Еркек несеп шығаратын өзегінің 3 тарылулары кездеседі:еркек несеп шығаратын өзектің
ішкі тесігінің аймағында; несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде және еркек несеп
шығаратын өзектің сыртқы тесігінің аймағында.
АЛ өзектің кеңею жерлеріне келсек:қуықасты бездің бөлігінде;жыныс мүшесінің
буылтығында; кайықтәрізді шұңқырда, fossa navicularis urethrae болып келеді.
Несеп шығаратын өзектің қабырғаларының құрылысына келер болсақ. Ішкі шырышты
қабығында өзектің қуысына ашылатын бездер, gl urethralis немесе Литтре бездері
орналасқан. Несеп шығаратын өзектің кеуекті бқлігінде ұңғылдар - шұңкыршақтар,
lacunae urethrales, орналасқан.Шырышасты негізі мен бұлшыкеттік қабығы, бойлық және
дөңгелек қабатты бірыңғай салалы бұлшықет жасушаларынан кұралған.
Әйелдердің несеп шығаратын өзегі urethra feminina бұл да тақ мүше. Локализация:қуықтан
әйел несеп шығаратын өзегінің сыртқы тесігінен ostium urethrae internum, басталып,
сыртқы тесікпен, ostium urethrae externum, аякталады. Ұзындығы 2,5-3,5 см, диаметрі 8- 12
мм, қысқа, сәл иілген. Несеп шығаратын өзек төмен бағытталып, несеп-жыныс көкетін
тесіп өтетін болып келеді.
Әйел несеп шығаратын өзегінде бұлшыкеттік жэне шырышты қабықтар бар. Шырышты
қабықтың tunica mucosa беткейінде бойлық қатпарлар мен ұңғылдар және де
шұнкыршақтары, lacunae urethrales болады.Шырышты қабықта өзек бездері, gll. urethrales,
орналасқан. Шырышты қабықтың сыртында ішкі бойлық және сыртқы дөңгелек
қабаттардан тұратын бүлшықеттік қабық, tunica muscularis, орналасқан.
Несеп шығаратын өзектің жыныстық ерекшеліктері: Әйелде несепағар 2-3 см-ге қысқа
және оның төменгі бөлігінің мүшелерге қатынасы ер адамға қарағанда өзгеше. Әйел
жамбасында несепағар аналық бездің бос жиегімен жүреді, содан кейін жатырдың кең
байламының түбінде жатыр мойнынан бүйірге жатып, қынап пен қуық арасындағы
алшақтыққа еніп, соңғысының қабырғасын ер адам сияқты бағытта теседі.
Достарыңызбен бөлісу: