2 Лекция сабақтарының тақырыптары



Дата18.02.2017
өлшемі424,76 Kb.
#10129

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ





СМК 3 дәрежелі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-33.1.8/01-2014

ПОӘК

Оқу-әдістемелік материалдар

«Сызуды оқыту әдістемесі»


Баспа №___ _____2014

ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Сызуды оқыту әдістемесі»

5В0107000 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандық үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2014

Мазмұны

1 Глоссарий



2 Лекция сабақтарының тақырыптары

3 Лекциялардың қысқаша мазмұны

4Практикалық сабақтар

5 Практикалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар

6 Білімалушылардың өздік жұмыстары

7 Әдебиеттер



1 Глоссарий

Ағаш - сызбада қолданылатын сызғыш кұралдар (сызғыш, үшбұрыш) жасалатын материалдар.

Ағымды, мерзімді, қорытынды - сызудан оқушылардың үлгерімін бакылау түрлері

Ажыратылған қосылыстар - бұрандалы қосылыстар.

Аксонометрия - сызбада заттың көрнекті кескінін табу тәсілі.

Аралас сабақ - жиі қолданылатын сызу сабағының түрі

Әдіс - амал, тәсіл немесе кимыл бейнесі; баска мағынада – таным амалы, көрініс зерттеулері

Әдістеме - қандай да бір жұмысты мақсатты қолданудың әдіс-тәсілдер жиынтығы, білім құндылығын зерттейтін педагогикалық білім.

Бәсекелес нүктелер - проекциялары бірігіп түсетін екі нүкте.

Ватман - сызба салу үшін, арнайы ақ және тығыз кағаз.

Даярша - қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығы.

Диаметр - центр арқылы етіп екі нүктені қосатын кесінді.

Дидактикалык принциптер - ғылымилық, укыптылык, көрнекілік, жүелік, саналылық және белсенділікті оқыту.

Деңгейлік жазықтық - проекциялар жазықтығына параллель жазықтық.

Екі жақты бұрыш - ортақ қабырғасы бар екі үшбұрыш.

ЕСКД - сызу және құрастыру құжаттарында дұрыс орындауды камтамасыз ететін құжат.

Жазық фигура - барлық нүктелері бір жазықтыкта жататын фигура

Жұмыс орнында тексеру - окушылардың сызбаларын сабақ уақытында, олардың қатысуымен тексеру.

Канондык проекциялар – нәрсенің қарапайым проекциясы.

Кеңістікте елестету - сызу сабағында заттардың геометриялық көлемді пішін талдау түрі.

Кино және видеофильм - окытудың техникалық құралдары

Көрнекілік әдістері - сабак барысындағы оқу көрнекілік құралдарын: плакат, модельдер, кино және видеофильмдер түрлерін игеру.

Кілтек - біліктен дөнгелекке жүріс беретін, шеңбер кесінділі, призмалы және тағы басқа формалы бөлшек.

Күнтізбе - тақырыптық жоспар - оку материалдарының мазмұны, әр сабақ сағаттарына бөлінген, жүйелі түрде жасалған оқу құжаты.

Қаріптер - әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиыны.

Қаріптердің өлшемі (h) - бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шама.

Қиылысу нүктесі - түзу мен жазыктыктың ортақ нүктесінің болмауы.

Құрама сызба - машина жасауға қажетті бейнелерде кұрастырылған бұйым.

Құрастырмалы-техникалық - сызуда құрастырмалы және технологиялық ұғымдарды бейнелейтін термин.

Масштаб - заттың сызбадағы ұзындығының, оның натуралық ұзындығына қатынасы (бөлшек сан)

Миллиметр - машина жасау сызбаларда өлшемдерді есеппен көрсету.

Миллиметрліқ қағаз - сызу сабағында эскиздеуге колданылатын қағаз. Модельдеу - сызуда білім беру мүшесінің процесі.

Параллель - түзу мен жазықтықтың ортақ нүктесінің болмауы. Перпендикуляр табаны - перпендикуляр және жазықтықтің қиылысу нұктесі

Практикалық әдістер - оқушылардың, орындауымен жасалатын жаттығулар, есептер, практикалық жұмыстар.

Проблемалык оқыту - оқушылардың жаңа білімді қабылдау процессіндегі шығармашылық мүмкіндіктерді тұлғаның танымдық қызығушылығының және шығармашылық ойлауының қалыптасуын қамтамасыз ететін әдістемелік және құралдар жүйесі.

Проекциялаушы жазықтық - проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан жазықтық.

Пішім (формат) - өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағаз.

Оқу - сызудағы, геометрия және сызу геометриясына негізделген термин.

Оқу бағдарламасы - тақырыпты оқу үшін, сағат саны бөлінген, оқушылардың менгеретін білімі мен дағдыларын анықтайтын оқу құралы.

Оқыту әдістемесі - оқу пәнінің, окыту процессінің катаң бірізділікті, жүйелікті, нақты жоспары.

Өзара параллель жазықтықтар - қиылыспайтын жазықтыктар.

Рейсшина - горизонталь сызыұтарды жүргізу үшін, басы көлденең планкасы бар сызғыш.

Сабақ - окушылардың теориялық білімін және дүниетанымдағы ой-әрекетін бағыттайтын негізгі жұмыс түрі

Сызу - техника тілі болғандықтан, казіргі заманғы өндірістің негізгі, заңдылықтарын түсінуде аткаратын кызметі ораса зор.

Сөз әдістері - мұғалімнің ауызша баяндамасы, оку материалының

дәріс, әнгіме түрінде өтетін, сынып тақтасын қолдана отырып

түсіндіру, оку және анықтамалық әдебиетімен жұмыс істеу.

Сызба – нәрсенің кескінінен және оны жасауға керекті басқада

мәліметтерден тұратын құжат.



Сызбада жіңішке нүктелі үзілмелі сызық - осьтік және орталық сызыктарды сызбада көрсету.

Сызу пәнінің оқыту әдістемесі - оқу процессінің әсерлі ұйымдастырудың түрлері мен құралдарын жасайтын және оқушылардың графикалық жұмыстарды орындаудың рационалды тәсілдерін оқытатын, сызуды оқытудың мазмұны мен әдістемелерін анықтайтын ғылым.

Сызудың кері есебі – нәрсені берілген проекциясы бойынша анықтау.

Сызудың тура есебі - берілген нәрсенің проекциясын салу.

Тапсырма материалдары - окушыларға практикалық жұмыстарды орындау үшін берілетін құралдар.

Тік бұрышты проекциялау - геометриялык денелердің және модельдердің жобаларын үш жазыктықта бейнелеу.

Тікбурыштық изометриялық проекциясы - осьтер өзара 120°-та орналасқан аксонометрия.

Түйіндесу - бір сызықтан екінші сызыққа үшінші сызықтың көмегімен біртіндеп ету.

Орталық (центр) – нүктеден бірдей қашықтықтағы, жазықтық нүктелерінің

геометриялық орны.



Формализм белгісі - сызбаларды оқу құжаттардан және тақтадан

мағынасын түсініксіз көшіру.



Эллипс – шеңбердің аксонометрия проекциясында болатын қисық, тұйық сызық.

Эскиз – көз мөлшерлі масштабпен бақылап, колмен орындалған детальдың кескіні, қысқа мерзімде қолданатын сызба

2 Лекция сабақтар:

2.1 Кіріспе. Әдістеменің тарихына қысқаша шолу. Сызуды оқытудың бүгінгі жағдайы. Сызуды оқытудың мақсаттары мен міндеттері

2.2 Сызуды оқыту әдістемесінің пәнаралық байланысы. Педагогикалық ғылыми зерттеудің кезеңдері мен әдістері. Сызу оқу пән ретінде. Мектепте сызу пәннің құрымы мен мазмұны

2.3 Мектепте сызуды оқытудың дидактикалық принциптері мен әдістері. Проблемдік және бағдарламалық оқыту. Сызудан оқулық жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау

2.4 Оқушылардың кеңістікте елестету қабілеттерін қалыптастыру сабақтары. Сызу сабақтарында оқушылардың белсендіктерін арттыру

2.5 Сызу сабақтарының түрлері және сабақтың құрамы. Сабаққа қойылатын замануи талаптары

2.6 Оқулықтарды және көрнекіліктерді сабақта қолдану әдістері. Ақпаратты компьютерлік технологияларды және техникалық құралдарды қолдану әдістері

2.7 Сызу кабинетінің құрал-жабдықтары. Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар оның маңызы

2.8 Мұғалімнің жай оқу және интерактивтік тақтада жұмыс істеу әдістері

2.9 Факультативтік сабақтар және элективті курстар. Сызудан үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және олимпиадаларға дайындық

2.10 Сызу сабақтарында қолданатын ойын әдістері. Дидактикалық ойындарды құрастыру және жасау тәсілдері/лото, домино, сөзжұмбақтар, т.б./

3 Лекциялардың қысқаша мазмұны:
1 тақырып: Кіріспе. Сызу пәнінің мазмұны мен мақсаты

Мақсаты: болашақ мұғалімдерге әдістемелік білім беру, дәріс берудің негізгі формаларымен, әдістерімен және әртүрлі тәсілдерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны:

Әрбір мұғалімнің алдында үш сұрақ тұрады: неге оқыту, не үшін оқыту және қалайша оқыту. Бұл сұрақтарға жалпы көлемде осы пәнніңоқу бағдарламасы жауп береді. Бұл құрстың алдына қойған мақсаты педагогикалық дидактика негіздеріне сүйене отырып, сол сұрақтарға мүмкіндігінше толығымен жауап беру. Осы курстың мақсаты – болашақ мұғалімдерге, еңбек жолын енді бастаған сызу пәнінің жас мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру, дәріс берудің негізгі формаларымен, әдістерімен және әртүрлі тәсілдерімен таныстыру.

Жоғарыда көрсетілген мақсатты орындаудағы әдістемелік курсқа негізделген талаптар төмендегідей:

- сызу пәнін оқытудағы тәжрибелі мұғалімдердің қолданып жүрген тиімді әдістері;

- оқушылардың ойлану қабілетін және кеңістіктегі нәрсені көз алдына елестете білуіне талаптандыратын әдістер мен құралдар;

- аксонометриялық проекция негіздеріне сәйкес орындалған эскиздер мен көрнекі кескіндерін бейнелеу әдістері мен құралдары;

- практика жүзінде сызбаларды оқи да,орындай да білуіне мүмкіндік жасауды қамтитын әдістер мен құралдар;

Сызу пәнін оқыту процесінде оқушының өзіндік еркін шығармашылығын дамыту осы курста кеңінен қамтылған. Осыдан оқыту әдістемелеріне ғылыми тұрғыдан анықтама беретін болсақ: Сызба әдістері –бұл жалпы білім берудің, тәрбиелеудің мақсаты мен талабына сәйкеес графикалық сауаттылықтың мазмұны мен әдістерін анықтайтын педагогика ғылымдарының бір саласы. Сонымен бірге сызу әдістері графикалық жұмыстар орындаудағы формаларды талдауда және оқу процесін тиімді ұйымдастыруда үнемді тәсілдерді қолдану әдістерін зерттейді.

Бұл оқу-әдістемелік құрстағы жазылған материалдар сызу пәні мұғалімінің тәжірибесіне үлкен көмек көрсетеді. Бірақ әрбір мұғалім өзінің педагогикалық қолтаңбасына, темпераментіне, эрудициясына, шеберлігіне және өзіндік мінез-құлқына сәйкес өз тәжрибесінде басқа да әртүрлі әдістермен бірге өзге тәсілдерді қолдануы да мүмкін.

Әрбір тәжірибелі мұғалім әрдайым оқулықтан оқып білгенін сын көзбен қарап, өзінің кәсіби тәжірибесімен салыстыра отырып, нақты жағдайына бейімдегеннен кейін ғана ол кітапты қалай қолдануға болатынын ойлана отырып, шешім қабылдайды.



Қайталау сұрақтары:

  • мұғалімнің алдында тұратын сұрақтар;

  • курстың мақсаты;

  • курстың негізгі талаптары.

2 тақырып: Жалпы орта және кәсіптік мектептердегі сызу пәнін

оқыту әдістерінің негізгі бағыттары.

Мақсаты: оқу пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орнын анықтау, студенттерді теориялық біліммен қаруландыру.

Қысқаша мазмұны:

Еліміздегі техникалық даму әрбір адамның жоғарғы деңгейде графикалық сауаттылығымен, мәдениеттілігімен тығыз байланысты. Өндірісті механикаландыру, автоматтандыру және олармен жұмыс істеу үшін адамдардың техникалық сауаттылығын керек етеді. Ал техникалық сауаттылық сол адамдардың сызбаларды еркін оқи да,оларды орындай да білуі екенін ескеру керек. Заман талабына сәйкес бұрынғы сызу пәнін оқыту бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізіліп, негізінен техникалық сызбаларға көбірек көңіл бөлінген (бұл жерде айта кету керек,осыған дейінгі бағдарламаларда негізінен геометриялық құрылымдарға сәйкестендіріліп жасалған болатын. Сабаққа берілген уақыттың біразы сол геометриялық денелер және олардың комбинациялары тақырыптарына бөлінетін).

Енді оқушылардың сызба құралдарын дұрыс пайдалана білуін қалыптастыру, техникалық сызбаларда геометриялық негіздерді игеру ғана емес, кейбір қарапайым заттардың сызбаларын оқи да, орындай да білуін мақсат етіп қою болып отыр. Ғылым мен техниканың дамуына сәйкес, орта мектеп оқушыларының графикалық дайындығын жақсартуды керектігі,бұл-өмір талабы.Осыған байланысты оқу пәндерінің системасында сызу пәнінің алатын орны анықталып, ол өз орнын табу керек. Неғұрлым осы пәнді оқыту әдістемелерін жетілдіріп,оны өмірге дұрыс пайдалана білсек, соғұрлым адамзат тіршілігінін барлық саласында қолданылатын сызбаларды оқушыларымыз оқи да, орындай да алар еді. Оқушыларға жалпы сызбаларды оқуды үйретуде, оның ішінде жұмыс сызбаларын оқытуда олардың еңбектерін жан-жақты елеп, марапаттап отыру оқушылардың сызу пәніне деген ынтасын артыруға көп себеп болары сөзсіз. Бейнелеу өнерімен бірге сызу пәні де оқушыларды графикалық сауатылыққа баулиды. Жазықтық бетіне кеңістіктегі формаларды кескіндеу арқылы оның мазмұнын түсіну, басқа пәндерді оқуда да үлкен көмегін тигізетінін ескерген жөн. Сондықтан әрбір сабақта оқушы өз логикасымен ойланып, практикалық ,болмаса графикалық жұмыс істегені дұрыс.Бұл жерде айта кету керек, бірыңғай графикалық, болмаса практикалық жұмыс пен шектелуге болмайды. Терең теориялық біліммен қаруланған оқушы, практикалық білімді тығыз ұштастыру арқылы ғана өз дәрежесіндегі графикалық сауатты оқушы бола алады. Әртүрлі тәсілдермен орындалған түрлі сызбаларды, графикалық кескіндерді, схемаларды еркін оқи да,орындай да білген оқушы осы пәнді толық игереді деп есептеуге болады.

Қайталау сұрақтары:


  • сызу бағдарламасындағы өзгерістер;

  • сызу пәнінің бүгінгі жағдайы;

  • мектептегі сызу пәнінің мақсаты.

3 тақырып: Жалпы білім беретін орта мектептерде сызу пәнін оқытудың қысқаша тарихы.



Мақсаты: сызу пәнін оқытудың тарихына анықтама беру, студеттердің білімдерін кеңейту.

Қысқаша мазмұны:

Жалпы білім беретін орта мектептердегі сызу пәнінің орны мен ролін анықтау үшін аздап болса да оның пән есебінде оқытудың даму тарихымен танысқанымыз жөн сияқты. Бұл пәнді мектеп бағдарламасына енгізуге қандай қиындықтар, қандай кедергілер болды?

Осы жағдаймен танысып, зерттеп болған соң барып, сол кездегі жақсы тәжірибелер мен қателерді ескере отырып, осы кезеңдегі мектеп оқушыларының сызу пәнін ойдағыдай меңгеруі үшін қалай оқыту керек екенін анықтай аламыз.

Қазақстандағы мектептердің негізгі бағыты революцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі Ресей мектептерінің бағдарламасына сәйкес құрылғанын ескере отырып, сол революцияға дейінгі Ресей мектептерінің бағдарламасына сүйенсек, сызу пәнінің мектеп бағдарламасына енүі ХVIII ғасырдан басталады екен. Сызу пәні алғашқы кезде, негізінен, тауөнеркәсіп (горнозаводские) мектептерінде, гимназияларда өткізіле бастаған. Оқу пәні есебінде сызу «геометрия класына» еңгізілген. Бұл пәнмен олардан басқа әскери архитектура және география сабақтарында да таныстырылып отырған.

Ресейде 1786 жылы жалпы мемлекеттік халыққа білім беру жүйесі құрылған. Халықтық бас училищелер (главные народные училища) бекіген. Бұл оқу орындарына ер балалармен қатар қыз балалар да қабылданылған. Оқу клас-сабақ жүйесінде өтіле бастаған. Окушылар, негізінен, геометрия сабағында ғана сызу пәні туралы мәлімет алған. Ол кезде жалпы сызу пәнін оқытуға барлығы 60 сағат бөлінген. 1802 жылы Ресейде халық ағарту министрлігі құрылып, білім берудің бірыңғай жүйесінің ережесі бекітілген. Гимназия оқу бағдарламасындағы сызу пәні сабақтары «гравюралық және фотографиялық фигуралар мен денелер» геометриялық перспективалық түрінде оқылған. Сол кездегі оқу ережелеріне сәйкес Ресей мектептерінде сызу пәні 1828 жылдан бастап нақты жолға қойылған. В.И.Курдюмов (1853-1904) пен Н.А. Рынин (1877-1942) жазған ғылыми жұмыстары мен сызу және сызба геометрия оқулықтары сызу пәнін оқытудың әдістемелерін жетілдіруге, оны жақсартыға көп көмегін тигізді. Қазан төнкерісі Ресей ғана емес, Қазақстанда да мектептердегі оқыту құрылымының мазмұнын түбірімен өзгертті. Кеңес өкіметінің алғашқы құжаттарында, жалпы білім беретін бірыңғай еңбек мектептері ережесінде оқушылардың графикалық сауттылығына көңіл бөлінгенін 1918 жылдың 12 қыркүйек күні өтілген Халық ағарту комиссиясының алтыншы отырысындағы шешімдерінен көруге болады. Ол құжатта: оқушы өз қарындашымен ерекшелікпен және өзінің ойын нақты жеткізе алатын деңгейге жетуі керек, әрбір сабақта эскиз, жоба, көркемдеп кескіндеу өз орнын табу керек делінген. Сонда да болса ол кезде сызу пәні өз денгейіде оқу бағдарламасында орнын алды деу ерте екенін айта кету керек. 1921 жылғы бағдарламада сызу пәніөзінің мәні бойынша екінші орында болды. Алайда, сызбалардың ақпараттық көлемі (осы кездегі бағдарламаның бір ғана бөліміндей) өте аз болатын. 1930 жылы шыққан фабрика-завод жетіжылдық мектептеріне арналған сызу пәнінің бағдарламасы, оқушылардың графикалық сауаттылығын ашуды жақсартуда қомақты үлес қосты деуге болады. 1945-1953 жылдардағы сызу бағдарламасы өзіндік мазмұны және алған бағытымен жиырмасыншы және отызыншы жылдардағы бағдарламалардан ерекшеленеді. Еліміздегі өнеркәсіптік дамуына орай ол жылдардағы бағдарламаларда проекциялық сызбалармен техникалық бөшектердің сызбаларын орындауға біршама орын берілген.

1954 жылғы бекітілген бағдарламада сызу пәнін оқыту мен тәжірибе жүзінде қолдануды жақындатуға мүмкіндік берді.

Ұлы отан соғысынан кейігі қалыпқа келтіру кезеңінде халық шаруашалығын жаңа машиналармен, агрегаттармен жабтықтау үшін өнеркәсіпті үздіксіз үнемді түрде жаңарту керек болатын. Әрине, бұл жұмысты мамандардың техникалық сауаттылығын керек етті. Сондықтан мектептердегі, оқу орындарындағы сызу пәнін оқытуды жолға қою тұрды.

Жалпы білім беру саласы, ұзақ уақыттар бойы оқушыларды графикалық сауаттылық негіздеріне баулуда сырттап қалғанын көруге болады. Осы кезде де сызу пәнін оқытуда осы кемшіліктердің орын алып отырғаны белгілі жағдай.



Қайталау сұрақтары:

  • сызу пәнінің мектеп бағдарламасына енүі;

  • жалпы мемлекеттік халыққа білім беру жүйесі қайда, кай жылы құрылған?

  • оқушылардың графикалық сауттылығына көңіл бөлінген кеңес өкіметінің алғашқы құжаттары.

4 тақырып: Сызу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеті



Мақсаты: студенттердің білімдерін қалыптастыру және тереңдету.

Қысқаша мазмұны:

Сызу, орта мектепте басқа пәндер сияқты оқушыларды өмір тәжірибесіне, кәсіптік өндірістегі ізденісін қалыптастыруда және келешектегі білімін тереңдетуде алатын орны бөлек. Сызу – техника тілі болғандықтан, қазіргі заманғы өндірістің негізгі заңдылықтарын түсінуде атқаратын қызметі орасан зор. Ол мектептегі пән есебінде оқушылардың конструкторлық модельдеу, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын дамытуды қалыптастырады. Қазіргі мектептің мақсаты тек жалпы білім беру емес, оқушырадың келешекте техникалық сауатты азаматтар болуына, олардың сызу өнерін меңгеруін жетілдіру, бұл заман талабы.

Сызу пәнін оқытудың басты мақсаты, оқушылардың кеңістіктегі көріністері көз алдына елестетуді дамыту арқылы оқушыларға сызбаларды еркін оқи білуін және олардың техникалық суретін орындау, сұлбасын сызу білуін дамыту болып табылады. Бұл келешекте әртүрлі кәсіптегі, әртүрлі мамандықта жұмыс істейтін адамдардың түрлі операцияларды орындауда өз ойларын толық жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Мұғалім мектептегі сызу пәнінің бағдарламасы бойынша керекті көрнекі құралдармен дидактикалық үлестірме материалдарын іздене отырып, шаршамай, уақтылы дайындап отырса, осы пәнді оқыту барысы жандана түсіп, оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығы артар еді және алған тиянақты білімін келешекте еркін қолдана алуына мүмкіндік болар еді.

Сызу пәнін оқытуға дейінгі оқушының бейнелеу өнерінен дайындығы мен қабілеті, әрине үлкен әсер ететіні түсінікті. Тек оны оқушыға ұмыттырмай, әрдайым жаттығу жасатып, есіне түсіріп отыру қажет. Мысалы, әртурлі формалардың көлеміне назар аудару, олардың жан-жағынан қарағандағы көріністерін елестету, көкжиек /горизонт/ сызықтарының қалай орналасқандығы туралы есіне түсіріп отыру, т.б. Параллелепипед, цилиндр, конус, призма, шар сияқты әртүрлі геометриялық форамлаға ұқсас заттардың суреттерін, бейнелеу өнері сабақтарында кескіндеудегі тәжірибесін, оқушылар сызу пәні сабақтарында сол формалардың сызбаларын орындауда қолдана алады. Жалпы білім беретін мектептерде сызу пәнінің негізгі мақсаты оқушылардың техникалық сызбаларды оқи да, орындай да білуіне жол ашу, механизмдегі бөлшектердің өзара байланысын сызбалар арқылы оқи білуі, олардың кеңістіктегі заттардың орналасуын көз алдына елестете білуін үйрету.



Қайталау сұрақтары:

  • сызу пәнін оқытудың басты мақсаты;

  • сызу пәні мұғалімінің негізгі мақсаты;

  • сызу пәнін оқытудың міндеттері.

5 тақырып: Сызуды оқытудың білімдік және тәрбиелік міндеті

Мақсаты: студенттердің білімдерін қалыптастыру және тереңдету.

Қысқаша мазмұны:

Орта мектептегі сызу пәнін оқытудың формасы мен әдістемесі, оның ұйымдастырылуы және мазмұнын анықтайтын міндеті, оқушылардың өмірмен тығыз байланысты күнделікті қолданылуы мен дағдылануына тәрбиелеу. Осыған байланысты мектеп бітірушунің графикалық дайындығы өте жоғары болуы тиіс. Оқулықтар, болмаса мұғалімнің тақтада сызған дайын сызбаларын механикалық түрде көшіріп сызу оқушыларға ешқандай білім бермейді. Ондай әдіс олардың логикалық ойлануына ешқандай да жол ашпайды. Сондықтан оқушыларға жеке жұмыс істеуіне, жеке тапсырма беру әдістемелерін қолдану олардың өздігінен шығармашылықпен ойланып жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Кез келген практикалық тапсырмаларда оқушылардың кеңістіктегі затты көз алдына елестетуін дамытуға, танымдылығын арттыруға, олардың білім өрісін кеңейтуге ықпал жасау керек. Осындай әдістер оқушылардың өтілген материалдарды есте сақтай отырып, олардың ойлану қабілетін, айналаны қоршаған әртүрлі формадағы көріністерге басқаша қарай білуіне, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасайды. Мұғалімнің сызбалардың дамуы, олардың қандай себептермен өзгеріске ұшырағаны, сызбаларды көрмеудегі өзгерістер туралы қызықты тарихи әнгімелері, оқушылардың білімін жан-жақты арттыру ғана емес, оларға тәрбиелік мән береді. Ондай әнгімелер барысында, міндетті түрде, әртүрлі қызықты суреттер мен көрнекіліктердің, заман талабына сай оқытудың қазіргі технологияларында қолданылатын құралдың көмегімен /кодоскоп, оқулық теледидары, компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктері, т.с.с./ әртүрлі мамандықтар, машиналар, технологиялар, құрылыстарда қолданылатын сызбалардың атқаратын қызметі туралы әнгімелердің беретін әсері мол. Мұғалім негізінен 9-шы сынып оқушыларымен жұмыс істейтін болғандықтан, жас ерекшеліктерін де ескере отырып, олардың тез қозғалуын, өздеріне көп кқңіл бөліну керек екендігін, бір қалыпта көо уақыт отыра алмайтындығын, алдына қойған мақсатын тез арада орындап тастауға талпынатындығын, көңіл-күйінің тез ауысып отыратындығын есептеп, тәрбиелік жүйеге икемдеп отыруы керек. Көптеген тәжірибелі мұғалімдер осыны ескеріп, оқушылардың энергиясын жаңа ақпарат алуға шебер пайдалануда, оларға графикалық жұмыстардың қызықты элементтерін қолдана отырып, ойлануды қажет ететін әртүрлі тапсырмалар береді. Осындай қиын ситуациядан тез шығу кез келген мұғалімге ойына түспейді. Сызу пәнінен әртүрлі графикалық жұмыстарды орындағанда эстетикалық тәрбие де орнын жоғалтпау үшін оларға мән беріліуі. Тақырыптарға сәйкес құрылыс жоспарлары, архитектуралық жобалау құжаттары, генеральдық жоспарларын орындау кезінде осы эстетикалық талғам жағына да көңіл бөлінгені дұрыс. Соңғы кездердегі заман талабына сай графикалық жұмыстардың сапасын жақсарту үшін жалпы орта мектептегі сызу пәнінің бағдарламасына басқа тақырыптардың есебінен көркемдік және техникалық конструкциялау элементтерін еңгізу керек сияқты. Орта мектептегі сызу пәні мен эстетикалық тәлім-тәрбие беру бағыттары өз орынын табу керек екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.



Қайталау сұрақтары:

  • сызу пәнін оқытудың басты мақсаты;

  • сызу пәні мұғалімінің негізгі мақсаты;

  • сызу пәнін оқытудың міндеттері.



6 тақырып: Сызу пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысы.

Мақсаты: студенттерге сызуды оқытудағы пәнаралық байланыстың маңызын көрсету

Қысқаша мазмұны:

Оқытудағы байланыс – сабақты жақсы берудің, тиімді өтіп берудің ең қолайлы жағдайы. Бұл, әсіресе, сызу, еңбек, геометрия, бейнелеу өнері және физика сабақтарында өте маңызды, өйткені осы аталғандардың бірізде алынған тәжірибе мен іскерлік басқа сабақтарда тікелей қолданылады. Бұл байланыс неден тұратынын қысқаша қарастырып өтейік.

1.Сызу мен еңбек. Сызу мен еңбек мұғалімі арасында осы сабақтардың шешімінің саңында тұратын үзіксіз байланыс болу керек. Бұл байланыс еңбек әрекетін көтеріп, техникалық ойлау мен окушылардың құрастыра білу талабын дамытады. Сызу сабағын еңбек сабағымен байланыстыра өткізу еңбек процесінде сызбаларды пайдалана білу қасиетін дамытады. Осындай байланыстың нетижесінде оқушылардың графикалық білімдерін бекітіп тереңдей түседі.

Өнімдерді шығару процесі келесі операциялардан тұрады:

- жасалатын бұйымның сызбасымен танысу;

- бұйымның өлшемін талдау және сызбада оны белгілеу;

- материалды өңдеу;

- сызба бойынша бұйымдардың өлшемін тексеріп шығу.

Осының барлығы оқушылардың келешек бұйымдарын елестетуге көмектеседі. Қандай да бір детальді өңдеу процесінде оқушы сызбаға көп көңіл аудару керек. Сызбаларды оқумен катар, мектеп шеберханасында сызу құралдарына көп кедш бешнеда. Осының дұрыс орындалуынан бұйым өңдеу сапасы байланысты. Мұнда окушыларға сызу құралдарын қолдану және әдістерін көрсету өте маңызды.

Мұғалімнің алдын ала орындаған сызба бойынша бұйымы сызудың еңбекпен байланысының бір формасы болып табылады. Екі пән мұғалімдерінің өзара байланысқан сабақтардың күнтізбелік жоспарын кұру байланыстың керемет формасы болып табылады. Осы орайда сызудың тақырыптары оқушылардың мектеп шеберханасындағы жұмысымен байланысты және нақты жоспарланған болу керек. Өзара байланысқан сызу мен еңбек сабақтарына күнтізбелік жоспар кұру оңай іс емес.

2. Сызу және геометрия.

3. Сызу және бейнелеу өнері.

4. Сызу және физика, т.б.пәндер

Қайталау сұрақтары:


  • пәнаралық байланыстың оқытудағы маңызы;

  • сызу пәннің еңбек пәнімен байланысы;

  • сызу пәннің бейнелеу қнері пәнімен байланысы;

  • сызу пәннің математика пәнімен байланысы;

  • сызу пәннің физика және басқа пәндермен байланысы.

7 тақырып: Сызуды оқыту процесіндегі дидактикалық принциптер.



Мақсаты: студенттерге сызуды оқытуда дидактикалық принциптерге сүйенүдің маңызын көрсету

Қысқаша мазмұны:

Педагогикалық оқытуда келесі дидактикалық принциптер қолданылады:

1).Ғылымилық;

2).Жүйелілік;

3).Теорияның практикасымен байланысты;

4).Оқушылардың қабілеті мен белсенділігі.

5).Көрнекілік;

6).Оқушылардың білімін берік қалыптастыру;

7).Түсіндіру;

Осы принциптер арқылы мектепте кез – келген пәндерді оқытуға болады.Осы принциптердің барлығы оқытуда өзара тығыз байланысты.Оқытуда сызуда қолданылатын әрбір принциптің ең негізгі жақтарын қарастырамыз.

Оқытудың ғылыми принципі. Оқытудың ғылыми принципі оқушылардың (сызуға)қабілетін сызуға, ғылыми әдіске, планиметрияға, және де сызба геометрияға негіздегенде ғана толықтырылады.Сызуды оқытудағы басты роль пәнаралық байланысқа жатады. Геометрияны қалыптастыруда геометриялық, проекциялық және техникалық сызуды оқытқан жөн. Сызу пәнін оқытуда геометрияның практикалық мысалдарын келтіре кеткен жөн. Оқытудың ғылыми принципі бірінші осыны қажет етеді.

Жүйелілік принципі. Жүйелілік принципін оқытуда, сызуды жүйелік пән ретінде жүргізіп, оның құрлысын және ішкі логикасын түсіндіру керек, сонымен қатар оқушылардың жүйелік білімін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру керек. Графикалық білімді қалыптастыру жүйелілігі оқушылардың қабілеттілігін және де білім күшінің біртіндеп дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылар техникалық бөлшектерді жүйелі түрде түсінуі қажет, өйткені бөлшек (зат) элементтері оларға тұтастық бөліктері ретінде қабылдануы керек. Оқушыларды әрбір заттарды оның геометриялық формасын мүшелей білуге үйрету, әрине егерде дене күрделі болған жағдайда .

Теория мен практиканың байланыс принципі.

Теория мен практиканың байланысы сызу теориясы сабағының өмірмен, еңбекпен, практикамен тығыз байланысында көрінеді. Практикалық тапсырманы шешуде білімді қолдана білу білім сапасын арттырады. Бұл принцип политехникалық мектепте үлкен мағынаға ие.

Теория мен практиканың ерекшелігі оқытуда оқу пәнінен көрініс табады. Мысалы, теория мен практика байланысы сызу курсына әртүрлі формада көрінеді. Практикалық сабақтарға,өндіріске, жоба-конструкциялық ұйымдастыруға экскурсия жасағанда көрінеді, сонымен оқушылардың пайдалы еңбегі.

Озат ұстаздар (сызу пәні бойынша)өз сабағын өткізуде қазіргі өндіріс пен байланыстырады. Бұл ұстаздар, өндірісті жүйелі түрде қолдана отыра, өздері және өздерінің оқушыларын жұмыс сызбаларымен, сонымен қатар жұмыс сызбаларының ерекшеліктері мен орындауын ұсынады.

Оқытудағы оқушылардың белсенділік және саналылық /зерделілік/ принципі.

Оқушылардың белсенділік және зерделілік принципі мектептегі оқытудың әдісінің негізгі принциптерінің бірі болып табылады.

Сызу сабағында оқушыларды білімді саналы түрде меңгеруге үйрету, ұстаздық негізгі жұмысының бірі, яғни мұндай оқыту жүйесі қоғамда жоғары дәрежелі құрылысшыларды дайындауға мүмкіндік береді.

Қарастырып отырған принципіміз мұғалімді, оның оқушылары әрқашан белсенді және жұмысты өз бетінше істеуге қызығатындай етіп оқыту әдістемесін құруға міндетті.

Оқушылардың белсенділік және саналылық принципі оқыту әдісіне сызу бойынша оқу материалдары жақсы түсінікті және ұғынықты болуды қажет етеді , демек, оқушылар сызбаларды оқу және орындау әрекетінде геометриялық құрылыстарды және олардың формасын сызба бойынша елестете білу үшін .Тәжірибелі мұғалім сабағын мынандай етіп ұйымдастырады; оқушылар жоғары белсенділік танытады, өз бетінше жұмыс істеу, өз бетінше заттардың формасына талдау жасай білу,оқушы өзінің және сыныптасының жұмысын салыстырып,сынап,бағалай біледі.

Орта мектепте графикалық білімнің саналы түрде ұғыну принципі әр түрлі болатын есте сақтау керек. Мұнда саналылық дәрежесі мен белсенділік деңгейі мүлдем ұқсас емес. Сондықтан, оқушылардың саналылығын, белсенділігін жетілдіру, олардың оқып отырған оқу материалдарына байланысты, олардың жас ерекшелігін ескере білу керек.

Оқытудың көрнекілік принципі.

Оқытудың көрнекілік принципі сабақ беруде сызу пәні мұғалімінен мынадай тәсілдерді талап етеді,оқушылар белгілі бір түсінікті,және елестетуді қабылдай біледі. Көрнекілік принципі,оқушылардың білімді меңгеруін қамтамасыз етеді,бұл әдіс ерте кезден дидактикада педагог Яна Амос Каменскиден бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді. Сызуды оқытуда көрнекілік принципі жоғары дәрежелі мәнге ие болады, мысалы, сызу, геометриядағыдай форма оқытылады, кеңістіктегі әртүрлі денелердің орналасу арақашықтығы, өлшемдері т.т. Нақты дене немесе оның моделінсіз, оқушы санасында суреттер немесе сызбаларды түсінікті елестете алмайды. Сызуды оқыту көрнекілік процесімен тығыз байланысты.Бұл белгілі деңгейде білу процесіне көмектеседі.Сонымен қатар техникалық бөлшекті және көру арқылы қабылдау оқушыға беттің өнделу сапасын анықтауға, ұзындығын, дененің берілісін ұғынуға көмектеседі. Көрнекілік, оқушыға қандай да пәнді байланысын, әсіресе сызу пәнін меңгеруге жақсы көмектеседі.

Оқушылардың білімді меңгерудегі беріктік принципі.

Білімді меңгерудегі беріктік принципі сызуды оқытудың мынадай түрінде болады,оқушы бұрын оқыған материалдарын өз санасында оқуда және практикалық мақсаттарға қолдану үшін әрқашан есіне түсіре алады.

Бұл принципті басқа да принциптерден бөлек қарастыруға болмайды.Оқушы сызбаны немесе эскизді өз түсінігінше сызудан қарағанда,бұрын сызған сызба жолдарын есіне түсіре отырып сызса,сонда оқушының білімі берік,толықтырылады.

Оқытудың қол жетерлік (жол ашықтық) принципі. Бұл принцип оқыту әдісі мен мазмұны оқушылардың даму деңгейі мен жас ерекшелігіне сәйкес келуін талап етеді. Мынадай көптеген фактілерден, кейбір практикалық тапсырмаларды төмендегі сынып оқушылары оңай түсінеді де, ал кейде дәл сол материалды жоғары сынып оқушылары әрең ұғынады. Шынында да мұнда,мәселе тек оқушының жас ерекшелігінде ғана емес, бастысы санасының кеңістікті елестету, формасын көре білу, яғни санасының жетілуіне байланысты. Оқыту принципі өзіне оқу ережелерін белгілеген, бұл ертеден белгілі.

Мұндай дидактикалық ережелерде қарастырылатындар:

1).Жеңілден қиынға;

2).Белгіліден белгісізге ;

3).Оңайдан қиынға ;

Бірінші ереже - жеңілден ауырға – жетінші сынып оқушылары бірінші жеңіл геометриядағыдай, проекциялық сызудағыда графикалық тапсырмаларды шешу керек, содан кейін ауырлау тапсырма алу керек.

Екінші ереже – белгіліден белгісізге – мұғалім жаңа материал түсіндіру барысында,бұрын өткен материалға сүйену керек.

Үшінші ереже- оңайдан қиынға - оқушы бірінші оңайы меңгеріп,содан кейін қиын материалды меңгеруін қажет етеді.

Қайталау сұрақтары:


  • сызу пәнін оқытудағы дидактикалық принциптер;

  • оқытудың ғылыми принципін сызуда қолдану;

  • оқытудың жүйелілік принципін сызуда қолдану;

  • оқытудың көрнекілік принципін сызуда қолдану;

  • оқытудың теория мен практикалық байланыс және т.б. принциптерді сызуда қолдану.

8 тақырып: Мұғалімнің тақтада жұмыс істеу әдісі



Мақсаты: студенттерді тақтада сызбаларды жасау әдістерімен қаруландыру

Қысқаша мазмұны:

Тақтадағы сызу ең мықты, орынды мұғалімнің дидақтикалық құрамында басты орын алады. Графикалық көрсетілім мектеп тақтасында үнемі практика арқылы тез және дұрыс әдістемелік жағынан, сонымен бірге жаттығулар арқылы дағдыға айналады. Мұғалімнің тақта алдындағы іскерлік жұмысы оқушылардың қызығушылығын арттырып сызу сабағына және графикалық шығармашылығын, әрі белсенділігін арттырады. Тек қана графикалық емес, сонымен бірге сызуды тақта алдында тез құра білу барлық істердің жетістігі мұғалімнің қалай сабақты өткізуді ойластырылуы, сызудың қалай көрінетіндігі, тақтаның бойында әрбір бөлшектері қандай орын алатындығы, масштабтық көрсетілім қалай сақталуын, қаншалықты дәл элемент көрсетілген заттардың бір бірімен сақталуының дұрыстығы. Сонымен бірге сызбаның композициясын тақтада дұрыс дәл орналастыру керек. Тақтада жұмыстың әдісін көрсете білуі ең маңызды, көріністі өзіңмен жабуға болмайды, ондай әдіс оқушылар жағынан теріс реакция тудырады. Сонымен қатар сызбаны орындау барысында қажетті жылдамдылықты сақтай білу керек. Әрбір тақтадағы графикалық жұмысқа сөздік түсінік болуы қажет. Сызбаны орындауда, мұғалім пропорционалдық қатынас сызбаның жеке бөліктерін сақтай білу керек, және заттың өлшемідігі нобаймен дәлме дәл келу керек.

Мұғалімге өте маңыздысы рационалды түрде әдістемелік жұмысты сызбалық құралдарды мектеп тақтасында және сызғышты да қолдана білуді үйрену қажет.

Қайталау сұрақтары:


  • тақтада орындалатын сызбаларға қойылатын талаптар;

  • тақтада жұмыс істегенде мұғалімге қойылатын талаптар.

9 тақырып: Сызу пәнін оқытудағы формализмдер мен оны жою жолдары



Мақсаты: студенттердің әдістемелік білімдерін жетілдіру.

Қысқаша мазмұны:

Терең де тиянақты білім беру қазіргі орта мектептердің алдына қойып отырған мақсаты. Ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдер, оқушылардың біліктілігін арттыру мақсатында бірлесіп жол іздестіруде. Осыған қарамастан кейбір мектептегі әртүрлі пәндерді оқыту бағдарламасындағы формальді түрде білім беру, қарапайым жаттанды әдістері жиі кездеседі. Бұл оқушылардың керекті тақырыпты түсінбеуіне де, олардың терең білім ала алмауына да әкеліп соқтырып отыр. Ондай біліммен оқушы алған білімін, өмірдегі тәжірибесімен дұрыс байланыстыра алмайды. Оқытудағы осындай кемшілік сол мектептердегі сызу пәні мұғалімдерінде де кездеседі. Оқушыларға мұғалімнің сынып тақтасына өзі сызып берген сызбаларды, болмаса оқулықтағы дайын сызбаларды механикалық жолмен проекциялау негізімен түсінбей ақ көшіріп сызуға дағдыландыру, көпшілік орта мектептердегі маман емес мұғалімдердің қолданып жүрген әдістері. Ондай жолмен орындалған сызбалар оқушыларға ешқандай логикалық жолмен ойланып,проекциялау әдістерін өз тәжрибесінде өзінше еркін қолдана алмайды. Графикалық жұмыстарды орындау процесінде көптеген қателер жіберуге мәжбүр болады. Себебі, түсіндіру процесінде ситуациялық тапсырмалар беруді кейбір мұғалімдер өз тәжрибелерінде қолданбайды,ал оқушы өздігінше логикалық жолмен әртүрлі есеп шығарып көрмеген.ондай оқушының ойлау мүмкіншілігі де шектеулі. Көпшілік жағдайда мұғалімдер кейбір есептерді өздері шығарып кетеді де, оқушылар тек пассивтік тындаушылар болып қала береді. Мұғалім асығыс түсіндіргенде әдістемелік қателер жіберіп, оқушылардың тақырыпты дұрыс түсінгенін, болмаса түсінбегеніне назар аудармайды. Сабақ соңындағы қорытындылау барысында тақырыпқа талдау жасау кезінде мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар жауап бере алмайды. Сонан кейінгі тақтадағы сызбаларды жұмыс дәптеріне көшіріп сызып алшындар деген мұғалімнің берген тапсырмасы орындалмайды. Себебі, мұғалім сабақты түсіндіру барысында өзімен өзі болып кетеді де, оқушылар өздерінше қалып қояды. Осыдан барып мұғалімге тақырыпты қайтадан түсіндіруден басқа жол қалмайды. Бұл жағдай еліміздегі қазіргі кездегі орта мектептердің көпшілігінде кездесетін жағдай екені жасырын емес. Мұндай жағдайда оқушылар мұғаліммен бірге қалыспай тақтадағы сызбаларды көшіріп сызып отыруы керек, ал мұғалім өз кезегінде тақырыпты асықпай, оқушылардың белсенді қатысуымен әрбір бөлігіне тоқталып, талдай отырып түсіндіргені дұрыс.



Қайталау сұрақтары:

  • білімдегі формализм деген не?

  • формализмге әкелетін мұғалімнің қателіктері;

  • формализмді жою жолдары.

10 тақырып: Сызу сабақтарында қолданатын техникалық әдістер



Мақсаты: студенттердің әдістемелік білімдерін жетілдіру, техникалық құралдарын қолдануды игеру

Қысқаша мазмұны:

Оқыту процесінде кино және диафильмдер мектепте қоладану, оқушыларға бір уақыт ішінде кино әдісі арқылы ақпаратты көбірек, әрі әсерлі тәсілмен жеткізуге болады. Мұғалімдер кинофильмнің ролін сабақ үстінде қолдануын әлі дұрыс аңғармайды. Сабақ үстінде тек қана кинофильмді оқушыларға көрсеткен кезде, оны әнгімелеп беру керектігін, оқу таблицаларын қолданып, диафильмдерді де қолдануды ұмытпауы тиіс. Кино, диафильмдерді көрсеткен кезінде мұғалім әртүрлі мақсаттарды көздейді: оқушыларға жаңа тақырыпты жеткізу, сызу құрылысын тұргызуын көрсету, өткенді жүйелеу және жалпылау т.б. сабақ құрылымы дұрыс болса, оқушылардың экранда көрсетілген оқу материалын қабылдау белсенділігі артады. Кинофильмді көрсетер алдында мұғалім өзі кинокөріністерді, сондай ақ, оган жалғанған дикторлық сөздерін игеру қажет. Сонымен қатар,ұстаз алдындағы мәнді мәселе, ол сабақ мазмұны мен фильм материалының арасындаы байланыс, және оны қайда, қашан және қалай сабақ үстінде қолдануын анықтау керек. Мұғалімдердің көбінің тәжірибесі жоғары және орта мектептерде өткізілген эксперименттер, сабақ үстінде техникалық оқу құралдарын қолдану, оқушылардың бағдарлама материалын жоғары натижелі қабылдау мәселесін едәуір шешеді. Бұл техникалық құралдарға бағдарламаланған оқытуды жатқызуға блады, яғни ол дегеніміз оқушылардың тәсәлін басқару процесі.

Кодоскопты сызу пәнінде қолдану. Кодоскоптың көмегімен экран бетіне проекцияларды орындауға болады. Көбінесе бұл аппаратты мұғалім үстеліне орналастырады. Аппараттың мүмкіншілігі, мұғалімнің орнында отырып, сызуға, әрі сабақты жүргізуге мүмкіндік береді. Суреттер мен сызбаларды шыны пластинкалар және полиэтиленнен жасалған пластинкаларға жасауға болады. Кодоскоп сабақ үстінде таблицалар мен диафильмдер, кинофрагменттерді бірге қолданса, оқушылардың сабақты тез, әрі сапалы меңгеруін жеңілдетеді. Бүгінгі заманның талабы, ол компьютерлік бағдарламаларын және интерактивтік тақтаныда сызуды оқыту процесінде тиімді қолдану.

Қайталау сұрақтары:


  • сызуды оқытуда кинофильмдерді және диафильмдерді колдану тәсідері;

  • оқытуда кодоскопты қолдану;

  • компьютерлік технологияларды сызуда колдану;

  • интерактивтік тақтаны қолдану әдістері.

11 тақырып: Графикалық жұмыстарды тексеру әдістері



Мақсаты: студенттердің әдістемелік білімдерін жетілдіру.

Қысқаша мазмұны:

Мұғалімнің жұмысының ең маңызды процесі – ол графикалық жұмыстарды тексеру. Бұл көп көңіл бөлуді, үлкен күшті және сауаттылықты керек етеді. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың графикалық жұмыстарын қалай орындап отырғанын қадағалап, жіберген қателерін ескертіп, оны жөндеу жолдарын көрсетеді. Бұл тұрғыда әрбір жұмысқа мән бере отырып, бағыт беруі керек. Мұғалімге сызбаларды толық, әрі тездетіп тексеріп шығу үшін, жүйелі түрде тексеруге дағдылану керек. Мысалы, өлшем бірліктерін тексеру төмендегідей тәртіппен жүргізілуі керек:



  • өлшемдердің толық қамтылуы;

  • өлшемдердің артық қойылуы;

  • өлшемдерді дұрыс орналастыра білуі;

  • өлшем сызықтары ұштарының параметрлерінің сақталуы және өлшем сандарының өз орнына сәйкес орналасуы;

  • өлшем сызықтарының шығару сызықтарына қарағанда дұрыс орналасуы;

Мұндай жүйелі жұмыс толығынан, қатесіз аз уақыт ішінде тездетіп тексеруге мүмкіндік береді. Қорытынды тексеру мұғалімнің жұмыс орнында, болмаса сабақтан бос уақытта тексеріліп бағаланады. Оқушы еңбегін бағалай білуі керек, мүмкін болса ол жұмысты қайтадан сыздыруға жеткізбей, сол пішіндегі сызбаның қателерін дұрыстауға жағдай жасаған дұрыс. Сызбаны, эскизді орындап болған оқушыларға өз қателерін өздеріне тауып, жөндеуді ұсынып көруге де болады. Оқушы өзіндік белсенді ойлану ісінің нәтижесін асыруға шамасы келгенде барып оны дұрыс қабылдай алады. Сондай ақ олардың өзіндік ойлану белсенделегін арттыру мақсатында, кейбір уақытта оларға өздерінің жіберген қателерін, өздері дқрыстауға мүмкіндікберуге болады. Оқушылардың сызбаларын тексеруде осындай жүйелі тексеру жұмыстары олардың графикалық жұмыс орындаудағы ынтасын жақсартуға үлкен септігін тигізеді. Оқушылардың жұмыстарын екінші рет тексеру, мұғалімнің оларға берген кеңесінің қалай орындағанын тексеруге мүмкіндік береді.

Қайталау сұрақтары:

  • графикалық жұмыстарды тексеру түрлері;

  • өлшемдерді тексеру реті;

  • қорытынды тексеру.

12 тақырып: Сызу пәнін оқыту жұмыстарын ұйымдастыру. Оқу жоспары және бағдарлама.



Мақсаты: студенттерді оқу жұмыстарын ұйымдастыру әдістерімен және сызу пәнінің бағдарламасымен таныстыру

Қысқаша мазмұны:

Сызу пәні орта мектептердің 9 сыныбында оқу аптасында екі сағаттан, оқу жылында барлығы 68 сағат өтеді.сол оқу жылына сәйкес оқу бағдарламасы жасалған. Бұл бағдарламада оқушылардың білім шеңбері анықталып, олардың тәжірибе жүзінде сызбаларды еркін оқида, орындай да алатын қабілетке жеткізу, техникалық тетікбөлшектердің сызбаларын, эскиздерді сыза білуі, қарапайым құрастырма сызбаларды оқи білуі және топографиялық, құрылыс сызбаларының элементтері мен таныс болуын қамтыған. Бағдарламада оқушылардың білім деңгейінің жоғарылағаны ескріліп, оның мазмұны кеңейтілген. Бұл бағдарламаның осыған дейіегі жасалған бағдарламалармен салыстырғанда принциптік өзгешелігі бар. Оқушыларға салмақ түсірмеу үшін, бағдарламаның құрылысы мен мазмұны қайта өңделген. Жаңа бағдарламада оқу материалдарының тараулары, тақырыптары және бөлімдері сыныптардың оқу жылдарына қарай ықшамдылап бөлінген, әрбір сынып бойынша міндетті түрде орындалатын графикалық және практикалық жұмыстардың тақырыптары еңгізілген. Мұғалімдер жұмысын сызу курсының бағдарламасы, негізінен сыныпта оқытуға бағытталған. Кейбір жағдайда графикалық жұмыстарды үйде орындауға мүмкіндік берілген. Бірақ ол аптасына бір ағаттан аспауы тиіс. Бағдарламада берілген барлық тапсырмалардағы сызбалардықарындашпен орындау ұсынылған. Бұл оқушының негізгі материалдарды тереңірек игеруіне, гарфикалық және практикалық жұмыстарды орындауда, көбірек уақыт үнемдеуне мүмкіндік береді. Оқушылардың өтілетін тақырыптарды толығырақ игеруге көмегін тигізу үшін, әртүрлі көрнекі құралдардың кеңірек қолдануына назар аудару ұсынылған. Бұл бағдарлама оқушылардың сызбаларды орындауда өздігінше жұмыс істуін дамытуды көздейді, мұндай оқыту жүйесі, олардың мектепте алған тиянақты білімінкелешектк кез келген саладағы сызбаларда қолдана алуға себебін тигізеді.

Сызу сабағы оқушылардың логикалық ойлану қабілетін арттыру, көру, қадағалау, олрады салыстыру, талдау, синтездеу қабілетін қалыптастыруға бағытталу керек. бағдарламда әрбір сабаққа оқу материалдарын тиянақты дайындап, олардың оқушыларға көп салмақ түсірмейтін жағы да қарастырылған. Берілетін тапсырмалардың көп уақытты алмайтындан, бірақ терең түсінетіндей жаттығылардың үлгісі ұсынылған. Сызбаларды, эскиздерді, кескіндерді орындау әдістерін оқушыларға үйретуде, мұғалімдерге мүмкіндігінше тлық бағыттары қарастырылып,көмекші құралдардың топтамасы қоса беріліп отыр.

Қайталау сұрақтары:


  • сызу сабақтары аптасына неше сағат өтеді?

  • сызу бағдарламасы нені көрсетеді?

13 тақырып: Сызу пәнін оқытуда қолданатын сабақтардың формалары



Мақсаты: студенттерді сызу сабақтарының түрлерімен, максаттары және құрымымен таныстыру.

Қысқаша мазмұны:

Сызу пәнін оқытуда қолданылатын сабақ өткізу формалары оның мақсаты мен әдістемесіне байланысты төмендегідей болуы мүмкін:



  • оқушыларға жаңа материалды хабарлау /жаңа білім беру/ сабағы;

  • қайталау және алған теориялық, практикалық білімін бекіту сабағы;

  • оқушылардың осы пәннен алған нақты білімін тексеру және бағалау сабағы;

  • аралас сабағы.

Алғашқы типтегі сабақта мұғалім жаңа материалды тақтаға, қағазға орындаған графикалық сызбалардың, көрнекі құралдардың, көлемді модельдердің және басқада дидиатикалық материалдардың көмегін қолдана отырып, түсіндіруіне болады. Мектеп тәжірибесіндегі қайталау және өтілген тақырып материалдарын бекіту сабақтарыәрдайым марапатталып отыруы керек. Сондай мақсатпен әрбір сабақтың бас жағында, жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын, өткенді қайталап , бекіту барысында, енді өрілетін материалдармен байланыстыра отырып жүргізеді. Алдыңғы өтілген тақырыпқа жеңілдетілген жаттығу жасау осындайда көп көмегін тигізеді. Мұғалімнің алдына қойған мақсаттары, оқушылардың білім дәрежесін анықтау болса, олардың өздері орындаған графикалық және практикалық жұмыстары түрінде, ол сызбалардың көмегі мен модельдерді орындау, белгілі бір тақырып, болмаса бағдарламаның тарауы бойынша сызбалармен байланыстыру. Сызу пәні мұғаліміне оқушылардың тиянақты білімалуы үшін, әртүрлі аралас формадағы сабақтарды қолдануы табысты қорытынды берері сөзсіз. Олардың жұмыс істеу барысында мұғалім жеке оқушылардың ісіне белсенді араласып, олардың білім деңгейін, техникалық сауаттылығын біледі. Сөйтіп аралас түрдегі сабақ типтері жаңа материалды әнгіме жүзінде өткізу, өткен тақырыпты қайталау, оқушылардың сұраққа жауап беруі, эскиздерді сызудағы практикалық жұмыс түрінде өтілуі мүмкін. Сызу пәнін оқыту сабақтардың әртүрлі әдістермен ұйымдастырылуы оның ішінде аралас түрде өтілетін сабақтар негізгі форма болып саналады. Сабақтың міндетін, құрылымын және өткізу барысын жақсылап анықтап алған мұғалімге, сло сабақта өзінің оқушылармен бірігіп шешілетін сабақтың мақсаты да толық орындалады.

Қайталау сұрақтары:

  • сызу сабақтарының түрлері;

  • сызу сабақтарының ұтымды формалары;

  • аралас сабақтың ерекшелігі.

Әдебиеттер:

1.Дембинский С. И. Кузьменко В. И. Методика преподавания черчения в средней школе.- М., 1973

2. Методика обучения черчению /Под ред. Е.А. Василенко.- М., 1990

3. Жандосов Қ. Сызу пәнін оқытудың әдістемесі /Бейнелеу өнері және сызу.- 2004.-№ 3.- С.3.

4. Жандосов Қ. Сызу пәнін оқыту адістемесі /Бейнелеу өнері және сызу.- 2004.-№ 4.- С.3.

5. Методика обучения учащихся способом мысленного преобразования предметов по их изображениям.- Алма-ата., 1986

6. Ботвинников А.Д., Вышнепольский И. С. Черчение в средней школе.- М., 1989

7. Преображенская Н. Г. Сечение и разрезы на уроках черчения.- М., 1986

4 Практикалық/тәжірибелік/ сабақтар:

4.1 Сызу сабақтарында қолданатын терминдер. Глоссарийді құрастыру.



БӨЖ:

Глоссарийді құрастыру.


4.2 Сызу пәннің бағдарламасымен танысу және талдау

БӨЖ:

Глоссарийді құрастыру.


4.3 Күнтізбелі-тақырыптық жоспар құрастыру

БӨЖ:

Күнтізбелі-тақырыптық жоспар құрастыру


4.4 «Негізгі геометриялық салулар» тақырыбына арналған сабақтар. Сабақ жоспарын құрастыру.

БӨЖ:

Сабақ жоспарын құрастыру.


4.5 «Негізгі геометриялық салулар» тақырыбына сабақ жоспарын құрастыру.

БӨЖ:

Сабақ жоспарын құрастыру.


4.6 Модельдеу және құрастыру сабақтары. Геометриялық денелердің модельдерін жасау

БӨЖ:

Геометриялық денелердің модельдерін жасау


4. 7 Геометриялық денелердің модельдерін жасау

БӨЖ:

Геометриялық денелердің модельдерін жасау


4.8 Сызудан үйірме жұмыстарын жоспарлау

БӨЖ:

Олимпиада тапсырмаларын дайындау


4.9 Дидактикалық ойындарды құрастыру және жасау тәсілдері/лото, домино, сөзжұмбақтар, т.б./

БӨЖ:

Дидактикалық ойындарды құрастыру және жасау тәсілдері/лото, домино, сөзжұмбақтар, т.б./

4.10 Сабақтың көрнекіліктерін жасау /тапсырма карточкалар т.б./

БӨЖ:

Сабақтың көрнекіліктерін жасау /тапсырма карточкалар т.б./


4.11 Сабақтың әдістемелік құжаттарын әзірлеу, талдау, көрсету

БӨЖ:

Сабаққа презентация жасау

/слайд-шоу, анимация т.б./
4.12 Презентацияларды қолдану, көрсету
5 Практикалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар
1 тақырып: Сызу сабақтарында қолданатын терминдер.

Глоссарийді құрастыру



Мақсаты: студенттерге сызуды оқытуда қолданатын арнайы терминдерді ойда сақтату, глоссарийді құрастыруды үйрету, терминдерді орнымен дұрыс қолдану.

Әдістемелік нұсқау:

Глоссарий – арнайы терминдердің анықтама сөздігі.

Студенттер, сызуда қолданатын терминдерді, арнайы оқулықтардан, кітаптардан іріктеп таңдап алып, олардың қысқаша анықтамасын дәптерге жазып алады.

Сонан кейін, оларды алфавиттің ретімен орналастырып, компьютермен А4 форматына жинақтайды.


2 тақырып: Сызу сабақтарында негізгі геометриялық салуларды үйрету әдістері. (1 сурет)

Мақсаты: студеттерді сызу құралдарымен тақтада жұмыс істеу әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.

Әдістемелік нұсқау:

Cтудеттер, тақтаның бетіне негізгі геометриялық салуларды, сызғыштарды қолданып отырып, сызады, олар:

- өзара параллель, перпендикуляр орналасқан сызықтар;

- сызық кескінін тең бөлшекке бөлу;

- шеңберлерді тең бөлшекке бөлу;

- шеңберге жанама салу;

- екі, өзара қиылысқан, сызықтардың түйіндесуін салу;

- шеңбер мен сызықтың түйіндесуін салу;

- шеңберлердің түйіндесуін салу.

Тақтада сызбаларды жасағанда, студенттер, мыналарды ескеруі қажет:

- арнайы құралдарды қолдану;

- түрлі - түсті борларды қолдану;

- сызбаларды тақта бетіне ұқыпты орналастыру;

- сызба сызықтарын орнымен қолдану;

- сызба жазулары мен өлшемдерін дұрыс жазу;

Студенттер, сызбаларды тақтада орындағанда, олардың жасау реті мен әдістерін, ауызша түсіндіріп отырады.


3тақырып: Оқушылардың кеңістікте елестету қабілеттерін қалыптастыру сабақтарын жоспарлау, көрнекіліктерін дайындау.

Мақсаты: студенттерге, сабақтың оқу-әдістемелік құжаттарын дайындауды үйрету, сызбаларды тақтада салуды игеру.

Әдістемелік нұсқау:

Студенттер бірнеше сабақтардың жоспарын жасаулары тиіс. Ол сабақтарда проекциялау әдістері ретімен жүйелі түрде қарастылуы және қолданатын көрнекіліктері белгіеніп жеткілікті болуы тиіс. Проекциялау сабақтарында қарастырылатын тақырыптар:

а/ Орталық және параллельдік проекциялау;

ә/ Тікбұрыштық проекциялау;

б/ Нүктелердің, сызық кесінділерінің, геометриялық фигуралардың екі үш жазықтықтағы проекциялары;

в/ Геометриялық денелердің тікбұрыштық проекциялары;

г/ Модельдің екі проекциясы /көрінісі/ бойынша үшінші проекциясын /көрінсін/ сызу.

Проекциялау сабақтарының көрнекіліктері:

а/ үш қабырғалы бұрыштың моделі;

ә/ геометриялық денелердің модельдері;

б/ нүктелердің, кесінділердің, геометриялық фигуралардың проекцияларын көрсететін оқулық плакаттар, т.б.

Студенттер, сабақ жоспарын кеңейтіп көлемді жазуы тиіс, сабақ барысында тақтаға сызатын сызбаларды да жоспарға еңгізу керек.

4 тақырып: Аксонометриялық проекцияларды оқыту әдістемесі. Сабақ жоспарын және көрнекіліктерін жасау. (2сурет)

Мақсаты: студенттерге аксонометриялық проекцияларды тақтада салуды игеру, сызу сабақтарында оқытуды және жоспарлауды үйрету.

Әдістемелік нұсқау:

Геометриялық фигуралардың /үш бұрыш, төрт бұрыш, алты бұрыш/ аксонометиялық /изометрия, диметрия/ проекцияларын тақтада және дәптерде сызу.

Геометриялық денелерді тікбұрыштық изометрияда сызу.

Модельдің, екі көрінісі бойынша, аксонометриясын сызу.

Сабақ жоспарлары толық жазылуы тиіс.

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық плакаттар, геометриялық денелер, модельдер, т.б.


5 тақырып: Сызудағы модельдеу сабақтары. Геометриялық денелердің модельдерін жасау. (3сурет)

Мақсаты: геометриялық формаларды модельдеудің әдіс - тәсілдерін игеру

Әдістемелік нұсқау:

Геометриялық формаларды талдау. Формалардың алуан түрлерін қарапайым геометриялық денелерден құрастыру. Формаларды құрастыру тәсілдері: бүктеу, өсіру, кеміту, айландыру, симметрилау, т.б. Геометриялық денелердің жаймасын сызу, қатты қағаздан үлгісін жасау, модельдерін құрастыру. Симметриялық және ассиметриялық формаларды әртүрлі материалдардан /пенопласт, қатырма қағаз, т.б./ жасау. Техникалық және көркемдік модельдерді компьютерлік жобалау әдісімен орындау.


6 тақырып: Оқушылардың қызығушылығын арттыру әдістері. Сызу сабақтарында қолданатын ойындар /лото, домино, кроссворд, т.б./

Мақсаты: студенттерге, дидактикалық ойындарды жасау және қолдануды үйрету

Әдістемелік нұсқау:

Лото, домино, кроссворд, т.б. дидактакалық ойындарды сабақта қолдану. Ойындардың тақырыптарын белгілеу, тапсырмаларын таңдау, эскиздерін жасау. Дұрыстығын тексергеннен кейін сызбаларын форматтарға көшіру, ламинаттау. Дидактикалық ойындардың сабақтарда қолдануын көрсету.


7 тақырып: Геометриялық денелердің және модельдердің техникалық суреттерін тақтаға салу. (4сурет)

Мақсаты: студенттердің көз мөлшерімен, қолдан тақтаның бетіне техникалық заттардың суретін салуды дағдыландыру.

Әдістемелік нұсқау:

Техникалық сурет – техникалық заттардың, көз мөлшерімен сызу құралдардың көмегінсіз, аксонометриялық негізінде орындалған сызба. Техникалық суреттің негізгі элементтерін орындау, олар:

Тік, көлденен, көлбеу орналасқан өзара параллель сызықтарды және геометриялық фигураларды салу. Аксонометрия заңдылығының негізінде геометриялық денелердің және модельдердің техникалық суреттерін салу. Жарық пен көленкесін көрсету.

8 тақырып: Күнтізбелі - тақырыптық жоспарды құрастыру



Мақсаты: сызу пәнінің тақырыптарының жылдық жоспарлауын үйрету

Әдістемелік нұсқау:

Мектепте сызу пәні бір жылда 68 сағат көлемінде өтеді. Осы көлемде сызу бағдарламасының әр тарауға бөлінген сағаттары бойынша, жүйелі түрде ретімен күнтізбелі - тақырыптық жоспарды үлгісіне қарап құрастыру қажет.

Күнтізбелі - тақырыптық жоспардың үлгісі:

9 тақырып: Оқу - әдістемелік құжаттарды әзірлеу



Мақсаты: мұғалімнің оқу - әдістемелік құжаттарын жинақтап, орнымен қолдануды ескерту.

Әдістемелік нұсқау:

Мұғалімнің оқу - әдістемелік құжаттары:



  • Сызу кітабы;

  • Сызу пәнінің бағдарламасы;

  • Күнтізбелі - тақырыптық жоспар;

  • Сабақ жоспарлары;

  • Дидактиакалық ойындар;

  • Глоссарий;

  • Сабақтың көрнекіліктері.

Студентер осы құжаттарды берілген ретпен жинақтап тапсырады.

6 Білімалушылардың өздік жұмыстары

Білімалушы оқытушы жетекшілігімен орындалатын өздік жұмысы /БОӨЖ/ және білімалушы толық өз бетімен орындайтын өздік жұмысы /БӨЖ/ тақырыптары тәжірибелік /практикалық/ сабақтарына сәйкес келеді. Сабақта басталған жұмыстар БОӨЖ-да жалғасып, БӨЖ-да аяқталады, сондықтан тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулары алдында көрсетілгендей сақталады.

6.1 Глоссарийді құрастыру.

6.2 Күнтізбелі-тақырыптық жоспар құрастыру

6.3 Сабақ жоспарын құрастыру.

6.4 Геометриялық денелердің модельдерін жасау

6.5 Олимпиада тапсырмаларын дайындау

6.6 Дидактикалық ойындарды құрастыру және жасау тәсілдері/лото, домино, сөзжұмбақтар, т.б./

6.7 Сабақтың көрнекіліктерін жасау /тапсырма карточкалар т.б./

6.8 Сабаққа презентация жасау

/слайд-шоу, анимация т.б./



Әдебиеттер:

1.Дембинский С. И. Кузьменко В. И. Методика преподавания черчения в средней школе.- М., 1973

2. Методика обучения черчению /Под ред. Е.А. Василенко.- М., 1990

3. Жандосов Қ. Сызу пәнін оқытудың әдістемесі /Бейнелеу өнері және сызу.- 2004.-№ 3.- С.3.

4. Жандосов Қ. Сызу пәнін оқыту адістемесі /Бейнелеу өнері және сызу.- 2004.-

№ 4.- С.3.

5. Методика обучения учащихся способом мысленного преобразования предметов по их изображениям.- Алма-ата., 1986

6. Ботвинников А.Д., Вышнепольский И. С. Черчение в средней школе.- М., 1989

7. Преображенская Н. Г. Сечение и разрезы на уроках черчения.- М., 1986

8. Ботвинников А.Д., Вышнепольский И. С. Черчение в средней школе.- М., 1989

9. Есмұхан Ж.М. Сызу 8-9. – Алматы, Мектеп., 2002

10. Боголюбов С.К. Задания по курсу черчение. Основы начертательной геометрии. – М., 1978



11. Родик, Хаскин. Справочное руководство по черчению.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет