Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі. Іс-құжаттарды талдау және зерттеу зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет. Мысалы баланың жұмыстары оның тек білімін, қызығушылығын білдіріп қана қоймай, тәрбиеші жайлы психологиялық, педагогикалық ақпарат алуына мүмкіндік береді. Мысалы, сурет, мүсін-деу, қол еңбегі, тіл дамыту, бақылау жұмыстарының нәтижелерін тал-дау баланың психикалық үдерісінің даму ерекшелегін, білімін, білік-тілігін, дағдысын және құзыреттілігінің даму деңгейі туралы қорытын-ды шығаруға болады.
Балалармен танысу барысында көбіне, сауалнамаларға қараған-да, олардың ойынға, еңбекке, сабақ түрлеріне және бос уақытындағы әуесіне, өмірдің басқа да аспектілеріне қатынасын көрсетуге қабілетті шығармалар жиі қолданылады. Мысалы, мектепке дейінгі балалар-дың салған суретін талдау жолымен тек танымдық қызығушылықтар-дың болуын ғана емес, сонымен қатар, эмоциясын, сенсорлық және эстетикалық қабілеттерін, сөздік қорын, бейнелі, логикалық ойлауы туралы ұсыныс жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |