2. Оқыту-танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері



Дата12.05.2020
өлшемі14,77 Kb.
#67410
Байланысты:
2 лекция


2. Оқыту-танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері
Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге тәрбие жұмысын өткізуге сыртқы факторлар зиянды әсер етеді.

Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген . Сондықтан педагогиканы А.С: Макаренко диалектикалық ғылым деп санады. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалығында және қарама-қайшылығында ашылады.[5]

Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К.Бабанскийдің , И.Я. Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған. Осы тұрғыдан педагогикалық процесс заңдылықтарын оқу бағдарласаы негізінде қысқаша сипаттауды қажет деп таптық.

Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Балабақшада бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми-техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, соғұрлым балабақшаның оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып , жеке адамның дамуына игі әсер етеді.

Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады. Л.С.Выгодскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму зонасы» одан әрі «актуальды даму зонасына» көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер бала оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.

Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді, ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады.

Оқыту іс-әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық іс-әрекеттерді т.б. жатады. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде баланың ақыл-ой, дүниеге көзқарасы дамиды, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезім артады.

Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның сақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді. Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып,тәрбиеші оқыту жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әріптерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру тәрбиеші мен балалардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.

Оқыту процесінде оқу бағдарламалары мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді. Жүйелік және бірізділік принципі оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге, сонымен бірге балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, себін алып отыруда, оларды күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйренеді.

Саналық пен белсенділік принципі. Саналық пен белсенділік дегеніміз білімді саналықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысын тереңдету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне түсіну болады.

Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды балалардың саналықпен орындауы, олардың белсенділігін арттырады. Әрбір іс-әрекетін орындауда оқушылар оның теориялық және практикалық мәніне терең түсінуі қажет. Мысалы: 1. Тіл сабақтарында гарамматикалық ережелерді сөз таптарына, сөйлем мүшелеріне ажырата білу балалардың іскерлік пен дағдыны саналықпен игеруін көрсетеді. 2. Ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің теориясын жете түсінумен бірге, оларды қалай өсірудің практкалық тәсілдерін шәкірттер жақсы білуі қажет.

Балалардың дүние танымын тереңдетуге, белсенділік сезімін оятуға ғылыми-техникалық даму кезеңіндегі оқытудың жаңа үдемелі әдістері мен формалары ықпал жасайды. Сонымен бірге саналылық және белсенділік принципін іске асыруда тәрбиеші мен балалардың бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстары да игі әсер етеді.



Педагогикалық процестің бағыттылық принципі. Педагогикалық процестің бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие үйлесімдігіне ықпал жасайды.

Кешенді ықпал жасау идеясы қоғамдық құрылыстың өз табиғатынан шығады – оқыту мен тәрбие жұмысы жүйесінің тұтас, мызғымас бірлігі. Ақыл-ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қмтамасыз ету педагогикалық процестің бағыттылық принципінің негізін құрайды. Адамның білімге, әр түрлі іс-әрекетіне сенімділігі, сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек процесінде дамиды. «Еңбек білім берумен қатар жүрмейінше, саяси және қоғамдық тәрбиемен байланысты деді- С.Макаренко.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет