2. Санақ – әр азаматтың жауапкершілігіне сынақ 2009 жылғы халық санағының маңызы



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі47,49 Kb.
#94638
1   2   3   4
Байланысты:
боөж10

3. 2009 жылғы халық санағының маңызы

Қазірде мемлекетімізде эко­но­микалық, әлеуметтік, саяси жа­ңа­рулар орын алып, оларды ілгерілету үшін жағдайлар жасалып жатқаны белгілі. Осы қарқынды ілгерілеу­ші­ліктер Қазақстанның әлемдік аре­нада біршама беделге ие болуына сеп болуда. Осы беделді ұстап тұру үшін халықтың мәселесі жан-жақты шешілуі тиіс. Ал, мәсе­лелердің жан-жақты шешілуі үшін тұрғындар мемлекеттік маңызы бар мәселелерден тыс қалмауы тиіс.Халық санағы – демогра­фия­лық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың және талдаудың бірыңғай үдерісі. Қазірде халықтың назар аударып отырғаны мәселесі – әлеуметтік жағ­дайлар. Халық санағының нә­ти­жесінде тұрғындар мемлекеттен әлеуметтік мәселелер бойынша көмек күтеді.


Бұқаралық ақпарат құралда­рын­да санаққа байланысты жарна­ма­лардың күннен-күнге ұлғайып келе жатқанын көріп жүрміз. Осы жар­намалар арқылы ауруханалардың, білім ордаларының жеткіліксіздігі айтылуда. Ал аталған үдеріске барлық министрліктер, мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар атсалысып жатыр.Қазақстанның сайлау жүйесі демократияның даму даңғылына түскен таңдаулы тәжірибесімен ерекшеленеді. Бұл жөнінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері де, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассемблеясы да, халықаралық байқаушылар да оң бағасын берген. Халық санағы да осы сайлау мәселесінен кем түспейді. Сайлау – мемлекетімізді басқаруда ерекше қажеттілік тудырса, халық санағы – халықтың жағдайын жақсартуға ерекше жағдай жасайтыны белгілі.Халық санағын жүргізу туралы шешім қоғамның экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы туралы ақпаратты алуға дайындықтың индикаторы болып табылады. Сондықтан халық санағы дамыған елдерде тұрақты 10 жыл сайын, тіпті кейбір мемле­кет­терде 5 жыл сайын өткізіліп тұра­ды. Өйткені, елдің ұлттық статис­тикалық жүйесінің ажырамас бөлігін құрайтын халық санағы ха­лықтың жағдайы туралы дерек­тердің негізгі көзі болып табылады.2008 15 ақпанда “2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы” Үкіметтің қаулысы шықты. Осы комиссия құрамына Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етіп, министрліктердің, агенттік­тердің басшы қызметкерлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, тағы басқа да лауазым иелері енгізілген. Осы тектес комиссия біздің облы­сымызда да бекітіліп, оған мүше ретінде облыстағы департамент, басқармалардың басшы қызмет­кер­лері енгізілді. Қазірде осы комис­сия санаққа қызу дайындық жұ­мысын жүргізуде. “Жұмыла көтер­ген жүк жеңіл” демекші, мемле­кеттік органдармен бірлескен іс-қимылдар жасалды. Мысалы, ішкі істер департаменті, ішкі істер желілік бөлімі және Статистика департаменті бірлескен бұйрық жасап, осының нәтижесінде әр санақ бөліміне учаскелік полиция инспекторлары бекітілді. Халық арасында бұқа­ралық-түсіндірме жүргізу, санақ кадрларын іріктеу мен оқыту, материалдық-техни­ка­лық қамсыз­дандыру сияқты толып жатқан мәселелер бірлесіп жұмыс жасағанда ғана нәтиже беретіні белгілі. Осы қағиданы есте ұстаған комиссия мүшелері облыстағы органдарды жұмылдыра жұмыстар жасалды.Әр тұрғын санаққа қатысуды өзінің борышы санап, санақ ба­рысында толтырылуы тиіс парақ­шаларды мұқият зерделей отырып, шынайы түрде мәліметтер берді.Санаққа дайындықтың маңыз­ды бағыттарының бірі –бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпа­раттандыру. Бұл ақпараттарда елдің барлық тұрғындарына санақ жүр­гі­зілетіндігі туралы ақпарат беру, са­нақ­қа қатысуға және өздері туралы шынайы мәліметтер беруге ын­та­ландыру, санаққа күштеп, мәжбүр­леп қатыстыруға жол бермеу сияқты мәселелер қамтылуы қажет.Халық санағы 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында жүргізіледі. Санақ халықтың нақты тұрып жатқан жері бойынша ғимараттарды аралау, сауал салу негізінде тұрғындар тізіміне мә­ліметтерді жазу арқылы есепшілер дайындаған санақ парақшаларына мәліметтерді түсіру деген сөз.Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, ел аумағында үнемі тұратындар санақ кезінде ел ішінде болғандығына немесе уақытша болмағандығына қарамастан, санақтан өткізіледі.Халық санағы сәбилер үйінде, балалар үйінде, ата-ананың қарау­ынсыз қалған жетім балалар мен балаларға арналған мектеп-интер­наттарда, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде, мей­рамханаларда және басқа да ме­ке­мелерде сол мекемелердің әкім­шілігі бөлген есепшілер арқылы жүргізілді. Ал, тұрғылықты тұра­тын жері жоқ азаматтардың санағы есепшілермен кездесетін орындарда өткізіледі. Бұл үшін осы санаттағы азаматтарға халық көп жиналатын жерлерде: вокзалдарда, автобе­кет­терде, стансаларда, аэропорттарда, сондай-ақ алысқа баратын пойыз­дарда да санақ пункттері құрылды. Тұрғындардың ескеруі тиіс бір жәйт, азаматтар туралы жеке мә­ліметтерді қолдану тәртібін бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заң­на­масына сәйкес жауапкершілікке тартылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет