2 тәжірибелік сабақ. Тақырыбы


Дарындылықтың диагностикасы



бет48/51
Дата26.02.2022
өлшемі159,96 Kb.
#133474
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
2тәжірибелік сабақ

Дарындылықтың диагностикасы.Мектеп оқушыларының дарындылығы деп тұлғаның жеке бас ерекшелігі, туа біткен қасиеті, педагогикалық-психологиялық тұрғыда жан-жақты толық дамуы, ойлау қабілетінің даралығы, шығармашылық ізденістері т.б. атауға болады.

Дарынды оқушының мәдени қарым-қатынас құндылықтары, тәрбиелік сапалық көрсеткіші салыстырмалы түрде жоғары болуы дау туғызбайды. Диагностика жүргізу үдерісінде оқушының білімі, рухани құндылықтары, ынтасы, еңбексүйгіштігі, тұлғалық адамгершілік қа-сиеттері, өзін-өзі дамыту, жетілдіру, тану дағдылары, талғампаздығы, эрудициясы т.б. негізге алынады.
Дарынды балалардың логикалық ойлау қабілетінде өзгешелік-тер басым,танымы жоғары, ішкі жан дүниесі жағынан сезімтал, ерік-жігері мықты, дарынды, қиялшыл т.б. болып келеді.
Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы білім беретін мекеме-лерінде негізгі стртатегиялық жоспарына дарынды баланы іздеп табу, іріктеу мәселесі кіреді. Қазіргі таңда Назарбаев интеллектуалды мекте-бі, жаратылыстану бағытындағы, математиканы тереңдетіп оқытатын мектептер, қазақ тілі мен әдебиетін терендетіп оқытатын мектептер, қазақ-түрік лицейі, Хейлибери мектебі, Мирас мектебі, Ж.Аубакированың музыкалық мектебі т.б. білім беру орындарында ерекше дарынды балалар білім алады. Аталған мектептерде оқу-тәрбие жұмысын өзіндік жаңашылдық тұрғыда ерекшеліктері басым.
Дарынды балаларды оқытуға негізделген 2011 жылы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңнамалық деңгейде академиялық еркіндік және дербес-тік беретін басқарудың ерекше түрі реттелді.
Назарбаев Университетінің ғылым мен инновацияларды дамы-ту, зерттеулерді коммерцияландыру және дарынды жастарды тарту үшін мақсатты мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» (НЗМ) дербес білім беру ұйымының (ДБҰ) даму стратегиясында білім беру модельдерін ха-лықаралық стандарттарға сәйкес жүргізу қарастырылған. Стратегия-лық әріптес Кембридж университетінің халықаралық емтихан ке-ңесімен бірлесіп, жаратылыстану-математикалық бағыттағы экспе-рименталдық кіріктірілген білім беру бағдарламасы әзірленді.
Негізгі және жоғары мектеп бағдарламалары (International Baccalaureate) Халықаралық бакалавриат ұйымының принциптері мен философиясына сәйкес іске асырылады. Білім берудің инновациялық және көп тілді моделін құру «Назарбаев зияткерлік мектептері» желі-сін кеңейту арқылы жүзеге асырылады.
Педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің бі-ліктілігін арттыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озат педагогикалық тәжірибелерді тарату болып табылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігудің стратегиялық мәселелерінің бірі 12-жылдық білім беру моделіне көшу болып табылады. Соңғы жылдары 12-жылдық модель жүйесін енгізуге дайындық ше-гінде эксперименталдық сыныптардағы оқу үдерісін жүзеге асыру са-пасына мониторинг жасау, оқулықтармен, оқыту-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Эксперименталдық алаң нәтижесі бойынша оқыту курстары арқылы 12-жылдық білім беруге көшу үшін мұғалімдерді даярлау жұмысы күшейтілді. Сонымен 12-жылдық оқыту моделіне біртіндеп көшу іске асырылуда.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі «E-Learning» электрондық оқыту жүйесін енгізу жобасын іске асыру болып табылады. Сонымен үздіксіз білім беру жүйесін «өмір бойғы» үздіксіз интеллектуалды әлеуетті дамыту арқылы сипаттауға болатыны байқалуда. Осы бастамаларды жүзеге асыру Қазақстанға экономика саласында ғана пайда әкелумен шектелмей, әлеуметтік капитал нысанында, яғни жоғары әлеуметтік тұрғыда топтасып біріккен, азаматтық интеллектуалды белсенді қоғам қалыптастыру арқылы кемелдікке жеткізеді.
Дарынды балалар оқитын мектептерде тереңдетілген бағдар-лама бойынша, жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу, жаңа педагоги-калық технологиялар элементтерін пайдалану, сыни тұрғыда, пробле-малық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту, әр деңгейдегі пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, республикалық және халықара-лық деңгейде ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру негізгі орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет