2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы


Пән бойынша оқыту бағдарламасы – SYLLABUS



бет3/134
Дата05.02.2022
өлшемі1,57 Mb.
#14385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – SYLLABUS

2.1. Құрастырушылар:
Мамыров Азамат Ыбырайұлы – қазақ филологиясы кафедрасының
оқытушысы, ф.ғ.к., доцент.
Сұлтанғалиева Рита Бекжанқызы – қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, филол.ғ.к.

Қазақ филологиясы кафедрасы №4 ғимараттың 4-қабаты, 409-бөлме



    1. «Қазақ әдебиетінің тарихы (1917-1940)»

Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 3 кредит сағат саны, әр кредит сағат саны (2 дәріс, 1 практика) екі байланыс сағаттан және 3 сағат СӨЖ және 3 ОЖСӨЖ тұрады.
Аптаға кредит – сағат санының бөлінуі


Сабақ

Өткізу уақыты

Сабақ

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты
1
(дәріс)

50 минут



ОЖСӨЖ+СӨЖ

50 минут+
50 минут



Байланыс сағаты 2
(дәріс)

50 минут

ОЖСӨЖ+СӨЖ

50+50 минут

Байланыс сағаты 3
(практикалық сабақ)

50 минут

ОЖСӨЖ+СӨЖ

50+50 минут

Оқу жоспарынан көшірме




Курс

Семестр

Кредит

Дәріс

Семинар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлы
ғы

Бақы
лау түрі

ІІІ

6

3

30

15

45

45

135

емтихан


2.3 Пән бойынша мағлұмат: “Қазақ әдебиетінің тарихы (1917-1940)” атты теориялық курс филология факультетінің “ Филология ” мамандықтары бойынша білім алатын ІІІ курс студентеріне оқытылады. “Қазақ әдебиетінің тарихы (1917-1940)” пәні аясында студенттерге, болашақ филилог мамандарға аталмыш кезеңдегі ұлттық әдебиеттің, көркемдік - эстетикалық ой-сана дамуының жайынан мәлімет беріледі. Атап айтқанда, осы тұста қазақ әдебиеті тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік жағынан айырықша ілгерілеу процесін бастан кешірді. Әдебиеттің барлық жанрларында жаңашыл сипаттағы тың тыңысты шығармалар өмірге келді. Аса талатты қаламгерлер шоғыры бой көрсетті. Бұл кезең әдебиетіне ұлы Абай іргетасын қалаған реалистік әдебиет дәстүрі басты негіз болды. “Қазақ әдебиетінің тарихы (1917-1940)” атты пән қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тұтас тарихын қамтитын жалпы теориялық курстың құрамдас бір бөлігі болып табылады. Ол филология мамандығы бойынша білім алатын студенттерге “ ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті ” курсынан кейін оқытылады. Өтілетін теориялық курс ауқымында осынау тарихи кезеңдегі қазақ даласында қалыптасқан саяси және қоғамдық ахуал жағдайындағы әлеуметтік, мәдени процестер, қазақ халқының рухани өміріндегі әр салалы өзгерістер, ұлттық исөз өнерінің дәстүрлі негізде және жаңа үрдісте алға басуында түрткі болған жағдайлар, ең бастысы аталмыш дәуірдегі көркем әдебиеттің өзінің алдындағы дәстүрлі үрдістерді негізге ала отырып, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы сөз болады.
Курс мақсаты: Бұл пәнді оқытудың мақсаты ХХ ғасырдың 1917-40 жылдардағы әдебиеттің күрделілігімен тығыз байланысты болып келеді. Ендеше ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын терең оқып үйрену – филология бөлімінің студенттері үшін аса маңызды саланың бірі. Өйткені бұл кезең бұрынғы әдебиет пен бүгінгі әдебиеттің арасындағы алтын көпір іспетті. Осы кезең тұсындағы әдеби бағыттар мен оның көрнекті өкілдерінің шығармашылық ізденістері өткен әдебиеттің жеткен жетістіктері мен болашақ әдебиеттің биік деңгейінің болмыс - бітімін айқындайды. ХХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси өзгерістер әсерінен нәр алған қазақ әдебиетіндегі идеялық-көркемдік ізденістер ұлттық әдебиеттің даму барысын жүйелеуге негіз болады. Бірақ қазан төңкерісінен кейін орныққан саяси-идеологиялық билік қазақ әдебиетінің даму үрдісін басқа арнаға бұрып жіберді. Міне, осының себеп салдарын ашу ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының кеңестік алғашқы кезеңінің табиғатын терең танып - білуге септігін тигізеді.
Курс міндеті:

  • ХХ ғасыр әдебиетінің кеңестік алғашқы кезеңінің тарихы, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ұлт ой-санасын оятудағы міндетін айқындау.

  • ХХ ғасыр басындағы әдебиетпен байланысын, дәстүрлі әдебиет үлгісін дамыту мен өзіндік ізденістерден туған жаңашылдықтың белгілерін тану.

  • ХХ ғасырдың 1917-40 жылдардағы әдебиеттегі ірі әдеби тұлғалардың роматизм мен реалистік әдіс-тәсілдерді қатар ала жүріп, өмір шындығын ашудағы өзіндік қолтаңбасын бағамдау.

  • Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін нақтылап, белгілі өкілдерінің шығармашылығы арқылы творчестволық жетістіктер мен кемшіліктерді саралау.

  • ХХ ғасырдыі 1917-40 жылдардағы жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің мән-маңызын ашу.

  • 1917-1940 жылдардағы аударма саласындағы қол жеткен жетістіктерді саралау.

  • 1917-1940 жылдардағы әдебиеттің өркендеуіне негіз салға қоғамдық-санаткерлік, көсемсөздік міндеттердің нәтижелерінің салыстырмалы түрде қарастыру.

  • Бұрын қарастырылмай, немесе біржақты қарастырылып келген әдебиеттің айтулы тұлғаларының шығармашылығын бүгіңгі көзқарас тұрғысынан бағалау.

  • 1917-1940 жылдардағы әдебиетке азаттық сарын, азаматтық рух алып келген ақын-жазушылар шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі асыл арналарын жүйелеу.

  • Кеңестік әдебиеттің алғашқы кезеңіндегі әдебиетке кері әсер еткен тапшылдық идеология мен кейбір теориялық тұжырымдардың кемшілігін ашып көрсету.

Пререквизиттер: 1917-1940 жылдардағы қазақ әдебиеті пәнін оқып үйренудегі қажетті алғы пәндер: халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір, хандық дәуір, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті болып табылады. Осы пәндерден дәріс тыңдаған студенттер ХХ ғасырдыі 1917-1940 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі дамудың дәйекті өзгерістерін түсінуге толық мүмкіндік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет