_____________________________________________________________________________
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика» №2 нұсқа
Оқу мақсаты
|
5.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау
5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау
5.4.3.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
|
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, қателерді анықтаңыз, түзетіңіз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қызыл кітап – қауыптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны. 1948 жылы дүние жүзінің ғалымдары халқаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.
«Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге барыс, аққу, бүркіт, бір қазан, тырна, қызыл қасқыр, жабайы қызғалдақ, аңдар мен құстар, өсымдыктер кіреді. Бүгінгі күні қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қос мекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүт қоректілер, өсімдіктер енгізілді.
Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт.
Жойылып кету қаупы бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады.
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу Жабағылы, Барса келмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, БатысАлтай, Алматы, Марқа көл, Ала көл, Қара тау.
1. 3-абзацта не туралы айтылған?
А) жануарлар жайлы кітап шығару туралы
В) жануарлар дүниесі туралы
С) табиғатта аз кездесетін жануарлар туралы
Д) табиғатты қорғау туралы
2. «Қызыл кітапқа» енген жануарды белгілеңіз?
А) арқар
В) бірқазан
С) қызғалдақ
Д) тырна
3. Қай мақал-мәтел мәтіннің идеясына сәйкес келеді?
А) Бұлақ болмаса, өзен болмас еді.
В) Бір тал кессең, он тал ек.
С) Табиғат – тал бесік.
Д) Жердің көркі тал болар, елдің көркі мал болар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |