tl-blmne-krspe 11 lecture



Pdf көрінісі
Дата22.02.2024
өлшемі227,16 Kb.
#200158
Байланысты:
tl-blmne-krspe 11 lecture



11-дәріс
ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ
5-тарау. Тіл және қоғам
Тіл және қоғам. 1-бөлім
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
5. Тіл және қоғам
11. Тіл және қоғам. 1-бөлім
2
Жеке адамдар секілді адамдар тобы да бір тілде түрліше сөйлейді. Бостондықтардың, 
Нью-Йорк тұрғындары мен техастықтардың, Чикагодағы қара нәсілділер мен Денвердегі ақ 
нәсілділердің және Альбукеркедегі испандардың ағылшыншасы бір-біріне ұқсамайды. Топ 
адамдардың тілінде өзгешеліктер жүйелі түрде болып тұрса, бұл олардың белгілі бір тілдің 
диалектісінде сөйлейтінін білдіреді. Демек, диалект дегеніміз – өзара түсінікті болып келетін 
және бір-бірінен жүйелі түрде ерекшеленетін тілдік форма. Әрбір жеке адам бір идиодиалектіде 
сөйлейтіні сияқты, кез келген тілде сөйлейтін әрбір адам, мейлі ол кедей не бай болсын, туған 
жері мен нәсіліне қарамастан, кемінде бір диалектіде сөйлейді. Диалект тілдің төменгі немесе 
жоғалып бара жатқан формасы емес. Себебі логикалық тұрғыдан алып қарар болсақ, тілдің өзі 
диалектілерден құралады.
Екі қауымдастықтың тіліндегі ерекшеліктер екі диалектіні әлде екі тілді білдіре ме де-
генді дөп басып айту оңай емес. Осыған байланысты мынандай анықтама қолданылады: 
диалектілерді өзара түсіну мүмкін болмаған жағдайда яғни, бір диалектіде сөйлейтін спикерлер 
екінші диалектіде сөйлейтіндерді түсінбесе, бұл диалектілер түрлі тілдерге айналады. Алайда 
бұл анықтама саяси және әлеуметтік тұрғыдан анықталатын тілді ресми түрде қабылдау 
ережесімен сәйкес келмейді. Мысалы, дат тілінде сөйлейтін даниялықтар, норвег тілінде 
сөйлейтін норвегиялықтар және швед тілінде сөйлейтін швециялықтар бір-бірімен еркін 
сөйлесе алады. Алайда бұл тілдердің әртүрлі елдерде қолданылатынына және олардың 
грамматикасындағы нақты ерекшеліктерге байланысты үш тілді ресми түрде жеке тілдер деп 
танимыз. Сол сияқты, Пәкістан мен Үндістанда қолданылатын хинди және урду тілдері өте ұқсас 
болғанымен, олардың арасындағы айырмашылық америкалық ағылшын тілі мен аустриялық 
ағылшын тілі арасындағы айырмашылықтан көп емес.
Жазу жүйесі әркелкі болғандықтан, олар әртүрлі тілде сөйлейді деген ұғым туындайды.
Бұрынғы Югославия халқының көбі сөйлеген серб-хорват тіліне қатысты болған жағдай қандай 
да бір сөйлеу мәнеріне байланысты кез келген тілді диалект немесе тіл деп анықтауға мүмкіндік 
беретін факторларды анықтап берді. Хорваттықтар латын қарпін, сербтер кириллицаны 
қолданғанымен, лингвистикалық көзқарас тұрғысынан серб-хорват тілі славян тілдер тобына 
жатады: ауызекі тілде бұл тілдердің арасындағы айырмашылықтарды түсінуге болады, сондай-
ақ, бір сөздің түрліше аталуы америкалық және британдық ағылшын тілдері сияқты ондағы бір 
ғана ерекшелік. Алайда әлеуметтік-саяси көзқарас тұрғысынан алып қарар болсақ, 1990 жылы 
Югославия ыдырағаннан кейін серб-хорват тілі де екіге бөлініп кетті. Бірнеше жылға созылған 
қақтығыстан кейін қазір екі бөлек тәуелсіз мемлекет болып саналатын бұл елдер өздерінің 
әртүрлі диалектіде емес, әртүрлі тілде сөйлейтінін жариялады.
Тағы бір айта кетер жайт, Қытайдағы лингвистикалық тұрғыдан бір-бірінен алыс мандарин 
және кантон сияқты тілдерде спикерлер бір-бірін түсінбегенімен, бұқаралық ақпарат құрал-
дарында немесе басқа жағдайларда оларды қытай тілінің диалектісі ретінде қабылдайды. 
Өйткені олардың жазу жүйесі ортақ болғандықтан, барлығы оқи алады және бұл тілдер 
бір мемлекет аумағында қолданылады. Тек лингвистикалық тұрғыдан ғана диалектілер 
мен тілдердің ара-жігін айырып көрсету оңай шаруа емес. Диалектілер мен тілдер сол тіл-
дерде спикерлердің қолданатын грамматикасы мен лексикасын қамтиды. Мысалы, бір-бірі-
нен грамматикасы жиырма ереже арқылы ерекшеленетіндерді тілдер деп, одан аздарын 
диалектілер деп айту ақылға қонбас еді. Неге он немесе отыз ереже емес? Шындығында, 
диалектілер арасында тайға таңба басқандай ерекше бір айырмашылық жоқ. Керісінше, 
диалектілер бір-бірімен бірігіп, диалектік континуум құрайды. 
Тілдердің өзара түсінікті болуы да, грамматикалық айырмашылықтар деңгейі де, тіпті, саяси 
немесе әлеуметтік шегаралардың болуы да шешуші рөл атқармайтындықтан, тіл мен диалект 
арасындағы айырмашылықты нақты атап көрсету мүмкін емес. Алайда біз қарадүрсін әдіске 
сала отырып, тілдік диалектіні жүйелі ерекшелікке тән болып келетін және өзара түсініле беретін 
лингвистикалық жүйе деп анықтаймыз. Бұл өзгерістер белгілі бір географиялық өңірде немесе 
бір әлеуметтік топта басталып, ақырындап басқа топтарға таралады, сондай-ақ, бұл өзгерістер 
бірнеше буын өкілдеріне дейін жалғасуы мүмкін. Белгілі бір өңірде немесе топта пайда болған 
тілдік өзгерістер одан әрі тарамай, сол жерде қалса, диалектілік ерекшеліктер болады. Белгілі 
бір тілде спикерлер ұдайы қарым-қатынасқа енсе, лингвистикалық ерекшеліктер ары қарай 


3
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
5. Тіл және қоғам
11. Тіл және қоғам. 1-бөлім
таралып, балаларға дейін жетеді. Алайда қарым-қатынас кезіндегі қандай да бір кедергі, мейлі 
ол мұхит не тау жоталары сияқты физикалық кедергі болсын, мейлі саяси, нәсілдік, таптық, 
танымдық не діни әлеуметтік кедергі болсын, тілдік топтарды бөлген жағдайда лингвистикалық 
өзгерістер тез тарай қоймайды, ал топтар арасындағы айырмашылықтар күшейіп, саны жағынан 
өсе түседі. Демек, диалектілік теңесу дегеніміз – диалектілер арасындағы ұқсастықтың көп 
болып, айырмашылықтың аз болуы. Мұндайда диалектілік теңесу адамдардың басқа елге 
саяхаттау мүмкіндігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының нәтижесінде пайда болады деген 
жаңсақ пікір қалыптаспауы керек. Ұлттық радио мен телеарнада бірнеше негізгі диалект 
қана қолданылғанымен, Ұлыбританиядағы түрлі диалектілер әлі де сақталып қалған. Әртүрлі 
топтардың өз ерекшелігі мен топтық бірегейлігін сақтауға тырысуының нәтижесінде қалалық 
жерлерде диалектілердің көбею процесі байқалуда.
Әртүрлі лингвистикалық ерекшеліктер белгілі бір географиялық өңірде топтасқан жағдайда 
ауызекі тіл белгілі бір қасиетке ие болады. Мұндайда тілдің әр нұсқасын өңірлік диалект деп 
атайды. Америка Құрама Штаттарындағы диалектілік айырмашылықтардың көбі географиялық 
ортаға байланысты. Америкалық ағылшын тіліндегі өңірлік диалектілердің көбі XVII және XVIII 
ғасырларда Солтүстік Америкаға қоныс тепкен адамдардан басталады. Олар Англияның әртүрлі 
аймақтарынан келді және сол кездің өзінде-ақ түрлі ағылшын диалектілерінде сөйлейтін. 
Сөйтіп, олардың тілдеріндегі айырмашылықтар Американың алғашқы он үш отарына тарап 
кетті.
Америка төңкерісі кезінде Британияның отар елдерінде негізгі үш диалектілік өңір болды: 
Нью-Ингленд пен Гудзон өзені маңайында қолданылған солтүстік диалект, Пенсильвания- 
да қолданылған орталық және оңтүстік диалектілер. Бұлар бір-бірінен ғана емес, Англияда 
сөйлейтін ағылшын тілінен түбегейлі өзгеше болды. Британдық ағылшын тілінде болған кейбір 
өзгерістер отарларға тараса, кейбірі тұрғылықты жерден аспай қалып қойды.
Диалектілердің дамуы АҚШ аймақтарында р дыбысы бар сөздердің айтылу ерекшелігіне 
қарай анықталады. XVIII ғасырдың басында Англияның оңтүстігіндегі британдықтар дауыссыз 
дыбыстардың алдындағы және сөздің соңындағы р дыбысын қолданбайтын еді.Farm, farther, 
father сияқты сөздерді [fa:m], [fa:ð
ǝ
] және [fa:ð
ǝ
] деп айта бастады. XVIII ғасырдың соңында р 
дыбысын қолданбау Нью-Ингленд пен Атлант мұхиты жағалауына алғаш қоныстанушылардың 
арасына кеңінен тарады. Нью-Ингленд отарлары мен Лондон арасында тығыз сауда байланысы 
орнап, оңтүстік халқы білім алу үшін балаларын Англияға жібере бастады, ал бұл р дыбысының 
сөзден түсіп қалуын бұрынғыдан бетер нығайта түсті. Бостондағы, Нью-Йорк пен Саваннадағы 
диалектілер әлі күнге дейін осы ережеге бағынады яғни, р дыбысын сөзде көп қолданбайды. 
Кейінгі қоныстанушылар р дыбысы сөзде қатаң сақталатын солтүстік Англиядан келген еді; 
шегара батысқа қарай ойысқан сайын р да солармен бірге сөзде кеңінен қолданыла бастады. 
Үш диалектіде қатынас жасайтын алғашқы қоныстанушылар да батысқа қарай бет түзеді. 
Әркелкі диалектіде сөйлеуі олардың арасындағы көптеген айырмашылықты жойып, соның 
нәтижесінде орталық-батыстың көптеген штаттары мен Батыстың ағылшын тілі ұқсастыққа 
ие болды.
Өңірлік фонологиялық немесе фонетикалық айырмашылықтарды түрлі акценттер деп 
атайды. Демек, спикер бостондық я бруклиндік болуы немесе орталық-батыс, оңтүстік яки
ирландық акцентте сөйлеуі мүмкін. Олай болса, акцент дегеніміз – спикердің диалектісі туралы 
ақпарат беріп, оның қай елдің қай қаласында туып-өскені немесе ол жататын әлеуметтік 
лингвистикалық топ жөнінде мәлімет беретін сөйлеу ерекшелігі. АҚШ-та адамға британдық 
немесе аустралиялық акцентпен сөйлейді деп сипаттама берсе, британдықтар адамның 
америкалық акцентпен сөйлеп тұрғанын еш қиындықсыз байқай алады.
Акцент термині қандай да бір тілді екінші тіл ретінде қолданатындарға қатысты да айты-
лады.Мысалы, ағылшынша сөйлейтін французда француз акценті болады. Мұндай жағдайда 
акцент адамның ана тіліне байланысты туындаған фонологиялық айырмашылықтарға
байланысты орын алады. Өңірлік диалектінің ерекшелігі сол, мұндай шетелдік акценттер тіл 
үйренген ортаның айырмашылықтарын білдірмейді. Р дыбысының сөзде түсіп қалуы мен 
басқа да диалектілердің болуы – америкалық ағылшын тілінің диалектілері арасындағы көп-
теген фонологиялық ерекшеліктің бір ғана көрінісі. 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
5. Тіл және қоғам
11. Тіл және қоғам. 1-бөлім
4
Айтып өткеніміздей, кейбір адамдар caught сөзін 
ɔ 
дауысты дыбысы арқылы [k
ɔ
t] деп 
айтса, cot сөзін 
ɒ
дыбысы арқылы [k
ɒ
t] деп оқиды. Ал кейбірі екі сөзді де [k
ɒ
t] деп айтады. 
Сондай-ақ кейбір адамдар үшін Mary, merry, marry сөздерінің айтылуы бірдей болса, кейбірі үш 
сөзді үш бөлек айтады: [meri], [m
ɛ
ri] және [mæri]. Ал кейбірі үшін олардың тек екеуі ғана бірдей 
айтылады. Оңтүстік пен солтүстік, шығыста pajamas сөзі [p
ǝʤȃ
m
ǝ
z] деп жуан [a] дыбысымен 
айтылса, орталық өңірлерде оны жіңішке [æ] дыбысының көмегімен 
[pǝdʒǣmǝz]
деп оқиды. 
Көптеген америкалық ағылшын тілінде сөйлеушілер үшін pin және pen сөздерінің айтылуында 
еш айырмашылық жоқ болса, кей адамдар біріншісін [pĩn], екіншісін 
[pɛn] 
деп оқиды. Британдық 
ағылшын тілінің айтылуы америкалық ағылшын тілі диалектілерінің айтылуынан мүлдем 
өзгеше болып келеді. 
Интернет арқылы америкалықтар мен британдықтар арасында жүргізген сауалнамада 
luxury сөзінің ортасындағы дауыссыздарды америкалықтардың 48%-ы қатаң дыбыс ретінде
[lʌĸʃǝri] 
деп оқыса, британдықтардың 96%-ы ұяң дауыссыздың көмегімен 
[lʌgʒǝri] 
деп оқыған. 
Америкалықтардың 64%-ы data сөзіндегі бірінші дауысты дыбысты [е] деп, 35%-ы [æ] деп оқыса, 
британдықтардың 92%-ы [е] дыбысы арқылы, тек 2%-ы ғана [æ] дыбысы арқылы оқыған. Ең 
басты айырмашылық негізгі екпінді қолдану кезінде байқалды: Cigarette, applicable, formidable, 
laboratory сияқты сөздерде америкалықтар екпінді бірінші буынға түсірсе, британдықтар екінші 
немесе үшінші буынға қойған.
Ұлыбританияда да бірқатар өңірлік диалект бар. Кейбір америкалық диалектілердің пайда 
болғанындай, британдық ағылшын тілінің Батыс жақ және Шығыс Англия, сондай-ақ, Йоркшир 
диалектісі сияқты көптеген өңірлік диалектілер Лондонда қолданылатын «стандарттаудан» 
бастау алмайды. Олар ХІ ғасыр кезінде лондондық ағылшын тілімен қатар қолданылған түрлі 
диалект нұсқалары болып саналады. Ағылшын тілі – дүниежүзінде кеңінен таралған тіл. Бұл – 
Америка Құрама Штаттары, Канаданың көптеген жері, Британ аралдары, Аустралия және Жаңа 
Зеландия сияқты бірнеше елдің мемлекеттік тілі. 
Көп жыл бойы ағылшын тілі Британияның отары болған Үндістан, Нигерия, Гана, Кения 
сияқты елдермен қатар, Африканың «англофондық» елдерінің де ресми тілі болды. Әлем 
бойынша қолданылатын ағылшынның әртүрлі диалектісінде көптеген фонологиялық ерекшелік 
бар. Өңірлік диалект заттың атауында ғана емес, фонологияда да байқалуы мүмкін. Белгілі 
диалектолог Ханс Курат «Біз бұны қалай атаймыз?» деген мақаласында мынадай сұрақ қояды:
Do you call it a pail or a bucket (қаз.: шелек)? Do you draw water from a faucet or from a spigot 
(қаз.: судың шүмегі)? Do you pull down the blinds, the shades, or the curtains when it gets dark (қаз.: 
терезенің пердесі)? Do you wheel the baby, or do you ride it or roll it (қаз.: баланы құндақтау)? In a 
baby carriage, a buggy, a coach, or a cab (қаз.: бесік; арба)?
Англияда бірінші қабатқа, біздіңше екінші қабатқа лифтімен көтерілсе, АҚШ-та элеватормен 
көтеріледі; Лондонда бензин petrol, АҚШ-та gas деп аталады; Британияда «public school» дегеніміз 
– жекеменшік мектеп, сіз оған ақша төлейсіз; егер оқушы мектепке шалбардың (британ.: 
trousers; амер.: pants) орнына шолақ шалбар (британ.: pants; амер.: underpants) киіп келсе, оны 
дұрыс киініп келуі үшін үйіне қайтарады. Бостонда tonic деп аталатын сергітетін сусынды Лос-
Анжелесте soda немесе soda-pop деп атаса, вафли стақандағы балмұздақ Бостонда jimmies, 
Нью Йоркте sprinkles деп аталады. Автомагистраль Лос-Анжелесте freeway, Нью-Йоркте thruway, 
Нью-Джерсиде parkway, Англияда motorway, басқа диалектілерде expressway немесе turnpike 
деген атауға ие.
Диалектілер синтаксистік құрылымы арқылы да ерекшеленеді. 
Көптеген америкалық диалектіде сөйлем құрау жолдары төмендегідей болып келеді:
1. John will eat and Mary will eat. John and Mary will eat. 
Оңтүстік Миссуридегі Озарк диалектісі келесі құрылымды да қолданады:
2. John will eat and Mary will eat. John will eat and Mary. 
Will eat етістікті тіркесі 1-сөйлемнің бірінші жартысынан, ал 2-сөйлемнің екінші жартысынан 
алынып тасталған. Көптеген ағылшын диалектілерінде етістік тіркесін сөйлемнің тек бірінші 
жартысынан ғана алып тастауға болады. Олар үшін John will eat and Mary will eat сөйлемі грам-
матикалық тұрғыдан қате. 


5
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
5. Тіл және қоғам
11. Тіл және қоғам. 1-бөлім
Озарк диалектісінің ерекшелігі – онда тіркесті сөйлемнің екінші жартысынан алып тастауға 
болады. Кейбір америкалық диалектілерде «Олар ерте келсін» дегенді Have them come early! 
десе, кейбірі Have them to come early! деп айтады. Кейінгі диалектіде спикерлер екі модальды 
көмекші етістікті қоса айта береді. Мысалы, олар үшін He might could do it; You might should go 
home сөйлемдері грамматикалық тұрғыдан қате болып есептелмейді. 
Ағылшын тілінің көптеген диалектісінде бір ғана модальды етістік қолданылады. Сөйлемде 
екі модальды етістік қолданатын кейбір диалектілерде екі толықтауыш та (I caught me a fish), 
созылмалы нақты осы шақтың алдында «а» префиксі (He came a-running) де қолданыла 
береді. Бірқатар осындай ерекшелік өңірлік диалектілерді айырып көрсететін синтаксистік
изоглосса жасауға көмегін тигізеді. Кейбір америкалық ағылшын диалектілерінде I (мен) 
есімдігі басқа диалектілерде қолданылатын Me (мен) есімдігінің орнына қолданыла береді. 
Бұл ерекшелікті морфологиялық ерекшелік деп атауға болады.
Диалект 1 Диалект 2 Қазақша аудармасы
between you and I between you and me екеуміздің арамызда
Won’t he let you Won’t he let you and Ол екеумізге шомылуға
and I swim? me swim? рұқсат бермей ме?
*won’t he let I Ол маған шомылуға
swim? рұқсат бермей ме?
Жұлдызшамен белгіленген, грамматикалық тұрғыдан қате сөйлемнен көріп отырғаны-
мыздай, тек зат есімді тіркес болған жағдайда ғана мұндай сөйлемдерде I есімдігін қолдануға 
болады. Екі диалектіде де Won’t he let me swim сөйлемі грамматикалық тұрғыдан дұрыс. 
1-диалектінің қарқын ала бастауына байланысты мұндай формалар стандарт ағылшын тіліне 
айналып, тіл пуристерінің қарсылығына қарамастан, оны теледидар жүргізушілері, саяси 
қайраткерлер мен университет оқытушылары да қолдана бастады.
Британдық ағылшын тілінде I could have done it (менің қолымнан келер еді) сөйлеміндегі it 
есімдігін алып тастап, I could have done деп қолдану америкалық ағылшын тілінің синтаксистік 
ережелеріне сәйкес келмейді. Сондай-ақ америкалықтардың done it тіркесінсіз жай ғана I could 
have деуі британдық синтаксистік ережеге жат. Осындай айырмашылықтарға қарамастан, 
біз әлі де басқа ағылшын диалектілерінде спикерлерді жақсы түсінеміз. Өңірлік диалектілер 
бір-бірінен айтылуы, сөздік қоры, синтаксистік ережелері арқылы ерекшеленсе де, жалпы 
грамматикамен салыстырғанда аса көп емес.
Лингвист Ханс Курат диалект ерекшеліктері географиялық тұрғыдан белгіленген өңірлердің 
картасы мен диалектілік атласын жасап шығарды. Картаны жасаған диалектологтар бір зат 
үшін әртүрлі атау қолданатын жерлерді картада белгілеген. Мысалы, Dutch cheese яғни, 
голланд ірімшігі термині қолданылатын аумақтар бір-біріне аса жақын емес; басқалары 
smearcase деп атайтын бұл сөзді Dutch cheese ретінде Батыс Виргинияның азғантай жерінде 
ғана қолданады. Осындай карталарда creek сияқты бір сөзді [ĸriĸ] немесе [ĸrıĸ] деп түрліше 
айтатын қалалар да белгіленген. Басқа да лингвистикалық ерекшеліктермен қатар, сөздердің 
әртүрлі мағынада қолданылып, түрліше оқылуы арқылы топтасуының нәтижесіне диалектілік 
аумақтар пайда болады. Осы аумақтарды бір-бірінен айырып көрсету үшін тартылатын 
сызықтарды изоглосса деп атайды. Изоглосса сызығын тарта отырып, бір аумақтан екінші 
аумаққа көшесіз. Кей жағдайда саяси шегаралар немесе өзен, тау жоталары сияқты табиғи 
кедергілер кездескен жағдайда изоглоссалар бір-бірімен қиылысып жатады. Лингвистер 
мұндай топтасуды изоглоссалар шоғыры деп атайды. Көп жағдайда әлеуметтік шегаралар мен 
таптық айырмашылықтар өңірлік диалектілерді анықтайтын физикалық кедергілер сияқты 
өзіндік шектеуге ие. Сол себепті бір тілдің түрлі диалектілері әлеуметтік топтар арасында ғана 
тарайтынына таңдануға болмайды.
Диалектінің түрліше болып келуіне себеп болатын бірқатар әлеуметтік шектеу бар. Ол 
әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне, діни, этникалық және нәсілдік ерекшеліктеріне, туған 
жеріне, тіпті, жынысына да байланысты болуы мүмкін. Әдетте америкалық және британдық 
орта тап өкілдері сөйлеген кезде жұмысшылардан ерекшеленіп тұрады. Бағдатта христиан-
дар, мұсылмандар мен еврейлер араб тілінің түрлі нұсқасында сөйлейді. Үндістанда адамдар 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
5. Тіл және қоғам
11. Тіл және қоғам. 1-бөлім
6
өздеріне қарасты әлеуметтік касталарға байланысты өңірлік стандарт тілдің хинди, гуджарати 
немесе бенгали сияқты түрлі диалектілерін қолданады. Америкада африкалық нәсілділер 
еуропалықтардан, азиаттардан немесе испандықтардан мүлдем басқаша сөйлейді. Сонымен 
қатар ерлер мен әйелдердің де өзіндік сөйлеу ерекшеліктері бар екені жасырын емес.
Барлық тіл диалектілерден құралғанымен, көп адам тілді белгілі бір нормадан бастау 
алатын түрлі диалектілерден тұратын нақты, тұрақты жүйе ретінде қабылдайды. Алайда бұл 
– жалған түсінік және ол кеңінен тарап кеткен. Тіл туралы кітап жазған бір автор 1961 жылы 
жарық көрген Уэбстердің үшінші жаңа халықаралық сөздігінің редакторларын «стандарт, суб-
стандарт, коллоквиал, қарабайыр тіл мен слэнг арасындағы айырмашылықты жойып жіберді», 
– деп кінәлап, оларға «жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс деген ұғымдардың келмеске 
кеткенін» түсіндіруге тырысады.
Прескриптивті грамматистер немесе тіл пуристері саяси көшбасшылар мен ұлттық хабар 
таратушы арналар қолданатын диалектілерді тілдің дұрыс формасы деп есептейді. Бұл 
мектепте ағылшын грамматика сабақтарында оқытылатын диалектілер сияқты оқытылады 
және басымдыққа ие болғысы келетін көптеген диалектімен салыстырғанда тілдің жазба 
түріне жақынырақ. Атақты даниялық лингвист Отто Есперсен: «Біз жақсы жазушылардың 
еңбектерінде қолданылатын тілді жақсы тіл дейміз. Ал тілді жақсы жазатындарды жақсы 
жазушы деп есептейміз. Демек, бұрынғыдан көп асып кете қойған жоқпыз», – деп белгілі бір 
диалект басқаларынан артық деген ойды келемеж етеді. 
Басымдыққа ие немесе беделді диалектіні әдетте стандарт диалект деп атайды. Стандарт 
aмерикалық ағылшын тілі (СААТ) (Standard American English – SAE) – америкалықтардың бәрі 
дерлік сөйлейтін ағылшын диалектісі. Одан «Филадельфиялық диалект», «Чикаголық диалект», 
«Афро-америкалық диалект» және тағы басқа диалектілер бастау алады. 
СААТ дегеніміз – жай бір қағида. Бұл диалектімен ешкім де сөйлемейді; ал біреулер сөйлеп 
жатса да, біз оны білмейміз, өйткені, СААТ-тың әлі де нақты анықтамасы жоқ. 1990 жылы 
оқытушылар мен лингвистер конференция ұйымдастырып, СААТ-тың нақты анықтамасын 
беруге тырысады. Алайда ондағы айтылған тұжырымдар қатысушылардың бәрінің бірдей 
ойынан шыға қоймады. СААТ-ты ұлттық хабар тарату арналарында қолдануға тағы да 
талпыныс жасалғанымен, қазіргі кезде олардың көбі өңірлік диалектілерді яғни, «стандарт» 
деп танылмайтын ағылшын тілі стилін қолданады. Айталық британдық хабар тарату 
корпорациясы (ВВС – British Broadcasting Corporation) бір кездері тек RP (received pronunciation 
– үйренген айтылым) ағылшын тілінде сөйлейтіндерді жұмысқа алғанымен, қазіргі кезде ВВС 
хабарларынан Ирландия, Уэльс, Шотландия және басқа да өңірлік диалектілерді көптеп естуге 
болады. ВВС өзі қолданатын ағылшын тілін «білімді мамандар тілі» деп сипаттайды.
Қандай да бір тілдің стандарт диалектісінің атқаратын әлеуметтік қызметі болады. Оның 
топта қолданылуы адамдардың басын біріктіріп, әртүрлі диалектіде сөйлейтіндер үшін ортақ 
жазу формасын қолдануға мүмкіндік туғызады. Егер бұл қоғамның бай, беделді, құдіретті 
мүшелері сөйлейтін тіл болса, оның жалпы қоғамға тигізер әсері орасан зор. Табысқа жеткісі 
келетін адамдар өз диалектісі болмаса да, олардың диалектісінде сөйлеуге мәжбүр болады. 
1954 жылы британдық ғалым Алан Росс «Қазіргі ағылшын тіліндегі таптық лингвистикалық 
белгілер» атты еңбегін жариялады. Онда ол өзі «U» деп атаған жоғары тап өкілдерін «non-U» 
немесе жоғары тапқа жатпайтын адамдардың сөйлеу ерекшеліктерімен салыстырады.
Қорытындылай келе, Росс жоғары тап өкілдерінің өздеріне тән сөздері мен айтылу 
ерекшеліктері болғанымен, басты ерекшелік олардың төменгі тап өкілдері қолданатын сөз-
дерді қолданбауға тырысуы екенін айтады. Ал төменгі тап өкілдері, керісінше, жоғары тап 
өкілдеріндей сөйлеуге тырысады. Мысалы: «non-U» тобына жататындар сөздерін барынша 
әдемілеп «They’ve a lovely home» деп, «wealthy», «ever so» сияқты сөздерді көптеп қолданса, «U» 
тобындағылар «rich», «very» сөздерін қолданады. «non-U»-лықтар еске түсіруді «recall» десе, 
«U»-лықтар «remember» дейді. «Non-U» тобына жататындардың сөздері гипертүзетулерге толы 
болуымен қатар, олар «дұрыс ағылшын тілі» деген нормадан көп жағдайда ауытқып кетеді. 
Айталық, олар often сөзіндегі [t] дыбысын нормадан ауытқи оқумен қатар between you and I 
сияқты сөйлемдерді көптеп қолданады. Ал U тобына жататындар үшін ол сөздің айтылуы 
[ɔfǝn] 
болуымен қатар between you and me сөйлемі дұрыс деп есептеледі. Ең қызығы, көп жағдайда 


7
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
5. Тіл және қоғам
11. Тіл және қоғам. 1-бөлім
non-U-лықтардың сөздері кеңінен таралып, ол тіптен беделді диалектіге айналуда, сондықтан 
бүгінгі күндері біз often
[ɔftǝn] 
және between you and I/me сияқты сөздер мен тіркестерді 
көптеп кездестіреміз. Дегенмен ешбір диалектіні басқа диалектілер мен тілдерге қарағанда 
экспрессивті, басқа тілдердің әсеріне көп берілмеген, логикалық, күрделі немесе тұрақты деуге 
болмайды. Бұлар жай ғана өзгеше. Нақтырақ айтсақ, диалектілер өздерін қолданушылардың 
санасында орын тепкен әрқилы ережелер жинағын немесе лексикалық бірліктерді білдіреді. 
Олай болса, қандай да бір диалектіні немесе тілді басқаларынан басымырақ не төмен деп 
көрсету – жай ғана әлеуметтік мәселе, оның еш лингвистикалық яки ғылыми негізі жоқ.
«Стандарт пайдаланудың» ешбір тілдік заңға бағына бермейтінін түсіну үшін ертеректе сөз 
болған р дыбысының сөзден түсіп қалуын еске түсіріңіз. Британдық беделді RP акценті car 
(көлік), far (алыс), barn (қора) сияқты сөздерде р дыбысын айтпайды. Сондықтан сөздердің 
айтылуында р дыбысын сақтап қалатын ауылдық диалектілермен салыстырғанда р аз 
қолданылатын диалектілер жақсы деп есептеледі. Алайда Америка Құрама Штаттарының 
солтүстік-шығысында сөзде р дыбысын айтпауды субстандарт деп атайды. Бұрынғы кезде 
сөзде р дыбысын қолданбауды дұрыс деп есептеген болса, АҚШ-та қазіргі кезде керісінше, 
р дыбысын қосып айтатын диалектілер басымдыққа ие. Бұдан біз сөздің бір айтылу түрінің 
екінші түрінен ешқандай да артық немесе кем емес екенін байқаймыз, олардың артық немесе 
кем деп бағалануы тек әлеуметтік факторларға ғана байланысты.
Тіл пуристері кейбір тілдер басқа тілдерден артық немесе қандай да бір тілдік өзгеріс 
тілдің бұзылуына алып келеді деген жалған сенімдер негізінде тілдік немесе диалектілік 
айырмашылықтарға шектеу қойғысы келеді. Саяси бақылау тәсілі ретінде де тілдер мен 
диалектілерге шектеу қойылатын кездер болады. Орыс патшалығы кезінде орыс тілі бір ғана 
заңды тіл болғандықтан, украин, литва, грузин, армян, әзербайжан сияқты Ресей қол астындағы 
басқа да ұлттық топтардың тілдерінде сөйлеуге тыйым салынды.
Луизиананың оңтүстігінде бір кездері каджундық ағылшын мен француз тілдеріне, заң 
жүзінде болмаса да, күнделікті сөйлеуге тыйым салынған. Тіпті беріректе, 2006 жылдың 8 
тамызында Мэри Татвилер «Француздық байланыс» (The French Connection) деп аталатын 
блогында былай деп жазады: «Көпшілік арасында өздерінің лингвистикалық білімдеріне 
шектеу қойылып, мектепте де ана тілдерінде сөйлей алмайтынына француз тілінде сөйлейтін 
көптеген жергілікті тұрғындардың жаны ауырады».
Көп жылдар бойы америкалық үндістердің тілдеріне де резервациядағы федералдық және 
штаттық мектептерде тыйым салынып келді. Фарер аралдарында фарер тілінде сөйлеуге 
болмайтын. 1910–1945 жылдары Жапонияның Кореяны басып алуы кезінде кәріс тілінде 
сөйлеуге тыйым салынды. Тарихқа көз салсақ, көптеген тілдер мен диалектілерге түрлі 
деңгейде шектеу қойылғанына куә боламыз.
«Ресми француз тілін» анықтайтын «ғалымдардан» құралған Француз академиясы
Францияда тілдің бір ғана дұрыс формасы ретінде «стандарт» ұғымын көтерді. Бірнеше жыл 
бұрын бұл академия «Franglais» яғни, ағылшын және француз тілдерін араластыра сөйлеуге 
тыйым салатын заң қабылдады. Мысалы, француз артиклі мен ағылшын сөздерінен құралған 
le parking, le weekend, le hotdog сияқты сөздер. Соған қарамастан француздар мұндай сөздерді 
әлі де қолданып келеді, өйткені, бәрі түсінеді, жарнамаларда пайдаланылады. Демек, сөздің 
дұрыстығынан гөрі бәріне белгілі болуы маңызды. Тек мемлекеттік құжаттарда ғана бұл заң 
қатаң қадағаланады. Бұрын ауылдық жерден келген француздардың француз қоғамына сіңісіп 
кетуі үшін беделді деп саналатын париждік француз тілін үйренуіне тура келетін. Кейіннен, 
нақты айтсақ оншақты жыл бұрын өңірлік автономиялық қозғалыстардың өкілдері мектебінде 
және ресми орындарда өз тілдерін қолдана алу құқығын талап етті. 
Францияның l’Occintanie деп аталатын аймағында ресми тілдік саясатқа қарсылық ретінде 
және мәдениетті жаңғырту қозғалысын қолдау мақсатында белгілі әншілер өңірдің роман тілі 
болып саналатын оңтүстік Франция диалектілерінде ән шырқайды. Әлемнің көптеген жерінде 
ыммен сөйлеуге бір кездері тыйым салынған болатын. Мылқаулар мектебінде оқитын балалар 
қандай да бір қимыл арқылы тілдессе, жазаға тартылатын. Мұндай мектептердің мақсаты – 
балаларға ерін қимылдары арқылы оқып, дыбыс арқылы коммуникацияға ене білуді үйрету 
еді. Мұндай көзқарас тілді ерте кезден бастап үйренуге бөгет болды. Балаларды ымға үйретсе, 
олар ерін қимылы арқылы оқып, дыбыс шығаруды үйрене алмай қалады деген қате түсінік 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Тіл біліміне кіріспе
5. Тіл және қоғам
11. Тіл және қоғам. 1-бөлім
8
еді. Ауызекі тілді үйренгеннен кейін мылқау болып қалатын адамдар өз білімдерінің көмегімен 
ерін қимылын оқып, қарым-қатынасқа ене алады. Алайда ешқашан дыбысты естіп көрмеген 
адамдар үшін бұл аса қиын. Тағы бір айта кетер жайт, ерін қимылын жақсы айыра алатындардың 
өзі ауызша тілде қолданылған дыбыстардың үштен бірін ғана түсіне алады. 
Спикердің ерін қозғалысына қарап, оның lid немесе led деп айтқанын ажыратып көріңіз. 
Теледидардың дыбысын өшіріп, оны таспаға жазып алып, қайта тыңдасаңыз да немесе онда 
не айтылатынын жақсы білсеңіз де, болып жатқан хабардың қанша пайызын түсінгеніңізді 
байқап көріңіз. Біраз уақыт бұрын АҚШ-та Конституцияға қосымша енгізіп, ағылшын тілін 
ресми тіл ретінде жариялау қозғалысы басталған еді.
«Ресми ағылшын» бастамасын 1986 жылы Калифорния, 1988 жылы Колорадо, Флорида, 
Аризона, 1990 жылы Алабама сайлаушылары мақұлдады. Мұндай іс-шараларды он жеті 
штаттың заң шығарушы органдары қолдады. Осындай лингвистикалық шовинизмге аз 
топтардың құқығын қолдаушылар қарсы шығып, мұндай әрекеттер ағылшынша сөйлей 
алмайтын көптеген адамның дауыс беруіне, өздері салық төлеп отырған мемлекеттік мек-
тептерде білім алуына залалын тигізетінін айтты. Сәтін салғанда, қазіргі кезде бұл қозғалыс 
бұрынғы қарқынын жоғалтқан еді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет