1.6. Білім беру үрдісін ақпараттандырудың талдауы
Білім беруді жаңғырту тұжырымдамасы және техникалық прогресс білім берудің алдына АКТ қалыптастыру міндетін қойып отыр- практикалық өмірде білімдері мен біліктерін қолдана білетін, қазіргі заманда жетістікті әлеуметтену үшін құзыретті тұлға қалыптастыру. Осыған орай, лицейді дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, «№2 лицей» КММ қызметінің басымды бағыты білім беру үрдісін ақпараттандыру болып табылады.
Электрондық пошта techliceum@kargoo.kz
URL http:// kargoo.gov.kz /sch0
Интернет байланысы: бөлектелген арна. Интернет-провайдер MEGALINE. Жылдамдығы - 10-12 Mb/c.
Компьютерлік техникаға қызмет көрсету үшін лицейде ставкалар енгізілген: зертханашы, жабдық бойынша инженер.
«№2 лицей» КММ сервер, 3 компьютерлік сынып енген ақпараттық орталық жұмыс істейді.
Білім беру мекемесінде барлығы 86 компьютер, олардың- 85 стационарлық, 4 ноутбук. Әкімшілік мақсатта 10 компьютер пайдаланылады. пәндік кабинеттерде мұғалімдердің автоматтандырылған жұмыс орындары ұйымдастырылған, 5 интерактивті тақталар сатып алынған, 56 компьютер оқшауландырылған жүйеде және Интернетке қосылған.
Білім беру үрдісін бағдарламалық-әдітемелік қамтамасыз ету білім беру үрдісі ресурстарының қорынан, оның ішінде электрондық оқу құралдары, тестілейтін, бақылайтын, үйрететін бағдарламалардан, электрондық оқу-әдістемелік кешендерден тұрады.
Егер лицейде, компьютер, жобалаушы, экран, интерактивті тақта болса, онда мұғалім зор мүмкіншіліктерге ие болады. Бірақ, «жабдық» пен «контент» – бұл тек екі «кит», ал үшіншісі – АКТ- назар мен жігерді талап ететін мұғалімінің құзыреттілігі. Лицейде педагогикалық кадрларды сабақтарына жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу мен енгізу бойынша үнемі дайындықтар өткізіліп отырады, күндізгі және қашықтық компьютерлік курстар, семинарлар мен үйрету жаттығулары өтізіледі. Осының бәрі жақсы нәтижеге қол жеткізді- лицейдің 32 педагогы (100%) сенімді пайдаланушысы болып табылады, мұғалімдер қалалық, републикалық және халықаралық деңгейлерде өткізілетін қашықтық семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |