Оқу пәнінің мазмұны. ХХ ғасырдың 60-90 ж.ж. қазақ әдебиеті туралы түсінік, мәтіндерді салыстыру, проза, поэзия, драматургия үлгілеріне текстологиялық талдау жасалады.
Оқыту әдістемесі: Сабақты мұғалімнің жанды сөзімен түсіндіруі қадағаланады. Сұрақ-жауап, әңгімелеу, пікір таластыру сағатында арнайы тапсырмалар беріледі. Бүкіл ақпараттық білім мұғалімнің жетекшілігімен іске асады. Студенттердің өз бетінше ізденісі университеттің немесе қалалық, облыстық ғылыми көпшілік кітапханаларында бар кітап қорынан алынып жабдықталады.
Электрондық яки интернет арқылы жинақталған білім көздері мұғалімнің нақты нұсқауымен анық бағыттар арқылы беріледі.
Пән өтетін семестрде 2 рет рейтинг өткізіледі. Рейтингтік балл тестілеу немесе жазбаша шығармашылық жұмыстар арқылы қойылады. Әрбір семинар сабағы ауызша жауап немесе өзіндік жұмыстың әр түрлі тапсырмалары арқылы жүзеге асырылады.