2. Негізгі бөлім: i-тарау «Мәдени мұра» тарихымызды жаңғыртқан бағдарлама


Сәулет өнері саласындағы жетістіктер



бет5/7
Дата14.02.2023
өлшемі44,43 Kb.
#168738
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мәдени мұра КЖ Нәсіпқалиев З.Н

2.2



Сәулет өнері саласындағы жетістіктер

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен әзірленді. Бағдарлама халықтың орасан зор мәдени мұрасын, оның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, фольклорын, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтас жүйесін құруды; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта құруды; ұлттық әдебиет пен жазудың көпғасырлық тәжірибесін жинақтауды көздейді; әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде мемлекеттік тілде толыққанды гуманитарлық білім беру қорын құру.


Бағдарлама аясында 2004-2011 жылдары арасында жүзеге асырылған: 78 тарих және мәдениет ескерткіштерінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Тарихи және этнографиялық бейіндегі мемлекеттік мұражайлардың, Қазақстан тарихының естелік оқиғаларына арналған мемориалдардың кең желілері құрылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 25 мыңнан астам тарих, археология, сәулет және монументалды өнер ескерткіштері, 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 215 мұрағат бар. Қазақстан тарихы мен мәдениетінің бірегей ескерткіші-Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 жылғы маусымда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра тізіміне енгізілген болатын.
"Мәдени мұра" бағдарламасында туризмді дамытуға бағытталған іс-шаралар (қажылық туризмі, тарихи-археологиялық туризм) іске асырылды. Археологтардың ұсыныстары туристік маршруттарды әзірлеу кезінде қолданылды.
Мемлекеттілігіміздің алтын қазынасын – Есік, Берел қорғандарын және Түркістан қаласындағы бірқатар маңызды ескерткіштерді (Есім хан, Тәуке хан, Жәңгір хан, Қазыбек би, Бөгенбай, Жәнібек, Жауғаш және Қойгелді батырларының кесенелері мен жерлеулері) және Отырар қалашығын — әлемдік тарихтағы ең ірі кітапханасы бар рухани бесікті қалпына келтіру, сондай-ақ оларды Түркістан қаласында қалыптастыру жоспарланды және жұмыстар жүргізілді. Аталған объектілердің барлығы халықымызды біріктіретін қасиетті орындар болып табылады.
Ұлттық тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау. Жақын және алыс шет елдердегі Қазақстан тарихымен тікелей байланысты Тарих және мәдениет ескерткіштерін зерделеу және қайта құру (Моңғолия мен басқа да елдердің аумағында табылған руникалық жазулары бар көне түркі тас мүсіндерінің көшірмелерін қалпына келтіруді жүзеге асырды). Шетелдік жобалар сәтті жүзеге асырылды – Дамаскідегі Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс кесенесін, Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру, Дамаскідегі Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталығын салу. Берел және Есік қорғандары, Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы ескерткіштер, Қазақстанның басқа да тарихи орындары туралы жоғары сапалы және мазмұнды деректі фильмдер түсіріліп, олардың «BBC» және «Discovery» сияқты әлемдік телеарналар бойынша көрсетілімдері ұйымдастырылды. Мұндай жобалар қазақ жерін әлемге тантуға және туристер ағынын ұлғайтуға жәрдем болды.
Қазақ халқының мәдени мұрасын, оның ішінде ұлттық мәдениет үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени, архитектуралық және археологиялық ескерткіштерді зерделеу бойынша кең ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізу (әлемдегі жалғыз ашық аспан астындағы сақ мәдениетінің бірегей мұражайын Алматының солтүстік-батысында құру көзделді).
Ұлы Жібек жолының тарихи орындары базасында мәдени туризмді дамыту, олардың мемлекет тарихындағы халықты біріктіретін құндылықтар ретіндегі рөлін ашатын іс-шаралар өткізу мемлекеттің негізгі стратегиялық бағыттарының біріне айналды. Қазақстан аумағын әлемге Ұлы Жібек жолының негізгі тармағы ретінде таныстыру, мұражай-қорықтар бойынша нақты маршруттар жүйесі құру қажет етілді. Әрбір мұражай халықтың жүріп өткен жолын көрсетіп, Қазақстан тарихын кезең-кезеңімен көрсетуі тиіс. Мұражай-қорықтар көшпенділердің тұрмысын айқын көрсетіп, атмосфераны жеткізіп, сол дәуірдің сезімін тудырады.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері қазірге дейін Айша-Бибі кесенесі, Арыстан баб, Абат-Байтақ, Есімхан, Қара Сопы, Мақұл Там, Ысқақ Ата, Джабраил Ата, Қараман Ата қорымдарында, Петропавл қаласында орналасқан «Абылай хан Резиденциясы» кешені сияқты 78 тарих пен мәдениет ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар аяқталды, біздің түп-тамырларымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген болатын.


Бағдарламаның соңғы үш жыл уақытында екі мұражай-қорық - Алматы облысындағы Есік және Шығыс Қазақстан облысындағы Берел - мұражай-қорық жасалды.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объект) және жергілікті (11 277 объект) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.
Мемлекет «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шет елдердегі ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарс мешіті реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды. [14]

Бұл бөлімге қорытынды жасап өтер болсам, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жасалған және жүзеге асқан сәулет өнерлері туралы айтылады. Қазақстан аумағында және шет елдерде бағдарлама аясында жүзеге асқан сәулет өнерлері мен тарихи-мәдени орындар мен ескерткіштердің жетістіктері туралы жазылды. Бұл бөлімді зерттей отырып көптеген шетелдік және отандық тың еңбектермен таныстым.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет