2 зертханалық жұмыс. I-VI аналитикалық топтар катиондарының өзіндік реакциялары Жұмыстың мақсаты


Катиондардың аналитикалық классификациясы



бет14/31
Дата11.06.2024
өлшемі140,02 Kb.
#203320
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
катион и анион

Катиондардың аналитикалық классификациясы.


Жүйелі анализде катиондар бірнеше аналитикалық топтарға бөлінетіндігі жоғарыда айтылған.
Топтық және жалпы реактивтердің қасиеттерін басшылыққа ала отырып, аналитикалық химияда катиондардың бірнеше классификациясы /топтауы/ жасалған. Бұл классификациялар бойынша катиондар бірнеше топтарға бөлінген және әр топтың өзіндік топтық реактиві бар.
Аналитикалық катиондар классификацияларының маңыздылары:
1. Күкіртті сутекті
2. Қышқылды-сілтілік
3. Аммиакты-фосфатты
4. Тиоацетатамидті
5. Хроматографиялықтық
Катиондардың аналитикалық классификациясын жасауда жасауда сол катиондардың Д. И. Менделеевтің периодтық таблицасындағы орнын, атом құрылысын, ионның зарядын, радиусын, сыртқы электрон қабатының орналасуын және басқа көптеген қасиеттерін басшылыққа алған. Осы классификациялардың практикада көп қолданытын күкіртті-сутектік және қышқылды-сілтілік классификацияларына тоқталамыз.
Аналитикалық катиондар классификациясының теориялық жағынан ең терең тексерілгені – сульфидтік классификация. Бұл катиондардың классификациясы системалы анализ кезінде катиондардың сульфид, полисульфид аммоний және күкіртті сутек қышқылымен реакцияларына негізделген. Бл классификация бойынша катиондар бес аналитикалық топтарға бөлінеді:
Бірінші аналитикалық топқа NH4⁺, Na⁺, K⁺, Mg²⁺ катиондары жатады. Бұл топтың топтық реактиві жоқ. Екінші аналитикалық топ Ba²⁺, Sr²⁺, Ca²⁺ катиондарынан тұрады. Топтық реактив есебінде карбонат аммоний тұзы пайдаланады. Бұл иондардың карбонат тұздары суда ерімейді.
Үшінші аналитикалық топты Al³⁺, Сr³⁺, Fe²⁺, Fe³⁺, Mn²⁺ және Zn²⁺ иондары құрайды. Бұл топқа периодтық системаның үшінші негізгі топ катиондары мен төртінші топтың ауыспалы валенттілікке ие катиондаоы жатады. Бұл катиондардың сульфидтері мен негіздері суда ерімейді, бірақ қышқылдарда жақсы ериді. Топтық реактив есебінде нейтралды немесе негіздік /сілтілік/ ортада (NH4)2S тұзының ерітіндісі пайдаланады.
Төртінші аналитикалық топтың құрамына периодтық системаның төртінші периодына кіретін элементтер және бесінші , алтыншы периодтың металдары кіреді, яғни Ag⁺, Hg₂²⁺, Hg²⁺, Pb²⁺, Bi³⁺, Cu²⁺, Cd²⁺ катиондары кіреді. Бұл топтың топтық реактиві – күкіртті сутек қышқылы /Н2S/. Бұл реактив тұз қышқылының ерітіндісінен осы топ катиондарын сульфид түрінде тұнбаға түсіреді.
Бесінші аналитикалық топқа полисульфид анионында еритін сульфид түзуші катиондар жатады. Олар Sb³⁺, Sb⁵⁺, Sn⁴⁺, Sn²⁺, As³⁺, As⁵⁺ . Бесінші топ катиондарының төртінші топ катиондарынан айырмашылығы олардың сульфидтері полисульфид және сілті ерітінділерінде, натрий және калий сульфидтерінде жақсы ериді. Топтық реактив есебінде аммоний сульфиді ерітіндісі пайдаланады. Бұл реактив топтың иондары тұз қышқылы ерітіндісінде тұнбаға түсіреді.
Аналитикалық топтың иондарды жүйелі анализ жолымен бөлгенде төменнен жоғары қарай бөледі. Біріншіден бесінші және алтыншы топтың, соңынан бірінші топтың катиондарын бөледі.
Сульфидтік катиондар классификациясының басты реактиві сульфид-ионы, оның улы келетіні белгілі. Оны себепті аналитикалық лабораторияларда өте жақсы істейтін мықты винтилятор мен шкафтар және басқа көптеген құралдармен жабдықтау қажет. Сонымен бірге кйбір иондар сульфид-ионымен әрекеттескенде толық тұнбаға түспеуі және бөлінбеуі, кейбір жағдайларда каллоид ерітінділерін түзеіндігі бұл классификацияның пайдалануын шектейді. Осы себептерді ескере отырып, көп жерде сульфидті классификация орнына катиондардың қышқылды негізді класификациясы пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет