бөлігі шәует шығаратын түтіктің ductus deferens
сыртында орналасып, шәует
қуықшасының vesicular seminAlis
жоғарғы жиегінен кішкене төмен, несепқуыққа
ашылады. Несепағардың жамбас астау бөлігінің соңғы бөлімі несепқуық кабырғасына 1,5-
2 см киғаш бағытта өтіп, кабырғаішкі бөлік, pars intramuralis деп аталады.
Несепағардың құрылысы:несепағардың қабырғалары 3 қабыктан тұрады:ішкі шырышты
кабығы, tunica mucosa(шырышты бездерге бай болып келеді және бойлық қатпарларды
кұрайды),ортаңғысы- бұлшықеттік кабық,яғни tunica muscularis(жоғарғы бөлігі сыртқы
бойлық, ішкі циркулярлық қабаттардан тұрса, төменгі бұлшықеттік қабығы үш қабаттан-
сыртқы, ішкі бойлық, ортаңғы циркулярлық қабаттардан тұрады),сыртқы дәнекер тінді
немесе адвентициалді қабықтан, tunica adventitia, тұрады.
Несепағардың практикалық маңызы: Рентгенограммадағы несепағар бүйректен қуыққа
дейін созылатын ұзын және тар көлеңке түрінде болады. Оның контурлары айқын және
тегіс. Несепағар Екі жазықтықта қисықтық түзеді — сагиттальды және фронтальды.
Фронтальды жазықтықтағы қисықтық практикалық мәнге ие : бел бөлігінде медиальды
бағытта, ал жамбас бөлігінде — бүйірлік бағытта. Кейде бел аймағындағы несепағар
түзетіледі. Жамбас бөлігінің қисықтығы үнемі.
Достарыңызбен бөлісу: