№2 Магистранттың өзіндік жұмысы
Жаңашылдық ұғымы. Жаңа педагогикалық технология түрлері
Жаңашылдық (инновация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы. Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология, ұйымдастырушылық нысан, тәжірибелік құрал, идея, қызмет түрі, материалды объект, өнертабыс, және т.б. Инновация – қандай дар бір тиімге қол жеткізетін, адам өмірінің барлық сфераларына енгізілген жаңашылдық.. «Инновация» термині, көптеген зерттеушілердің пікірінше, XV ғасырдың бірінше жартысында ағылшынның «innovation» сөзінен пайда болған, ол сөз «қайта жаңғырту» немесе «бұйымдарды жасаудың жаңа жолы» дегенді білдіреді. Австриялық ғалым Джозеф Шумпетер XX ғасырдың 30 – жылдарында инновациялар түсінігін экономикалық ғылымға енгізді, және оны тұтынушылық тауарлардың жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, өнеркәсіптегі ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізу және қолдану мақсатында өзгеріс ретінде түсіндірді. Дж.Шумпетер бойынша, инновация – бұл тек қана жаңашылдық емес, ол кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндірістің жаңа функциясы. Инновация – инновациялық қызметтің, инновациялық үрдістің нәтижесі, оның барысында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылады, мысалы: ғылыми – техникалық зерттеулер, өндіріс, маркетинг және менеджмент. Оның «пайдалы инновациялық тиімділігін» анықтау пайдалы функциясы арқылы жүзеге асырылады – ол инновацияның жаңашылдықтан, белгілі бір ашудан ерекшелігі. Өнертабыстардың әлеуметтік немесе экономикалық құндылығы болмайды, егерде олар инновацияларға айналмаса. ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңында инновация деп экономикалық айналыста жүрген жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс немесе жаңа немесе жетілдірілген тауар ретінде жүзеге асырылған интеллектуалды шығармашылық еңбек нәтижесі түсіндіріледі.
Сонымен, экономикалық талдау үшін «инновация» категориясының төрт маңызды аспектісі маңызды:
инновация – кәсіпкердің инновациялық қызметі арқылы инновациялық өнім түрінде нақты өмірге жүзеге асырылған интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде;
инновация –бұл нарықтық тепе – теңдікті бұзатын бәсекелік күш;
инновация пайдалы тиімді қамтамасыз ететін жаңа немесе жетілдірілген өнім немесе үрдіс ретінде;
инновация экономикалық өсу факторы ретінде.
Инновациялар түсінігі өзінің эволюциялық дамуында әртүрлі нысандар мен мазмұнға ие болды. И.В. Афонин пікірінше, «ғасыр метаморфозасының өкілі» ретнде белгілі ғалым Джон А.Гобсонды айтуға болады. Ол ғалым құнның үш факторына, яғни «жер – еңбек - капитал» категорияларына төртінші «талантты» енгізді және «агрессивті өнеркәсіп сферасы» түсінігін енгізді. Соңғысы түсінік ретінде автор экономика сферасын түсінеді, онда жаңа технологиялар өндіріледі, игеріледі және енгізіледі, және онда капитал пайдасын иелену мүмкін болады.
Кейіннен 1912 ж. Й.Шумпетер – инновациялардың қазіргі концепциясының негізін қалаушы – «Экономикалық даму теориясы» атты өз еңбегінде алғаш рет «новатор» және «жаңашылдық» түсініктерін енгізді. Өз зерттеулерінде ол инновациялылықпен – яғни өндіріс күштерін жаңа ұйымдастыру, шоғырландыруға деген қабілеттерімен сипатталған кәсіпкердің жаңа қасиетін бөліп көрсетті. Бұл қабілет тек қана кәсіпкерлік пайда алуға ғана емес, сонымен қатар өндірістің қолда бар циклдарын жеделдетуге және жалпы экономикалық өсуді жылжытуға мүмкіндік береді. Шумпетер өзінің өзектілігін әлі күнге дейін жоғалтпаған инновациялардың келесідей түрлерін бөліп көрсетті:
жаңа өнім мен қызметтер;
ұйымдастырудың жаңа нысандары;
өндірістің жаңа түрлері;
қамсыздандырудың жаңа көздері;
өткізудің жаңа нарықтары.
«Іскерлік белсенділік циклдары» атты өзінің теориясында ғалым гипотезасын шығарды, оған сәйкес экономикалық дамудың қозғаушы күші – яғни құрылымдық өзгерістердің циклдың үрдісінің қозғаушы күші болып кәсіпкердің инновациялық қызметі – тәуекелді бизнес арқылы инновацияларды нарыққа жылжытудың уникалды және сирек кездесетін қабілеті табылады. Сәйкесінше, кәсіпкер экономикалық өсу мен экономиканы бәсекелік қайта құрылымдаудың тұрақты көзі болып табылады. XX ғасырдың 50 – жылдарында американдық ғалым Роберт Солоу экономикалық өсудің жетекші факторы болып ҒТП табылатындығына ерекше назар аударады. Дәл осындай бағалауларды келесідей экономисттер жасады: Джон Кендрик, Эдвард Денисон. Экономикалық өсудегі технологиялық үрдістің ерекше роліне Саймон Кузнец назар аударған. С.Кузнецтің пікірінше, қоғамның қажеттіліктеріне қанағаттандыратын ұлттық өнімнің тұрақты өсіміне технологиялық өсу арқылы қол жеткізіледі. Кейіннен Э.Денисон экономикалық өсудің 23 факторынан тұратын жіктемесін жасап шығарды, оның 4 еңбекке қатысты, 4 – капиталға қатысты, 1 – жерге, қалған 14 ғылыми – техникалық прогрестің үлесін сипаттайды.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту техно логияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің : оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Жаңа технология түрлерін информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске ас ады :
кезең: оқып-үйрену;
кезең: меңгеру;
кезең: өмірге ендіру;
кезең: дамыту.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды информатиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Информатиканы оқытуда жаңа технология түр лерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей ұсынылады: Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жас айды .
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан техно логиялардың бірі - осы технология. Мақсат пен міндеттердің о рындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
ассоциация;
бірлестік қызмет;
көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
оқу үрдісінде қызығушылық артады;
оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:- алдынала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте с ақтауға мүмкіндік береді.
Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Жекелеп оқыту т ехнологиясы . Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.
мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
ОҰӘ принциптері:- жоғары жетістікке талпыну;
алынған мәліметті бір-біріне лезде кідір іс с із жеткізу;
оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі;
Топтық технология Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы. Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді.
Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.
Презентациялар технологиясы.Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға информатика сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдынала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын информатика сабағында пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.
Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік техн ологиямен білім ала алады. Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық техно логиялар:
Мәдени кезек сөз – оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.
Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына о рналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.
Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ)Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.
ДБІ технологиясының ашушы түзгіші – жаттығу – үшен сабақтардың бірінде қаралады:
қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;
жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.
Кезеңдеп оқыту технологиясы.3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақмеңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – техноло гияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.
Жеке пәндік педагогикалық т ехнология. 1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.
2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.
Мақсаттық бағыттары:
қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;
ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;
қабілетті балаларды дамыту;
Альтернативті технологиялар. Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен одақтасуда жекеліктің өз бетінше таңдауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.
Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори)Мақсаттық бағыты:
жан-жақты дамыту;
жекелікті тәрбиелеу;
бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түз гіштерін біріктіру.
Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе о тырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.
Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмұны болады.
Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.
Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.
Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары. Мектеп – парк (М.Балабан) – түрлі жастағы балалар бірлестігіне негізделген – ашық студиялар. Ашық студияның сыныптан айырмашылығы, сабаққа келген бір топ оқушылар емес, немесе бір деңгейдегі даярлығы барға жататын оқушылар тобы емес. Ашық студияда топ басында тұратын лидер – мұғалімі бар аға және кіші оқушылардың құрылымы.
Оқытудың негізгі әдісі – одақтасудың сөзбен қарым-қатынасы, кезексөз. Нәтижесін бағалау - өзіндік бағалау деңгейінде әркімнің қалыпты өсуін сезінуді қамтамасыз ету.
Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпаратты технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық білімін өздерін - өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды. Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?
Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар, шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады, оқуға деген қызығушылығын арттырады, уақытында тапсырмаларды орындай алады, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі,уақытты үнемдейді, қайталау мүмкіндігін кеңейтеді, орындаған жұмыстарының қателерін бірден көреді. Қазақ тілін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізгі лингвистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп, бір мезгілде іске асырамыз. Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс істеуін талап етеміз, сондықтан өткізген сабағымыз мазмұнды, интенсивті болады.
Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. І том. Алматы, 2006.
Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. ІІ том. Алматы, 2006.
С.Елубаев. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемес і. Жалпы бөлім. А., 2006.
Д.Ш.Матрос, Д.М.Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий, М.,2001.
К.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. (о қулы қ) Тараз. ТарМУ,2003ж.
Қ. Өстеміров, А.Айтбаева, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.
Педагогика жаршысы №4 2010 ж.
Қазақ тілі мен әдебиеті №5,6 2009 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |