Зенон Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.
Классикалық философия