3. 2009 жылғы халық санағының маңызы
Қазірде мемлекетімізде экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңарулар орын алып, оларды ілгерілету үшін жағдайлар жасалып жатқаны белгілі. Осы қарқынды ілгерілеушіліктер Қазақстанның әлемдік аренада біршама беделге ие болуына сеп болуда. Осы беделді ұстап тұру үшін халықтың мәселесі жан-жақты шешілуі тиіс. Ал, мәселелердің жан-жақты шешілуі үшін тұрғындар мемлекеттік маңызы бар мәселелерден тыс қалмауы тиіс.Халық санағы – демографиялық және әлеуметтік деректерді жинаудың, қорытудың, бағалаудың және талдаудың бірыңғай үдерісі. Қазірде халықтың назар аударып отырғаны мәселесі – әлеуметтік жағдайлар. Халық санағының нәтижесінде тұрғындар мемлекеттен әлеуметтік мәселелер бойынша көмек күтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында санаққа байланысты жарнамалардың күннен-күнге ұлғайып келе жатқанын көріп жүрміз. Осы жарнамалар арқылы ауруханалардың, білім ордаларының жеткіліксіздігі айтылуда. Ал аталған үдеріске барлық министрліктер, мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар атсалысып жатыр.Қазақстанның сайлау жүйесі демократияның даму даңғылына түскен таңдаулы тәжірибесімен ерекшеленеді. Бұл жөнінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері де, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассемблеясы да, халықаралық байқаушылар да оң бағасын берген. Халық санағы да осы сайлау мәселесінен кем түспейді. Сайлау – мемлекетімізді басқаруда ерекше қажеттілік тудырса, халық санағы – халықтың жағдайын жақсартуға ерекше жағдай жасайтыны белгілі.Халық санағын жүргізу туралы шешім қоғамның экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайы туралы ақпаратты алуға дайындықтың индикаторы болып табылады. Сондықтан халық санағы дамыған елдерде тұрақты 10 жыл сайын, тіпті кейбір мемлекеттерде 5 жыл сайын өткізіліп тұрады. Өйткені, елдің ұлттық статистикалық жүйесінің ажырамас бөлігін құрайтын халық санағы халықтың жағдайы туралы деректердің негізгі көзі болып табылады.2008 15 ақпанда “2009 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесетін республикалық комиссия құру туралы” Үкіметтің қаулысы шықты. Осы комиссия құрамына Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық етіп, министрліктердің, агенттіктердің басшы қызметкерлері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, тағы басқа да лауазым иелері енгізілген. Осы тектес комиссия біздің облысымызда да бекітіліп, оған мүше ретінде облыстағы департамент, басқармалардың басшы қызметкерлері енгізілді. Қазірде осы комиссия санаққа қызу дайындық жұмысын жүргізуде. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдар жасалды. Мысалы, ішкі істер департаменті, ішкі істер желілік бөлімі және Статистика департаменті бірлескен бұйрық жасап, осының нәтижесінде әр санақ бөліміне учаскелік полиция инспекторлары бекітілді. Халық арасында бұқаралық-түсіндірме жүргізу, санақ кадрларын іріктеу мен оқыту, материалдық-техникалық қамсыздандыру сияқты толып жатқан мәселелер бірлесіп жұмыс жасағанда ғана нәтиже беретіні белгілі. Осы қағиданы есте ұстаған комиссия мүшелері облыстағы органдарды жұмылдыра жұмыстар жасалды.Әр тұрғын санаққа қатысуды өзінің борышы санап, санақ барысында толтырылуы тиіс парақшаларды мұқият зерделей отырып, шынайы түрде мәліметтер берді.Санаққа дайындықтың маңызды бағыттарының бірі –бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру. Бұл ақпараттарда елдің барлық тұрғындарына санақ жүргізілетіндігі туралы ақпарат беру, санаққа қатысуға және өздері туралы шынайы мәліметтер беруге ынталандыру, санаққа күштеп, мәжбүрлеп қатыстыруға жол бермеу сияқты мәселелер қамтылуы қажет.Халық санағы 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында жүргізіледі. Санақ халықтың нақты тұрып жатқан жері бойынша ғимараттарды аралау, сауал салу негізінде тұрғындар тізіміне мәліметтерді жазу арқылы есепшілер дайындаған санақ парақшаларына мәліметтерді түсіру деген сөз.Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, ел аумағында үнемі тұратындар санақ кезінде ел ішінде болғандығына немесе уақытша болмағандығына қарамастан, санақтан өткізіледі.Халық санағы сәбилер үйінде, балалар үйінде, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балалар мен балаларға арналған мектеп-интернаттарда, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде, мейрамханаларда және басқа да мекемелерде сол мекемелердің әкімшілігі бөлген есепшілер арқылы жүргізілді. Ал, тұрғылықты тұратын жері жоқ азаматтардың санағы есепшілермен кездесетін орындарда өткізіледі. Бұл үшін осы санаттағы азаматтарға халық көп жиналатын жерлерде: вокзалдарда, автобекеттерде, стансаларда, аэропорттарда, сондай-ақ алысқа баратын пойыздарда да санақ пункттері құрылды. Тұрғындардың ескеруі тиіс бір жәйт, азаматтар туралы жеке мәліметтерді қолдану тәртібін бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |