Білім алушы • Өсімдіктерде заттардың тасымалын қамтамасыз ететін мүшелері, мүшелер жүйесін және олардың құрылысын анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
1-тапсырма Суретте өсімдік сабағының және тамырының көлденең кесіндісі берілген.
(а) Суреттегі құрылымның атауын жазыңыз.
(b) Әр құрылымның құрылысын атқаратын қызметімен байланыстыра отырып, сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− А құрылымының атауын жазады;
− В құрылымының атауын жазады;
− А құрылымының қызметін анықтайды;
− В құрылымының қызметін анықтайды;
− сабақ пен тамырдың құрылымдарының құрылыс ерекшелігін атқаратын қызметімен байланыстыра сипаттайды.
2-тапсырма (а) Суреттен сабақтың құрылымдарын анықтаңыз.
(b) Суреттен тамырдың аймақтарын анықтаңыз.
(с) Тамыр аймақтарының құрылысы оның атқаратын қызметімен байланысын сипаттаңыз.
сабақ тамыр
Дескриптор Білім алушы
− сабақтың құрылымдарын атайды;
− сурет бойынша тамырдың аймақтарын анықтайды; − тамыр аймақтарының қызметін жазады.