2 тәжірибелік сабақ. Тақырыбы


Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі



бет39/51
Дата26.02.2022
өлшемі159,96 Kb.
#133474
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Байланысты:
2тәжірибелік сабақ

3.5.Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі. Қазіргі уақытта білімнің түрлерінің көптігі ғы-лымның да, жеке тұлғаның да үздіксіз дамуының кепілдігі болып та-былады, себебі олардың мәнінің бекітілуі немесе терістелуі арқылы ғылыми нәтижелерді өндіру үдерісінде және оларды бағалау мен қайта бағалауда рефлексия жүріп жатады. Ғылымның мәдени мәні зерттеу-шілік ізденістің этикалық және құндылық толыққандылығын, ғылыми жаңалықтың салдары үшін әлеуметтік жауапкершілік, ғалымның адам-гершілік көзқарасын, ғылыми ұжымда жоғары адамгершілік ахуалды талап етеді.
Педагогикалық ізденістер нәтижесі білім беруді дамыту жоспа-рын жасақтауға пайдаланылатын, ақыл-ой және руханият қоғамының қалыптасуын қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметін атқаруға мін-детті.
Ғылыми дидактикалық жұмыстың табысты болуы үшін зерт-теушіге постклассикалық емес әлемнің ғылыми бейнесін сезіну өте маңызды. Ол бірден талдаудың үш аймағын уақыт жағынан дәл сәйкес келтіреді: а) тарихи; ә) сыни-рефлексивті; б) теориялық. Бұл дидак-тикалық ақиқатты зерделеу және ұсыныстарды жасақтау кезінде ғылыми және ғылымнан тыс факторлардың өзара қарым-қатынасын, синергетикалық көзқарасын, жаңа ғылыми-педагогикалық парадигма-ны негізге алуға мүмкіндік жасайды. Ғылымның мұраты мен нор-малары ол үшін реттеуші ұстаным ретінде қызмет етеді. Олар мақсат, зерттеу әрекетінің логикасын анықтайды және нақты-тарихи сипатта болады.
Ғылыми зерттеудің белгілі бір кезеңге сәйкес мойындалған идеалдары мен нормалары ғалымдардың байланыстарына, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде және оларды рәсімдеуде өзіндік із қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет