Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау
Құрал-жабдықтар: меншікті кедергісі белгісіз материялдан жасалған өткізгіш сым, тұрақты кернеу көзі, амперметр, вольтметр, штангенциркуль, кілт, сызғыш, жалғастырушы сымдар.
Жұмысты орындауға нұсқаулар :
1.есепті шешіңдер : егер U кернеу кезінде ұзындығы I және диаметрі dөткізгіш арқылы I тоқ өтетін болса, онда оның меншікті кедергісі неге тең болады?
2. 1-суретте бейнеленген электр тізбегін жинастырыңдар және меншікті кедергіні анықтау үшін қажет шамалардың мәнін өлшеңдер . Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
3. Осы жұмыстың басында алынған формуланы пайдалана отырып, өткізгіштің меншікті кедергісін есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |