Шыныны қайнату және шыны бұйымдарын жасау. Шыны – табиғатта кеңінен кездесетін кварцты өзен құмы, натрий гидрокарбонаты, бор және т.б. жасалды. Шыныны арнайы пештерде 1350-16000С температурада қайнатады, құрамында кварцты құм (кремний тотығы) неғұрлым көп болса, жасалған шынының балқығыштығы мен ыстыққа төзімділігі соғұрлым жоғары болады. Шыныны қайнатқанда күрделі физика-химиялық процестер жүреді, соның нәтижесінде шикізаттың механикалық қоспасынан (шихта) біркелкі гомогенді шыны массасын алады. Жоғары температурада қайнату процесінде шыны бірқатар кезеңдерден өтеді: силикат түзеу (қайнатылған қоспа алу) ағару (бос кеңістіктерден тазару), гомогенизация (біркелкілікке келу) және салқындату (200-3000С) температурада жабысқақтығын ұлғайту мен қалып түзеу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |