20 балдық Бронхтық обструкция синдромының этиопатогенезі туралы түсіндіріңіз


Жүрек лықсытуы (шығарылымы) төмендеуінің клиникалық симптоматикасы



бет56/83
Дата31.01.2022
өлшемі3,84 Mb.
#130301
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83
Байланысты:
Ішкі аурулар ЭТАЛОН

1. Жүрек лықсытуы (шығарылымы) төмендеуінің клиникалық симптоматикасы

Симпато-адреналдық жүйенің белсенділену белгілері:


- тері жабындыларының бозаруы;
-  тершеңдік, аяқ-қолдың ылғалдануы жəне мұздауы;
- ми қанайналымының нашарлауынан есі ауытқу белгілерінің үдей түсуі; 
- Морганьи-Адамс-Стокс синдромы;
- артериалдық гипотония (систолалық қысым 90 мм Hg төмен).


2. Күрт дамитын тахикардия

Шамадан тыс жүрек ырғағының жиілеуі коронарлық қанайналымды азайтып, миокард ишемиясын туындатуы мүмкін.




3. Жүректік жеткіліксізік

Солқарыншалық жеткіліксізік дамығанын өкпе ісінуі, ал жарма веналар қысымы жоғарылауы, бауырдың ұлғаюы оңқарыншалық жеткіліксізік дамығанын көрсетеді.


 

4. Көкірек қуысындағы ауырсыну

Кеудедегі ауыру сезімі миокард ишемиясы əсерінен дамыған аритмия, əсіресе тахиаритмия бар екенін білдіреді. Бұл кезде науқас жүрек ырғағын жиілегеніне кейде шағым жасауы да, жасамауы да мүмкін.


 

Тахикардия

Диагностика алгоритмі ЭКГ көрсеткіштеріне негізделеді (QRS комплексінің ені мен реттілігі).

Барлық тахикардияны емдеу бір алгоритмге біріктірілген. Науқаста тахикардия жəне тұрақсыз жағдай анықталғанда ( қауіпті белгілері болғанда, систолалық АҚ 90 мм сынап. бағанасынан аз, қарыншалардың жиырылу жиілігі минутына 150-ден жоғары, жүректік жеткіліксізікпен шоктың басқа белгілері) тез арада кардиоверсия жасау ұсынылады.
 

Егерде науқастың жағдайы бірқалыпты болса, онда ЭКГ 12- жалғама мəліметі бойынша əкетуде (немесе біреуінде) тахикардияны екі вариантқа бөлуге болады: кең жəне тар комплексті QRS. Ары қарай екі варианттың əрқайсысы ретті жəне ретсіз ырғақты тахикардия деп бөлінеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет