2-тақырып. Моңғол кезеңіе дейінгі Орталық Азиядағы түркі ілдес этностардың этномәдени интеграцияы кезеңдері. Сұрақтар



бет3/35
Дата16.11.2022
өлшемі246,35 Kb.
#158532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Лекция тарих

Шырақтың ерлігі
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б. 519 жылы парсылар сақтарға қарсы қайта шабуылға шығады. Бұл жорықты Ы-Дарий патша басқарады. "Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым" деген Ы-Дарий сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсемі басқарады. Скунха соғыста жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді. Осы соғыстағы таңғажайып оқиғалардың бірін ежелгі грек тарихшысы Полиен былай деп суреттейді: "Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін қанжармен жаралап, парсыларға қашып барып, өзінің көсемінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін сақтарға бастап апарамын деп алдап, оларды сусыз шөлде адастырып кетеді. Сосын Шырақтың алдағанын білген парсы әскерлері оны өлтіреді. Осының зардабынан Ы-Дарий қырғынға ұшырап, ары қарай соғысқа шыдай алмай, Парсыстанға қайтып кетеді" деп жазған[4]
Құрыштың Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын Дараявауш Ы (521—486 жж. ЗБ) жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. 6 ғ. соңы — 5 ғ. басында (500—449 жж. ЗБ) ежелгі Шығыстағы юнан-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. 490 ж. юнан-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге юнандарға қарсы соғысты.
4 ғ. 330 жж. Ескендір Зұлқарнайынның македон әскерлері Ахаменидтердің ең соңғысы Дараявауш ЫЫЫ Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Марақандты (Самарқан) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Александрия Эсхата (Шеткі Александрия) деген қала салады. Алайда македондықтар жеңгенімен, ыстық табиғатқа шыдамаулары, Ескендірдің ауырып қалуы македондықтар Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Ескендір 323 ж. Бабыл қаласында сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті. Бірақ хаомаварга сақтарының қоныстанған аумағы Бактрия мен Маргиана деңгейімен шектеліп қалмайды. Амюргийлік сақтар бірлестігінің құрамына сына жазуы деректемелерінің «Соғдының ар жағындағы» сақтар да кірген деп топшылауға негіз бар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі Ташкент облысы аудандарында және ішінара Ферғана алқабында тұрған".
Көне парсы сына жазулары мәтіндерінде сақтардан солтүстікке таман өмір сүрген тайпалар мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада ғана сайрим деген атау айтылады, бірақ бұл халыктың қай жерді мекендегені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек, оларда Авестаның сайримдерімен салыстыруға болатын савроматтар тайпасы туралы айтылады. Савроматтар туралы алғашкы деректер Геродотта бар: «Танаис өзенінің (қазіргі Дон өзенінің) арғы жағы енді скиф өлкесі емес, бірақ ондағы алғашқы жер иеліктері савроматтардың қолында. Савроматтар Меотия көлі ойпатынан бастап солтүстікке қарай он бес күнде жүріп өтуге болатын жерді мекендейді...» Мұның өзі Донның құйылысынан Еділдің сағасына дейінгі аумаққа сәйкес келеді.
Алайда «сақтар», «скифтер», кейініректегі «түркілер» терминдері сияқты, «савроматтар» терминін де авторлар көбіне екі мағынада: тайпалардың өз атаулары ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданған. Грек-латын деректемелері көбіне бұл этнонимді жиынтық мағынада, савромат бірлестігінің әр түрлі тайпалар құрамын тікелей көрсете отырып (Үлкен Плиний, Эфор, Псевдо-Скилак, Эвдокс) колданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет