2 тәжірибелік сабақ. Тақырыбы


Педагогикалық зерттеудің түрлері



бет27/51
Дата26.02.2022
өлшемі159,96 Kb.
#133474
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
2тәжірибелік сабақ
МӨЖ3 Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы
Педагогикалық зерттеудің түрлері. Педагогика саласын-дағы зерттеулер деп педагогикалық үдерістің заңдылықтары, оның құ-рылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері ту-ралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикадағы зертеулер оқу-тәрбие үде-рісінің құбылыстары мен деректерін түсіндіреді және болжайды. Ғы-лыми-педагогикалық зерттеу эмпирикалық тексеруге болатын нақты қойылған деректерге негізделеді, белгілі болған теорияларға сүйенеді, мақсатты бағытталған, жүйеленген, барлық элементтердің, әдістердің өзара байланысымен ерекшеленеді. Онда эмпирикалық, логикалық және теориялық танымдық міндеттер сараланып шешіледі.
Зерттеулерді жіктеуді талдау мәселесі педагогикалық әдебиет-терде біршама қарастырылған. Типология бойынша зерттеудің жік-телуі 60-шы жылдары пайда болды. Сонымен, И.Т. Огородников жұ-мыстың үш түрін бөліп көрсетті: педагогика жетістігінің теориялық және практикалық қорытындысын шығаратын қорытынды зерттеу; көп қырлы тәжірибелік іс-әрекеттің заңдылықтарын ашатын, жеке жақта-рын тереңдетіп зерделеуге бағытталған жұмыстар; оқу–тәрбие мекеме-сінің жеке типтеріндегі өскелең ұрпақтың тәрбиесі және оқыту тәжі-рибесіне тікелей жетекшілік ететін мақсатта құрылған нормативті және құрылымды-әдістемелік қайта өңдеулер (оқу бағдарламалары, оларға түсініктеме хат, әдістемелік құрал, оқулықтар).
Берілген жіктемені М.А. Данилов шартты әрі салыстырмалы деп есептеді және жоспардағы қойылған мәселе деп қарастырды. Кейі-нірек ғылымтануда зерттеудің іргелі, қолданбалы жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагоги-калық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды. Олар ғылыми білімді кеңейтуге бағытталған, ғылыми ізденіске жол сілтейді, қолдан-балы зерттеу және жасалымға арналған база құрады. Қолданбалы зерттеулероқыту, тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік же-ке міндеттерді шешеді. Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады. Олар ғылым және тәжірибені, іргелі зерттеулер мен жасалымдарды, теоретиктер мен практиктерді байла-ныстыратын аралық буын рөлін атқарады.
Жіктелу нысандарының белгілі бір қасиеттерін сипаттайтын, зерттеудің тәуелсіз жіктелінген топтамаларға бөлінуі – ғылыми-педа-гогикалық зерттеу жіктелуінің негізіне фасетті әдіс лайық. Зерттеу қа-сиеттерінің теориялық және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет ерекшеленеді. Бірінші фасет – зерттеу міндеттері– ғылы-ми қызметкерлердің, ғалым-педагогтердің өздерінің алдына қоятын мақсаттары, жан-жақты жоспарланған нәтижелерге бағытталып жүргі-зетін жұмысы сипатталады. Екінші фасет – зерттеу нәтижелері – ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім, білім түрлерін көрсетеді. Үшінші фасет – зерттеу нәтижелерін пайдаланушы ұйымның ме-кен-жайы – ғылыми және тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді пайдалануға қызығушылық тудыратын ұйым мен ортаны анықтайды. Төртінші фасет – құжат түрлері – ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген жарияланым типтерін сипаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет