20 балдық Бронхтық обструкция синдромының этиопатогенезі туралы түсіндіріңіз



бет33/83
Дата31.01.2022
өлшемі3,84 Mb.
#130301
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83
Байланысты:
Ішкі аурулар ЭТАЛОН
34b19d1237aca971732fd82c032c9779 original.118506, 1
Өкпелік асқынулар:

  • ателектаз- көбіне қақырықтың уақылы бөлінбеуінен және бронхтардың кілегеймен бітелуінен болады;

  • өкпе іріңдігі – әдетте алтын сары стафилококк, клебсиелла, тағы басқа грам-теріс бактериялармен қоздырылған және аспирациялық, ауруханалыө пневмонияларда, алкоголиктерде жиі дамиды;

  • респираторлық дистресс синдромы;

  • плевриттер, плевра эмпиемасы;

  • тыныс шамасыздығы;

  • бронхтық обструкция синдромы.

Өкпеден тыс асқынулар:

  • сепсистік процестер (инфекциялық эндокардит, перитонит, ми абсцесі)

  • инфекциялық-токсикалық шок;

  • уытты энцефалопатия

Инфекциялық тосикалық шок – жедел пневмонияның 10 да байқалады. Бұл жиілеу аса ауыр легионеллалық пневмонияда дамиды. Басты механизмі – улардың әсерінен дамыған жедел тамыр шамасыздығынан веналық қанның қайтарылу көлемінің төмендеуі, микроциркуляцияның бұзылуы, қанның тамыр ішіне шашыраңқы ұюы және метаболизмдік ацидоздың дамуы. Шок интоксикацияның күшею кезінде дамиды, одан бұрын гектикалық қызба мен қалтырау болады. Кейде шок бактерицидтік антибиотиктерді қолдана бастағанда дамиды. Сондықтан дезинтоксикациялық емді неғұрлым ерте бастаған жөн. Шоктың кезінде тамыр жүйесінде қан ағымының бұзылуынан ағзалар перфузиясының жетіспеушілігі туындайды. Шок бактериялық, сиректеу вирустық интоксикацияда дамиды. Емдеу шараларын ұйымдастырғанда шоктық сатысын анықтау қажет.

  • І сатысы қалтыраудан басталады, дене қызуы күрт жоғарылайды, жүрек айну, құсу, іштің өтуі, бастың ауруы, мазасыздану және ентігу пайда болады. АҚ қалыпты, немесе сіл төмен, кейде аз ғана көтерілуі мүмкін.

  • ІІ сатысы тері жамылғыларының бозаруы, акроцианоз, ентікпе, тахикардия, олигурия, артериялық гипотензия байқалады.

  • ІІІ сатысында науқас сопорға немесе комаға түседі; терісі боз және мұздай, АҚ төмен немесе анықтауға келмейді, олигурия немесе анурия болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет