2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет38/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Хасен Күленов 
* * * * * 
МАРҚҰМ ОСПАНБЕК 
Оспанбектің  кім  екенін,  газетке  жазып  таныстырарлықтай  не  істегенін  жазуды  өзіме 
борыш білдім. 
Оспанбектің әкесі Әбдібай аталған Ташкенттің сарты еді. Қазақтан алған екі жамағатының 
кішісінен туған кенже улы еді. 
Оспанбек жасынан мұсылманша, орысша оқып, екі ғылымның басын қосып, кіршіксіз таза 
тұтқан  жігіт  еді.  Қарқаралының  городской  училищесін  бітіріп,  пошта  қызметіне  кіріп, 
шенеунік  болып  жүргенде  Омскі  округтің  пошта-телеграф  бастығы  Оспанбекті  пайдалы 
жұмыскер екенін біліп, қазағы қалың Қарағанды зауытының поштовой канторына бастық 
қылып  еді.  Зауытта  тұрған  кезінде  өмірден  соққы  жеп,  қызмет  іздеп  қаңғырып  келген 
қазақ  баласына  мұршасы  жеткенше  болысып,  орналастырушы  еді.  Маңайындағы  ел  де, 
зауыттағы жұмыскерлер де қысылғанда ақыл  сұрап, білімінен пайдаланып отырушы еді. 
Түбі сарт болса да, нағыз қазақтың оқығандарының көбіне бергісіз. Саяси іске қатынасып, 
қазаққа қызмет қылуды өзіне борыш санаған жігіт еді. 
Оспанбектің  қазаққа  қылған  қызметтерінің  бірі  мынау:  Қарқаралыда  пошта-телеграф 
канторында  тұрған  уақытта  Ахмет  Байтұрсыновтың  үстінен  хүкіметке  қарсы  адам  деп 
көрсеткен  шағым  бойынша  Семей  жанаралы  Қарқаралының  үйезіне  телеграм  берген: 
«Ахмет  Байтұрсыновтың  үйін  тінтіп,  абақтыға  жап»  деп.  Бұл  телеграмды  өзге 
шенеуніктерден Оспанбек бұрын біліп, жүгіріп маған келіп айтты: «Ахаңа барып, тезірек 
хабар  бер.  Хүкіметке  қарсы  қағаздарын  тықсын!»  деп.  Мен  барып  Ахметтің  бар  кітап-
қағаздарын  алып,  таң  атқанша  Қарқаралының  тасына  апарып,  Оспанбек  екеуіміз  тығып 
едік. Ертеңінде Ахметті тінтіп, тук таба алмаса да Семейге айдап жіберіп еді. 


30 
 
25  июнь  жарлығы  Оспанбекке  де  тимей  кетпеп  еді.  Жұрт  үріккен  қойдай  ұйлығып, 
қайтерін  білмей  сасып  тұрған  кезінде  ақыл  айтып,  бір  қатар  елді  қырғыннан  аман  алып 
қалып еді. Кісі алмаққа Ақмола жанаралы Қарағанды барып, Оспанбекті көріп, «зиянды» 
тауып,  Омбының  пошта-телеграф  округіне:  «Оспанбек  Әбдинді  кетір.  Әйтпесе,  өзім 
кетіремін»  деген  зорлығымен  Семейге  жіберілген  еді.  Семейде  сырқаттанып,  дем  алуға 
бостандық  алып,  Қарқаралыға  қайтып  барған  кезінде  өзгеріс  басталып,  жұрт  жұмысына 
белсеніп  кірісіп  еді.  Оспанбекті  жамандаған,  сыртынан  бір  ауыз  өсек  жүрген  емес  еді. 
Қағынған Қарқаралының қақ ортасында жүрсе де, соңынан сөз ертпеген көптің сүйкімдісі 
десем  өтірікші  болмаспын.  Оспанбектің  тазалығын  тандап,  Қарқаралы  қазағы  үйезный 
азық-түлік  комитетінің  управасына  ағза  сайлаған  еді.  Қарқаралының  үйезный  қазақ 
сотына  кісі  белгілегенде  таразыға  тартып,  оқығандарды  електен  өткізгенде  сарттығына 
қарамай,  обласной  қазақ  комитеті  сотқа  кандидат  қылған  еді.  Оспанбектің  өз  басыма 
қылған  жақсылығы  мынау:  жасымда  жалаң  аяқ,  жалаң  бас  Оспанбектің  үйінде  малай 
сияқты  болып  жүргенімде  Оспанбектен  орысша  мен  қазақша  оқушы  едім.  Маған  киім, 
қағаз, кітап, оқуға керек басқа аспаптарды әперіп, өзі оқып жүрген городской училищеге 
мені  де  түсірген  еді.  Қарқаралыда  4-5  жыл  оқыған  соң  өзім  қарайласамын  деп  мені 
Омбыға жіберіп, ай сайын хат жазып, ақша жіберіп, тарықпа деп тұрып еді. Менің адам 
болғаным Оспанбектің арқасы. 
Қош, сүйкімді жолдасым Оспанбек! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет