2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы жиынтық бағалауға шолу Ұзақтығы



бет3/7
Дата04.03.2022
өлшемі41,78 Kb.
#134298
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі мен әдебиеті
the-system-of-education-in-the-usa, Большая энциклопедия психологических тестов, 9 сынып БЖБ и ТЖБ
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]


Тарихи ескерткіштер
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Оңтүстік-Қазақстан облысы Түркістан қаласында орналасқан. Оны әлемнің сезігінші кереметі деп тегіннен тегін атамаған. Бұл сарайлар мен ғибадатханалардың кешені орта ғасыр сәулетінің жауһары, ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген. Қожа Ахмет Яссауи (Әзірет Сұлтан) - XII ғасыр ойшылы және түркілік сопылық бағытты дәріптеген ақыны. Біздің заманымызға дейін оның, әлемдегі ең көне түркі тілді кітап саналатын, «Диуани-Хикмет» («Даналық кітабы») атты еңбегі жеткен. Ол 149 діни-философиялық хикмет-өлеңдерден тұрады. Яссауи өзінің сопылық қауымын ұйымдастырған, онда адамдарды еңбекке баулып, қарапайым, миссионерлік өмірге, құлшылық етуге шақырып уағыздар айтылған. 63 жасында дүниеден өткен Мұхаммед Пайғамбардың ( с.ғ.а.) аруағын ардақтаған ол бұл дүниенің жарығын одан асып көруді өзіне артық санап, 63 жасқа толғаннан кейін мешіт жанындағы қылуетке түсіп, сол жерде өмірін жалғастырады. Ақын 1166 немесе 1167 жылдары дүниеден өткен. Оның зираты бірден мұсылман қауымының бас ұрып, тағзым ететін орнына айналды. Оған үш рет бару Меккеге барғанмен тең деп те жатады. Қожа Ахметтің арқасында Яссы қаласы – Түркістан – барша түркі елдерінің рухани орталығына айналды. 233 жылдан кейін, Яссауи жерленген орында ерекше әдемі және үлкен кесене тұрғызылды. Ол бар болғаны он жыл ішінде – өте қысқа мерзімде бой көтерген Бүгінгі таңда жақсы сақталған кіре беріс ғимараттағы жазбада «Бұл киелі орын Алланың сүйікті құлы, әмірші Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған – Алла оның әмірін мәңгілік етсін!» деп жазылған.

1. Яссауи 63 жастан кейінгі өмірін қайда өткізді?



      1. Үйінде

      2. Меккеде

      3. Қылуетте

      4. Медреседе

[1]

  1. Мәтін мазмұнына қатысты мақал-мәтелді табыңыз.

А) Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
В) Өткендерін ескерген - өскендіктің белгісі.

Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі.


С) Ер есімі – ел есінде.
D) Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
[1]

  1. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.

Бүкіл _______________________
Салынған,тұрғызылған _________________________
Дүниедегі ______________________
шаһар ______________________

[2]


  1. Мәтіндегі негізгі және қосымша 3 ақпараттарды ажыратыңыз.



Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

1.

1.

2.

2.

3.

3.

[3]


5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды жазыңыз.
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________ [3]
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып , көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.
[10]
1.Астана – әсем қала тақырыбына эссе жазыңыз.

  1. Кез келген тарихи тұлға туралы эссе жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет