2 Тақырып. Жас ерекшелiгi психологиясының негiзгi тұжырымдамалары Ресейдегi жас ерекшелiк психологиясы


Д.Б.Эльконин бойынша психикалық даму кезеңдері



бет2/4
Дата07.06.2022
өлшемі71,5 Kb.
#146147
1   2   3   4
Байланысты:
2 дәріс

Д.Б.Эльконин бойынша психикалық даму кезеңдері
Д.Б.Эльконин Выготскийдің көзқарасын дамытты. Ол баланы қоршаған әлемді- дүние заттарын және адамдық қатынастарды белсенді танушы тұтас тұлға ретінде қарастырады.
Баланың дамуына неғұрлым күшті әсер ететін жетекші іс-әрекеттердің Д.Б.Эльконин екі тобын бөліп көрсетеді.
Бірінші топқа, адамдар арасындағы қарым-қатынас нормасына бағытталған іс-әрекеттер жатады. Бұл нәрестенің эмоционалды қатынасы мектепке дейінгі баланың рөлдік ойыны және жасөспірімдердің интимді-тұлғалық қатынасы.
Екінші топқа, заттармен әрекет ету тәсілі меңгеріледі: ерте балалық шақ баланың затты манипулятивті іс-әрекеті, бастауыш мектеп оқушысының оқу іс-әрекеті және жасөспірімнің оқу кәсіби іс-әрекеті. Кішкентай бала қасық немесе кесемен әрекет етуді, жоғарғы сынып оқушысы математика және грамматиканы меңгереді. Бірінші топтағы іс-әрекетте мотивациялық-қажеттілік сфера, екінші топта баланың операциялық техникалық мүмкіндігі қалыптасады, яғни интеллектуалды танымдық сфера.


Шетелдiк жас ерекшелiк психологиясының негiзгi тұжырымдамалары.
Бала психикасын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар: А.Бине (1857-1911), В.Штерн (1871-1938), К.Кофка (1886-1941), Ж.Пиаже (1896-1980) болатын.
Эрик Эриксон З.Фрейдтің ізбасары, психоаналитикалық теорияны жалғастырушы. Тұлғаның дамуы қоғамның экономикалық және мәдени деңгейіне байланысты. Қоғамның құндылықтары және нормалары балаға тәрбие процесінде беріледі.
Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының сатылары.
Дамудың бірінші сатысында (оральды-сенсорлы) нәрестелік жасқа қатысты, әлемге сену немесе сенбеу пайда болады. Тұлғаның прогрессивті дамуында бала сенімді қатынасты таңдайды. Ол жеңіл тамақтану, терең ұйқы, ішектің дұрыс жұмыс істеуі.
Екінші саты (бұлшық етті-анальды)ерте балалық шаққа қатысты. Баланың мүмкіндігі дамиды, жүре бастайды. Дербестілікке ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет