F. Ғимадиев
Ғ. Мұхамедкәримов
Земство ашылуы
9-ші декабрьде Семейдің үйезный земствосы ашылып, председательдікке Райымжан
Мәрсеков, орынбасарлыққа Имамбек Тарабаев, секретарлыққа Толымхан Өтеев сайланды.
10-шы декабрьде земский управа сайлауы болып, председательдікке Ахметжан
Қозыбатаров, ағзалыққа Сыдық Дүйсембин, Айтмұхамед Болатов, мұжықтардан Воробьев
һәм Богатиров сайланды. Земский собраниенің қалай жиылып, сайлауы қалай болып һәм
не істегенін келесі нөмерде толық жазармыз.
Алаш (бұрынғы Заречный Слободка) шаһары
думасының сайлауы
Өзгерістен бұрын да, соң да Алаш дуанындағы халық Семейден бөлініп, өз тұрмысын өзі
басқармаққа талпынса да, қолдары жетіңкіремей жүруші еді. Семейдің шаһар думасына
сайлау болғанда алаштың адамдары мізбақпастан қатынаспай қалып еді. Бұлар да жұрт
қой деп есептесіп елемей, Семейдің халқы шалқиып, менмендік көрсетіп жүр еді.
Алаш шаһарында тұратын ноғай, орыс, қазақ — бәрі бірігіп, бірінші ноябрьдегі
мәжілісінде Алаш шаһарының думасын сайлап алмаққа қаулы жасап, 19-ші ноябрь күні 25
кісілік дума сайлап алды. Кеңесті құрып, өз ісін өзі қолға ала бастаған соң, Семейдің
думасы (қазақтан басқасы, ноғайларды білмеймін) аптығып, қол күш көрсетемін, қой деп
құр сөзбен қоқанлоқылай бастады.
Николай мен Тройницкийден құтылғандық рас болса, теңдікке жұрттың бәрі ортақтығы
шын болса, алаштың осы бөлінгені — бөлінген. Губернатор Тройницкийдің қара
зорлығын Семей думасы көрсете алмас! Алдырған алып не демейді?! Семей думасы
ауызына келгенін айта береді. Жарайды, Алаш қаласының азаматтары! Істеріңді
дүрілдетіп, тайсалмай жүргізе беріңдер, суынбаңдар, «жүргізе алмады» деген мазаққа
ұшырай көрмеңдер. Тілеулеспіз, жолдарың бол сын!
Достарыңызбен бөлісу: |