысы һәм шаруа жұмыстары күнбатыспен араласу 
жолы татар-башқұрд советтерінің өз сиездерімен шешілсін. 
4.  Советтер  құрылтайын  шақыратын  комиссияны  жасау  Россияның  орта  жеріндегі 
мұсылмандар  ісін  билейтін  комиссариатқа  тапсырылсын.  Осы  сияқты  жобаларды 
народный комиссариат басқа бұратаналарға да жасап отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет