2. Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: М. Х. Дулатидің, Қ. Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы



бет1/6
Дата22.12.2021
өлшемі116,93 Kb.
#127495
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тарих 12 семинар


Тарихи жадының сақталуы - тұлғаның сана-сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде

2.Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: М.Х.Дулатидің, Қ.Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы.

Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрдің алатын орыны аса маңызды. Ақселеу ағамыздың «ауызша тарих» дегені ең алдымен Қазақтың және Ұлы дала белдеуін қазаққа дейін мекендеген қыр халықтарының ауызша тарихи шығармашылығы. Әдеби шығармашылықтың бір саласы және тарихи жадының қоры есебінде бұл білімдер кӛбінесе бір ұрпақтан екіншісіне ауызша беріліп отырған. Ауызша шығармашылықтың жалпы нобайы тарихи аңыздар мен әңгімелердің тұтас циклдарын, кӛпшілікке танымал эпикалық жырларды, мақалдар мен мәтелдерді, ал кейде тарихи оқиғалар мен оған қатысушылар туралы орынды айтылған қанатты сӛздерді де қамтиды

Дәстүрлі қоғамдарда білімді немесе тарихи деректерді бір ұрпақтан екіншісіне жеткізіп отыратын ең кӛп тараған амал ауызша дәстүр екені белгілі. Соныменен, қазақ шежіресі Ұлы дала тарихына қатысты тарихи-генеалогиялық білімдердің кешені болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде ол тек қана қазақ халқы емес, біздің өлкемізге шығу тегі қатысты кӛптеген халықтардың тарихының басты қайнар кӛзі. Қазақ шежіресі тек тарихи деректердің кӛзі ғана емес, сонымен бірге әкімшілік-территориялық және саяси құрылымды реттейтін қағида қызметін атқарады. Осы себепті бұл тақырыптың бағыты мемлекет тарихын зерттеуші мамандар үшін аса көңіл бөлуді талап етеді. Қазақстан тарихы ғылымының бүгінгі мүддесі зерттеушілерден қазақ халқының тарихы бойынша негізгі және шешуші дерек кӛзі болып табылатын Шежіреге өте салмақты қарауды талап етеді. Тарихтың мағынасын түсіну және біздің халқымыздың өткен тарихын сараптауға арналған тарихи зерттеулердің құрылымы тарихи-мәдени дәстүрлердің шын мәніндегі бай қазынасы Шежіре деректеріне сүйенуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет