Ғұндар және халықтардың орын ауыстыруы
Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.
Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. ЫЫ ғасырдан басталып, б.з. ЫВ ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.
Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.
376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. В ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін кұрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.
Рим империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. ВЫ ғасырда Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған.
Батыс готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс-келбетінің өзгеруіне әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты.[2]
Достарыңызбен бөлісу: |