5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
№1 дәріс тақырыбы: Педагогиканың ғылым ретіндегі жалпы түсінігі.
Жоспары:
Педагогика жайында жалпы түсінік.
Педагогика ғылымының обьектісі және пәні.
Педагогика - тәрбие жайындағы ғылым.
1. Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған. Кейін педагогтар деп балаларды үйрету, тәрбиелеу және оқытумен айналысатын адамдарды атады.
Әрбір адам тәжірибе негізінде белгілі бір педагогикалық білімдерді жинақтайды, түрлі педагогикалық құбылыстар арасында байланыстарды орнықтырады. Осылайша, алғашқы қауым адамдары балаларды тәрбиелеуде белгілі бір білімге ие болған. Ол ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, ойын, ережелер түрінде жеткізіліп отырған. Бұл білім мақал-мәтелдерде, аңыз-әңгімелерде, ертегілерде сақталған, ол халық педегогикасының мазмұнын құрайды. Мысалы, қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнділігі ерекше: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Шешесін көріп - қызын ал, аяғын көріп - асын іш», «Ұлтыңды сақтаймын десең - қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең - ұлыңды тәрбиеле» және т.б. Сонымен қатар, қазақ халқында ата-әже, әке-шеше тәрбиесімен бірге арнайы, дарынды адамдарда (белгілі ақын, жыршы, әнші, күйші, молда, емші, шебер адамдар) да тәрбиелену кең таралған.
Халық педагогикасының ролі қоғам, жанұя өмірінде де ерекше. Ол адамдармен қарым-қатынас орнатуға, әрекеттенуге, өзін-өзі жетілдіруге, ата-ананың парызын орындауға мүмкіндік береді.
Адамның еңбек іс-әрекетінің кеңеюіне байланысты тәрбие обьективті әлеуметтік қажеттілік ретінде пайда болып, ол халық педагогикасында көріне бастайды.
Педагогикалық ғылым оқыту мен тәрбиелеудің фактілерін жинақтайды, құбылыстар арасында себеп-салдарлы байланыстарды орнатады. Ол тек сипаттап қана қоймай, оқыту мен тәрбиелеу барысында адам дамуындағы өзгерістерді түсіндіреді, олардың неліктен пайда болатынына және қандай өзгерістер екендігіне сипаттама береді. Тұлғаны дамытуда педегогикалық процесті болжау және басқару үшін ғылыми білім қажет.
Педагогика ғылымын философиямен тығыз байланыстырады. Ол ежелгі Кытай, Үңдістан, Египет, Греция елдеріңде пайда болып, дамыған.
Тәрбиелеу жүйесін ежелгі грецияның философы Демокритпен (460-370ж. б.э.д.) байланыстырады. Ол барлық еңбектерінде тәрбиеге мән берген. 'Табиғат пен тәрбие егіз, тәрбие адамды құрастырады, адам табиғатты құрастырады".
Теориялық педагогиканы дамытқан ежелгі грек ойшылы Сократ (427-3476.з.д), Аристотель (384-322 б.з.д). Олар өздерінің құңды еңбектері және ойларымен тәрбиеге терең мән берген.
Орта ғасырда педагогиканы дамытушылардың қатарында шіркеу адамдары өз заманының философтар болған: Теруллиан (160-222), Августин (354-430) Аквинат (1225-1274) педагогика теориясына өз үлестерін қосқан. Педагогика ұзақ уақыт бойы философиямен бірге қарастырылды. Тек ХҮП ғ. ол философиядан ғылым ретіңде бөлінді. Педагогиканың философиядан дара ғылым ретіңде бөлініп шығуын чех ғалымы Ян Амос Коменскиймен байланыстырады (1592-1670). Оның алғашқы еңбегі "Ұлы дидактика" 1654ж. Амстердамда шықты. Бұл алғашқы ғылыми педагогикалық кітап больш саналады. Оның жазған ойлары мәнділігін осы күнге дейін жойған жоқ. Мысалы: оқыту формасы, әдістері, сынып-сабақ жүйесі педагогика теориясының негізі больп табылады.
Орыс педагогикасының негізін қалаушы К.Д.Ушинский больш табылады. Оның негізгі еңбектері: "Балалар әлемі", "Ана тілі', XXғасырда А.С.Макаренко бар: "Педагогикалық поэма". Ол тәрбиеші жұмысы өте қиын, жауапты қызмет деп айтқан.
Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі - Ш.Уәлиханов. Оның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу-білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Ол: "тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, түрмыс құруға үйретеді," - деді. Оның еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. Шоқанның ағартушы-ғалым демократ ретінде көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты - халқына қайткенде де білім беру, оқыту, оны дүние тануға жетелеу сондай-ақ бұл мәселелерді реформа арқылы іске асыру еді.
Аса көрнекті ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889). Ол бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, тәлімгер -ұстаз дайындауға арнаған. Оның негізгі еңбеіктері "Қазақ хрестоматиясы", "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы". Ы.Алтынсарин қазақ жастарына кәсіптік мамандық алуына зор үлесін қосты.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) шығармалары, қара сөздері педагогикалық ой-пікірге толы. Абайдың көзқарасындағы басты нысана "Атаның баласы болма, адамның баласы бол... Жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін».
«Караңғы қазақ елінің көгіне шығып күн болуды» көксетен ағартушы -педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) артына педагогикалық ой -пікірдің өлмес мұрасын қалдырды. Ол өмірді өзгеріуне, адам мінезін қалыптастыруға күш салып, "Ары тазаның жаны таза" деп түйіңдетен.
Ы.Алтынсариннің, Абайдың көптеген ізбасарлары А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Әлжанов, С.Қожахметов, К.Бержанов болашаққа бай қазынаның бетін ашып, лайықты мағлұматтар бергені сөзсіз.
Ш.Әлжанов педагогикалық психологияның мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Ол педагогика мен психология мәселелерін сабақтастыра зерттеп, құнды ғылыми ұсыныс жасаған болатын.
Бұлардың барлығы педагогика ғылымына өз ой-пікірлерін қорыта келіп, қазақ даласына оқу-ағарту, тәлім-тәрбие беру мақсатында көптеген ізденіс-жұмыстарын жүргізген болатын.
Болашақта педагогика ғылымы әрмен қарай дамып, мол қазынаға ие болатыны сөзсіз.
2. Ғылым – білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы. Ғылым табиғат, қоғам, ой жүйесі туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталады.
Ғылыми зерттеу – жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Ғылыми зерттеудің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық - ғылымда жаңа фактілер белгіленеді, теориялық – бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулер негізінде құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады.
Педагогиканы зерттеуде ғалымдар үш тұжырымдама тұрғысынан қарайды.
Бірінші тұжырымдама өкілдерінің айтуынша, педегогика- адам жайындағы білімнің пән аралық саласы. Бірақ бұнда педагогика дербес теориялық ғылым ретінде танылмайды.
Келесі ғылымдар педагогиканың қолданбалы ғылым ретіндегі ролін анықтайды. Онда педегогиканың басты функциясы білім беру мен тәрбиелеу салаларында пайда болатын міндеттерді шешуде басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, әлеуметтану және т.б.) алынған білімді сол жағдайларға бейімдеп қолдану болып табылады.
Бұл тұжырымдаманы жақтаушыларда педагогиканың өз пәнінің болуын, яғни жеке теориялық білімнің болуын жоққа шығарады. Педагогикадан басқа ғылымдар педагогикалық шындықты тұтастай және арнайы зерттеумен айналыспайды.
Үшінші тұжырымдама бойынша педагогика - жеке зерттеу обьектісі мен пәніне ие дербес ғылым.
Ғылымның обьектісі – бұл ғылым зерттейтін ақиқат шындықтың саласы.
Педегогика ғылымының обьектісі – білім беру (тәрбие). Сондықтан педагогиканың обьектісі ретінде адам индивидтің дамуын қамтамасыз ететін құбылыстарды білім беру деп атайды. Ол педагогика зерттейтін обьективті өмірдің бөлігі.
Білім беруді тек педагогика ғана емес, сонымен қатар философия, әлеуметтану, психология, экономика және т.б. зерттейді. Мысалы, экономист жұмысшылардың шынайы мүмкіншілік деңгейін зерттей отырып, оларды дайындауға қажетті шығынды есептейді. Әлеуметтанушы білім беру жүйесінің адамды әлеуметтік ортаға бейімделуге, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына көмектесуге дайындайтынын білгісі келсе, философ білім берудің жалпы өмірдегі мақсаты ,орны жайындағы мәселелерді қарастырады. Психолог білім берудің психологиялық жақтарын зерттейді. Саясаттанушы мемлекеттік білім саясатының тиімділігін анықтауға бағытталады.
Бұл ғылымдардың білім беруде, зерттеуде тигізер көмегі өте зор болғанмен , олардың біреуіде адам дамуымен өсуі, осы қарым-қатынасқа түсу процестерімен байланысты білім берудің мәндік аспектілерін қарастырмайды. Осы аспектілерді зерттеу білім берудің белгілі саласы-пәні ретінде танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |