2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет172/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
Ел хабары 
Шыңғыстай елінен 
Шыңғыстай  елінің  комитетінің  председателі  Ғабдыкерім  ақсақал  Ережеп  баласынан 
обласной қазақ комитетіне 12 апрельде телеграм келді. 
«Нарым  болысының  ішіне  бөлек-бөлек  10-15  кісідей  қытай  мен  дүнгендер  келіп  жатыр. 
Жөн сұрағандарға айтатыны: «апиын, егін егуге келе жатырмыз» деседі» дейді. Жайылып 
жүрген  хабарға  қарағанда  көбі,  жақын  арада  келеді  дейді.  Толық  хабарды  поштамен 
беремін деген. 
 
Алматыдан телеграм 
Апрельдің  26-сында  Алматыдан  мынадай  телеграм  келді:  «Ондағы  абақтыда  жатқан 
азаматтарымыз Сабатаев, Әлжанов, Жайнақов босатылды» деген. 
 
Мұғалім бар ма? 
1 майдан бастап оқытуға  усул тағлымды жақсы  біліп, қазақша тілмен оқытатын мұғалім 
керек. Қай медіреседе оқығаны қажет емес. Көңілі барлар 15 апрельге дейін хабарлассын. 
Адресім: п.о. Михайловское Семип.об. Майкульская волость Рамазану. 
Басқарма: Мұғалім іздеуші айына қанша ақы беретінін, жол шығыны кімнен болатынын 
жазбаған.  Сондықтан  Семейдегі  мұғалім  курсын  бітіріп,  елге  қайтқалы  тұрған  жаңа 
мұғалімдердің барарлық көңілі барлары болса да, ақы жағына сене алмады. Телеграммен 
сөйлесуге көрсеткен адресіңізге телеграм бармайтын болды. 
Курсты сәлдеу бітірген Сәдуақас Тұңғат баласы барғысы келеді. Оның қоятын шарты: 
тамақ онан, жол шығын да онан (байдан), айға ақысы 100 сом. Бұған разы болса, мұғалім 
сұраушы «Сарыарқаға» хабарлассын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет